Әдістемелік нұсқау н тарму 11/1 01-2018



бет1/3
Дата26.06.2023
өлшемі35,22 Kb.
#179182
  1   2   3
Байланысты:
ЖОО --МӨЖ
4-лекция, 13 билет ресурс кз, Кымбат Метеорология (каз), Оқу бағдарлама Дүние жүз саяси экон.әлеу. геогр - копия, ландшафттану Байсеркеева Л, Каз экон геог кыскаша лекция

Әдістемелік нұсқау

Н ТарМУ 11/1-1.01-2018
1 баспа 05.05.2018








ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


м.х.дулати атындағы тараз мемлекеттік университеті


БЕКІТЕМІН

Кафедра меңгерушісі

______________ К.М.Қарымбаева


/қолы/ /аты-жөні./
«_____»_______________2020ж.



7М02311- Филология:Әдебиеттану мамандығының магистранттары үшін


«ЖОО-да инновациалық технологияларда пайдалану» пәнінен магистранттың өзіндік жұмысын


орындауға арналған




ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Тараз


Әдістемелік нұсқау ЖОО-да инновациалық технологияларда пайдалану пәнінен
7М02311- Филология: Әдебиеттану мамандығының магистранттарына өздік жұмысын орындау үшін пәннің оқу бағдарламасына сәйкес жасалған.

Әдістемелік нұсқауды құрастырушы: К.Ә.Әбдір



Әдістемелік нұсқау «Филология және журналистика» кафедрасының мәжілісінде талқыланды Хаттама №_____ «______»_____________2020__ж.




МАЗМҰНЫ


1. МӨЖ жазудағы талаптар................................................................................................

4

2.МӨЖ текстін жазу тәртібі...............................................................................................

5

3. Магистранттарға берілетін өзіндік жұмыс тақырыптары................................................

6

Әдебиеттер тізімі................................................................................................................

1. МӨЖ жазудағы талаптар

Дайындалған МӨЖ төмендегідей талаптарға сай болу қажет:

  • Тақырып бойынша магистрант терең білімдерді пайдалану қажет.

  • Теория мен практиканың байланыстығы, ғылыми жаңалығы;

  • Материалды әдеби түрде нақты бірізділікпен жазу.







Тақырыпты таңдау, МӨЖ жоспарын құру және әдебиеттермен жұмыс жасау
МӨЖ-бен жұмыс жасау бірнеше кезеңдерден тұрады, соның ішінде бірінші тақырыпты таңдау болып табылады. Магистрант МӨЖ тақырыбын өздігінше немесе оқытушы көмегімен таңдайды. МӨЖ тақырыбы айқын ашылу үшін, тақырып магистрантты қызықтыратындай күрделі әрі актуальды болу қажет. МӨЖ тақырыбы «Филология және журналистика» кафедрасында талқыланып бекітіледі.
Магистрант тақырыпты өз мақсатына сай таңдауы қажет. Магистрант тізімнен басқа тақырыпты ғылыми жетекші көмегімен таңдауға болады. Магистрант тақырыпты нақты таңдау үшін, ең алдымен негізгі және қосымша әдебиеттер, монографиялар және журналдардағы мақалалармен танысу тиісті. Жұмыс барысында МӨЖ жоспарын құру керек.
Магистрант тақырыпқа сәйкес әдебиеттермен таңдағаннан бастап, алғашқы МӨЖ-дің жоспарын құру керек. Магистрант арналған пәннің жұмыс бағдарламасында, практикалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқауларда негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі көрсетіледі. Бірақ бұл МӨЖ жазу үшін жеткіліксіз. Қосыша ақпарат көздерін пайдалану тиісті.
Әдебиеттерді таңдауда қосымша ақпараттардың төрт тобын атауға болады:
ғылыми журналдар ( ғылыми мақалалар, «ТарМУ хабаршысы», және т.б) , «Филология » саласында қорғаған ғалымдардың еңбектері; монографиялар, ғылыми жинақтар, анықтамалар;
мерзімді басылымдар (журналдар, газеттер, мақалалар); жеке өндірістердің құжаттары және ғылыми зерттеу станцияларының жұмыстары және т.б.
Бірінші ақпарат көздерін пайдалануда, тақырыптың мазмұны мен мәселесін ашуға, арнайы ғылыми ақпараттардың тұжырымдаулары мен пайымдауларына көз жеткізеді.
Екінші ақпарат көздерін пайдалануда білімгер «ТарГУ хабаршысы», «Оңтүстік Қазақстанның білім және ғылымы», «Филология» және т.б журнал –газеттердегі ғылыми мақалаларға ізденіс жасайды
Үшінші ақпарат көздерін пайдалануда білімгер, болашақ мамандығына байланысты ғылыми жетекшісінің көмегімен ғылыми жұмыстардың құжаттарын сараптауға мүмкіндік береді.
Әрбір әдеби деректерде өздігінше (монографиялар мен мақалалар) жетістіктер мен қателіктер бар. Монографияларда көбнесе туындаған және бекітілген теориялық тұжырымдамалар жазылады. Онда туындаған ғылыми мәселелерді барлық жағынан терең зерттейді
Бірақ ол ақпараттарда да кемшілік болады, себебі олардың басылып шығуына көп уақыт өтеді де әрі ескіреді Бұл уақытта көптеген ғылыми зерттеулер басылып шығады. Бұл уақытта газет пен журналдарға басылған ғылыми мақалалардың мазмұны да жаңарады.
Әдебиеттерді жинақтауда «Филология және журналистика» кафедрасынан, университет кітапханасынан және басқа да кітапханалардан іздеу тиісті. Оқытушылардың кеңесі мен кітапханашы көмегімен каталогтарды іздеу білімгерге әдебиеттерді дұрыс таңдауға жол береді.
Жоспар МӨЖ-дің негізгі құрамды бөлігі. Сұрақтарды құруда логикалық түрде болу керек. Әрбір сұрақ логикалық түрде бір –бірімен байланысты болу қажет.
Білімгер тақырыптың жоспарын мәселені айқын ашатындай үш-төрт сұрақтан тұратын және әр сұрақта қосымша сұрақтар болуы керек. Жалпы айтқанда, жоспар кіріспеден, негізгі бөлімнен (мазмұны 3-4 сұрақ болу керек), тәжірибе бөлімнен, қорытындыдан тұрады.
Аталған әдеби ақпарат көздерін оқуда қысқаша конспект құру және зерттелінген құжаттарды, мақалаларды жинақтау қажет. Конспектеу кезінде тексті толық оқып және керек жерлерін белгілеп, содан соң бірізділікпен жазу қажет. Мұндай методикалық әдіс оқығанды жақсы түсінуге әрі тексті көшіріп алудан сақтайды. Ең бастысы қажетті деректер мен анықтамалардың практика және теория жүзінде зерттелініп анықталғандығын көрсетеді.
Магистрант материалды өңдеуде көптеген кітаптардың ішінен көп үзіндісін көшіргендіктен кейбір жерлерін өз сөзімен қысқартуға тура келеді.Мұны өздігінше жазу десе болады. Кейбір филологияның терминдері мен анықтамаларын, заңдылықтарын толық жазуға тура келеді. МӨЖ жазу кезінде күрделі ойларды толығымен кезең-кезеңмен жазып көрсетуге болады.
Көшірмені (конспект) жеке парақтарға жасаған дұрыс. Көшірмені қағаздың бір бетіне жазып соңында кітаптың авторын, атауын, шығу баспасын және бетін көрсеткен дұрыс.Мұндай көшірме өте қолайлы, себебі сұрақтар бойынша жинақтауға болады. Мұндай әдіс МӨЖ-ді жазуға әрі ойды жинақтауға жеңілдетеді.
Кестелер мен суреттер МӨЖ-дің мазмұнын ғылыми түрде одан әрі айқындай түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет