2.Екі таңбалы санға бір таңбалы санды қосып, азайтуды басшылыққа ала отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ой-өрістерін арттыру;
3. Есте сақтау қабілеттерін арттыра отырып, шапшаңдыққа, сауатты жазуға, өзара көмекке , ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі:жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, көрнекіліктік.
Көрнекілігі суреттер
Қосымша материалдар: дидактикалық үлестірмелі материалдар
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды сабаққа дайындау.
2. Өткенді бекіту: математикалық диктант - а-ға 6-ны қос; 20-дан а-ны азайт; 2-ге, 4-пен а-ның қосындысын қос
- Қандай өрнектер жаздық? Бұлардың мәнін таба аламыз ба?
- Әріпті өрнектердің мәнін табу үшін не істейміз?
3. Үй тапсырмасын тексеру: парта бойынша тексеріп өту
4. Жаңа сабақ: Тақтамен жұмыс: №1 есеп: берілген тапсырмаларды оқып, талдау жүргізу;
20 – 1 76 – 6 90 – 10 19 + 1 70 + 6 90 + 10
- Бұлар қандай өрнектер? (санды өрнектер) Олардың мәнін бірден таба аламыз ба?
№2 есеп: а – 8 а – 30 а = 38 а + 8 8 + а а = 30
Бұлар қандай өрнектер? Оларды қалай табамыз? (олардың мәнін табу үшін әріптердің орнына қойылатын белгілі бір сан болу керек)
№2 есеп: Өткенді бекітуге арналған тапсырма: (Оқушылар екі топқа бөлініп орындайды. Әр қатар өз тобының есебін шығарады)
5. Өзіндік жұмыс: № 3 есеп: Әр жолдағы сандарды салыстыру; Әр бағандағы сандарды салыстыру
Әр қатардағы сандар бір бірлікке, әр жолдардағы сандар 1 ондыққа артып отырады.
6. Сергіту сәті: «Кел, ойнайық!» (жылжымалы суреттер пайдалану)
Күз мезгілі келіп, қара суық басталыпты. Ормандағы аңдар ауырып қалыпты. Олар дәрігер Айболитке келіпті. Айболит олардың кезекке тұруын өтініпті. Біз аңдардың таласпай кезекке тұруына көмек көрсетейік