Сабақты қорыту.
Уақыт бірліктерін атау. (Сағат, апта, минут, секунд, тәулік, ай, жыл, мүшел, ғасыр).
19-сабақ. Сабақтың тақырыбы:Санды және әріпті өрнектер
Сабақтың мақсаты: а) санды және әріпті өрнектер құру, оқу, салыстыру, мәнін табу мәселелерін пысықтау .
б) Басқа жазулардан өрнектерді ажырата білу;өрнектерді мәнді белгісіне қарай топтарға бөлу , санды өрнекті құру, оқу. Санды өрнектің мәнін табу. Тік төртбұрыштың периметрін , жарты периметрін табуға, есептер шығаруға өрнектер қатысы. Бірнеше амалдар араласып келетін санды өрнектерді амалдар орындалу тәртібі заңдылығына сүйеніп орындау.
білік-дағдыларын дамыту
в) Оуқшылардың есте сақтау, зейін, қисынды ойлау қабілетін тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: топшамалар. кестелер,
Сабақтың барысы. 1. Ұйымдастыру
2. өткенді иысықтау
«Кім жүйрік?» сайысы. Мақсаты: Шамаларды өрнектеуде оқушылардың есептеу шапшаңдығын дамыту
а) Дәптердің бағасы 6тг, ал қаламның бағасы одан 4 есе артық Екеуінің бағасы қанша тұрады?
в) Тәрелкенің бағасы k теңге тұрады. Шәйнек одан 3 есе артық тұрады. Екеуінің бағасы қанша тұрады?
Тапсырма: Екі есептің мәндерін салыстыру. Қай есептің мәнін табу мүмкіндігі бар? Санды және әріпті өрнектердің айырмашылығы мен ұқсастығын оқушылармен талдау.
Сергіту сәті: Ненің бойы отырғанда ұзарады?
Екі қарға қарама-қарсы бағытқа қарап отыр. Бірақ бір-бірін көріп отыр.
Бұл қалай?
Теректе 26 алма өсіп тұр Жел тұрып, үшеуі жерге түсті. Қанша алма қалды?
Оқулықпен жұмыс: №1 жаттығу
Тапсырма: Санды, әріпті және санды теңсіздік пен теңдеуді бөліп жазу:
А+5 45-а=13-9 27> 12:4
72:а=24:3 52-а 75-а=18:9
19<20+9х2 42-15 56+14
Оқуышлармен тапсырманы талдау: Теңдеу дегеніміз не?
Санды өрнектің мәнін табуға бола ма?
Әріпті өрнектің мәнін ше?
Оқушылардың жауабын бағалау.