Әдістемелік ұсыныстар Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) 6-сынып Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 6-сынып білім алушыларына «Қазақ тіліі»



бет5/8
Дата31.12.2021
өлшемі74,12 Kb.
#107157
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
bzhb kazak-tili t1 6-syn
1 этап
Елімнің жүрегі – Астана
Жер бетіндегі әрбір адам өз елінің елордасын мақтан тұтады. Біздің мақтанышымыз – Сарыарқа төсіне қанат жайған шырайлы шаһар. Астанамыз жыл санап көркейіп, гүлденіп, ажарланып келеді. Келбеті де асқақ, айбарлы. Өзге жұрт қызыға, қызғана қарайды. Тамсанып, таңдай қағады.

Астана - бүгін өскелең қала. Кемел де келісімді ойлардың, ізгі ниет пен игі тілеудің қаласы. Есілдің мәрмәр жағалауынан зәулім ғимараттар салуға да, қаланың орталық бөлігінде еуропалық үлгідегі шағын орамдар тұрғызуға да орын жетерлік.


Астана – Қазақ елі болашағының қаласы. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы. Жаңа Астанамыздың құрылысы - жас мемлекетіміздің жасампаздықка ұмтылысының, бүкіл қоғамымыздың жаңаруының ерекше символына айналған құбылыс. Адамзат тарихында астанасын жаңғыртқан мемлекеттер жетерлік . Біз жаңа ғасырға, жаңа мыңжылдыққа өркениетті ұлт ретінде, тарих сахнасына егеменді ел ретінде ендік. Әлемдік қауымдастықтың көшіне жеке керуен болып қосылдық. Тәуелсіздігіміздің айғағындай, елдігіміздің белгісіндей, алтын күндей Елтаңбамызды, желбіреген көк байрағымызды көргенде, әуелеген Әнұранымызды естігенде бойыңды ерекше бір асқақ азаматтық сезім билейді. Бұны көру, сезінудің өзі бір бақыт, маңдайға біткен бақ. Аз уақыттың ішінде көркейіп, түрленіп, тәуелсіздігіміздің түлегі, Отанымыздың жүрегі - Астанамыз да елдігіміздің жаңа беттерін ашқандай, тәуелсіздігімізді әйгілеп тұр. Жастарымызды болашаққа бастайтын бас қаламыз, арман қала - жас қаламыз - өнер, білім мен мәдениеттің, ғылымның ордасына айналуда.

10


  1. «Астана - елімнің жүрегі ме?» деген тақырыпта келісу не келіспеу эссесін жазыңыз. Жазба жұмысыңызда неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қажеттісін қолданыңыз. Эссеңізде мәтіннен іріктелген мысалдарды қолданыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет