Практикалық сабақ №1
Тақырыбы: Биотехнология – ғылыми пән ретінде. Биотехнологияның негізгі бағыттары
Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Биотехнология ғылымының қалыптасу және даму тарихы
Биотехнологияның салалары
Халық шаруашылығындағы биотехнология ғылымының маңызы
Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабақтарда алдын - ала дайындаған дәрісті, силлабусты, интернет ресурс материалдарынан немесе алдыңғы өткен сабақты қайталауға және студенттің білімін, біліктілігін, дағдысын бақылауға бақытталған тапсырмаларды орындауға беріледі. Сабақтың барысында тапсырманы орындау бойынша ауызша түсіндіру жүргізіледі, теориялық материал қайталанады. Қажетті жағдайда, қосымша тапсырмалар беріледі (офлайн, онлайн, универ, ZOOM).
1-тапсырма. «Халық шаруашылығының әр түрлі салалары үшін биотехнологияның маңызы»
Студенттер 5 топқа бөлініп, биотехнологиялық өндірістің халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы маңызын баяндап, түсіндіру:
І топ - Тағам өнеркәсібіндегі биотехнология
ІІ топ – Экологиялық биотехнология
ІІІ топ – Биотехнология және энергетика
ІV топ – Медицинадағы биотехнология
V топ – Ауыл шаруашылығындағы биотехнология
Достарыңызбен бөлісу: |