Әдістемелік көмекші құрал (1 – 4 кластар үшін)



бет37/104
Дата24.11.2023
өлшемі5,81 Mb.
#193323
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   104
Байланысты:
1-4 сыныптарға математика логика арнаулы курсы

8-сабақ. Тақырыбы: Екі таңбалы сандарды қосудың және азайтудың күрделі жағдайлары
Мақсаттары:
Білімділік: Ондықтан аттап жазбаша қосу және азайтуды үйрету және есептеу әдістерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Математикалық ұғымдарды меңгерту: оқушылардың ережелерді ұғынып, шығармашылық ойын дамыту.
Тәрбиелік: Өз әрекетіне саналы көзқарасқа ұжымда өз бетінше жұмыс жасай білуге, есептеу әдістерін күнделікті өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: «Танымдық ойын» сабақ.
Сабақтың өтілу әдістері: сұрақ – жауап, түсіндіру, өзіндік жұмыс, ойын, көрнекілік, «Алтын қақпа» ойын элементтері, тест.
Пәнаралық байланыс: ән, ана тілі, дүниетану.
Сабақтың көрнекілігі: тапсырма жазылған слайдтар, тест, қақпа есіктері, бағалау түрлері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды сабаққа бағыттау.
- Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
Психологиялық дайындық
Амансың ба, күн!
Амансың ба, дос!
Амансың ба, шеңбер әнге қос!
Амансың ба, ғасыр!
Амансың ба, әлем!
Баршаға амандық сәлем!
ІІ. Кіріспе
Балалар, бүгін біз «Алтын қақпа» танымдық ойынына қатысамыз.
«Алтын қақпа» ойынының шартында бірнеше қақпалар берілген. Әр қақпаның тапсырмалары дұрыс орындалған жағдайда қақпадан математикалық керемет нақыл сөздерді оқитын боламыз.
Ендеше, «Алтын қақпа» ойынына қош келдіңдер!
ІІІ. Жаңа сабақ
№1 Ондық бірлік 2 7
2 7 +
3 6

3 6
6 3


№2 Ондық бірлік 6 3
6 3 -
2 7

2 7
3 6


«Мыс қақпа» тапсырмасы
25 62 38 77 36 84
+ - + - + -
37 37 39 39 48 36
Тапсырмалар орындалып, «Мыс қақпа» ашылады. Қақпадан нақыл сөз шығады.
Білімнің тұңғиығы бойлайтұғын,
Тоқысаң жалықтыра қоймайтұғын.
Ғылымдар патшасы боп дараланып,
Математика қызықты тоймайтұғын.
«Темір қақпа» тапсырмасы
Ұзындықтары 5 см, 7 см, 4 см, 6 см кесінділер сыз. Осы кесінділердің қайсыларының айырмасы 2 см болады? Қайсыларының қосындысы 1 дм 1 см болады? Тексер.
АВ == 5 см 1 дм, 1 см == …………
ДС == 7 см 2 см == ………….
ЕК == 4 см
МО == 6 см
«Темір қақпа» ашылады.
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізеді сендерді
Математика сырына.
Сергіту сәті
Оқушылар аналар мерекесіне арнап ән айтады. 2 – 3 оқушы тақпақ айтады.
«Күміс қақпа» тапсырмасы
А) Ш: Домбыра тартты – 3 Ә) Ән салды -7
Ән салды – 7 Б) Би биледі – 6
Би биледі – 6
Ш: 3+7+6==16 Ш: 7+6==13
Ж: Барлығы – 16 адам Ж: Барлығы – 13немере
«Күміс қақпа» ашылады.
Есептерге жүйрік болсаң жасыңнан
Математикаға орын берсең басыңнан.
Барлық ғылым саған үйір болады
Досың болар табылатын қасыңнан.
«Алтын қақпа» тапсырмасы
«Ойлан, тап!»
А) 7+6==13 және 2+3==5 теңдіктерін пайдаоанып, қандай екі таңбалы екі санды қосуға болады?
Осындай қосынды жаз.
73 37 36
+ + +
26 52 27
Ә) 13-7==6 және 5-2==3 теңдіктерін пайдаланып, қандай екі таңбалы санмен азайту амалын орындауға болады? Осындай айырма жаз.
72 72
- -
65 62
«Алтын сандық» тапсырмасы
Шығармашылық есеп.
5 жыл бұрын Ержан 8 жаста болған. 6 жылдан кейін Ержан неше жаста болады
«Алтын сандықтан» – «Білім – байлық» деген сөз шығады.
Жалынды жастық желкені,
Егеменді елдің ертеңі – Біз боламыз!
Бар байлыққа білімнің негізінде қол жеткіземіз. Ендеше білімді болуға тырысайық!
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
Тест
1. 25 а) 43 ә) 41 б) 42
+18
2. 43 а) 26 ә) 25 б) 27
+18
3. 40 та неше ондық бар?
а) 3 онд ә) 6 онд б) 4 онд
4. 56 да неше ондық, неше бірлік бар?
а) 6 онд 5 бірл
ә) 5 онд 6 бірл
б) 5 онд 5 бірл
5. Таба нан – 8, тоқаш – 12, барлығы – ?
а) 18 ә) 19 б) 20
Ү. Қорытындылау, оқушыларды бағалау
- Көктемде алғашқы шығатын гүлдерді атаңдар.
- Бәйшешек, жауқазын, сарғалдақ.
Ендеше балаларды төмендегіше бағалаймын.
«5» – жауқазын
«4» – бәйшешек
Бәрекелді, балалар!
Бәріңе бестік баға бар.
Азамат боп өсіңдер
Ел қадірін бағалар.
ҮІ. Үйге тапсырма
25 73 39 53
+ - + -
48 48 17 17




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет