Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



бет2/2
Дата31.12.2019
өлшемі246,35 Kb.
1   2

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Қазақ филологиясы кафедрасы
«ХХ-ХХІ ғасыр тоғысындағы батыс әдебиеті» пәнінен 6М011700

«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының магистранттарына арналған пәнді оқыту бойынша




ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАР

Павлодар



Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды; әдістемелік ұсыныстарды; әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18./20






БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

__________ Пфейфер Н.Э.

20__ж. «___»____________


Қ ұрастырушы: _____________ф.ғ.к, доцент Баратова М.Н.


Қазақ филологиясы кафедрасы
«ХХ-ХХІ ғасыр тоғысындағы батыс әдебиеті» пәнінен 6М011700

«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының магистранттарына арналған пәнді оқыту бойынша


әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулықтар

Кафедраның отырысында ұсынылды

20__ж. «___»______№__ Хаттама
Кафедра меңгерушісі _____________ Жүсіпов Н.Қ. 20__ж. «____» ________
ОӘК мақұлданды______________________________________________

«_____»______________20 ж. №____хаттама.


ОӘК төрайымы____________________________ 20__ж. «____» ________
МАҚҰЛДАНДЫ:

ОӘБ бастығы _____________ Н.Е. Жұманқұлова 20__ж. «____» ________
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20__ж. «___»______________ №____ Хаттама


Курс бойынша қамтылатын тақырыптар

1-тақырып. Франция әдебиеті

Сыншыл реализм әдебиетінің ерекшеліктері. Француз өнеріндегі импрессионизм және әдебиетке ықпалы. Француз әдебиетіндегі натурализм мен символизм. Декаданттық әдебиет. Париж коммунасының әдебиеті.

Эжен Потье – француздың пролетарлық поэзиясының өкілі. Пролетарлық революциялық өлеңдері: «Халық», «Бұзылған ескі үй», «1870 жылғы 31 қыркүйек», «Интернационал», «Халық жолы», «Американың жұмысшысы – Францияның жұмысшысына».

2- тақырып. Натурализм бағыты және Эмиль Золя шығармашылығы

Натурализм – 1848 жылғы революциядан кейін пайда болған бағыт. Натурализм эстетикасының негізі – позитивизм пәлсапасы. Золя – натурализм теоретигі. «Экспериментальдық роман», «Романистер - натуралистер», «Театрдағы натурализм» мақалалары. Шынайылық талабы, табиғатқа, шын фактіге адалдық. Типтендірудің реалистік принциптеріне қарсы фактіге ғана табыну. Биологизм. Тұқым қуалаушылық теориясы. Бейнелеудегі документтілік пен дәлдік. Ағайынды Гонкурлардың, Золяның, медандық топ жазушылардың шығармаларындағы натурализм.

Эмиль Золя (1840- 1902). 19 ғасырдағы романтикалық және реалистік өнерді игерген суреткер. «Жерминаль», «Жер», «Тас-талқан» романдары. «Ругон Маккары» (20 томдық романдар сериясы), «Үш қала» трилогия, «Төрт евангелия» (романдар сериясы).

3- тақырып. Сыншыл реализм бағытындағы франция әдебиеті(Ги де Мопассан, Анатоль Франс, Ромен Роллан т.б. )

Сыншыл реализм. Ги де Мопассан (1850-1924). Мопассан- Флобердің шәкірті. Шығармалары: «Тоқаш нан», «Телье орны», «Милон ағатай», «Мадемуазель Фифи» новеллалары, «Өмір», «Қымбатты дос» романдары.

Анатоль Франс (1844-1924). Жазушы шығармашылығының пәлсапалық және эстетикалық негізі. Ағартушылық дәстүрлер. Христиандық догматизмді сынауы. Франстың сатирасы. Шығармалары: «Сильвестер Боннардың қылмысы, «Танс», «Қаздың табандары королевасының асханасы», «Жером Куаньяр мырзаның пайымдаулары», «Қазіргі тарих» романындағы Үшінші Республикадағы буржуазиялық қоғамға сатиралық сын. Профессор Бержери бейнесі. «Кренке Биль» әңгімесіндегі халық өкілі адамының бейнесі. «Пингвиндер аралы» роман-памфлетіндегі қоғамдық –саяси мәселе, жинақтаушылық аллегориялық формалары. «Құдайлар аңсайды» романындағы якобиндік диктатураны бейнелеу.

Ромен Роллан (1866-1944). Әдебиеттегі, мәдениеттегі реализм мен демократия үшін күресуге арналған демократиялық көзқарастары. Музыка танушылық еңбектері.Бетховен туралы алты томдық кітабы. «Бетховен. Ұлы шығармашылық дәуірлер (1927-1945)», «Біздің уақытымыздағы музыканттар», «Өткен уақыттағы музыканттар», «Гендель». Драматургиясы: «Сенімнің трагедиясы» циклында «Қасиетті Людовиг», «Уақыты келеді», «Революция театры» циклында «Қасқырлар», «Ақыл-ой салтанаты», «Дантон», «14 шілде». Романдары : «Жан Кристоф». Кристоф – автор идеяларының жарқын көзқарасы. Көсемсөздік мақалалары: «Жекпе-жек үстінде», «Нышан», «Әскери жылдар күнделігі». Ролланның шығармашылық әдіс ерекшеліктері.

Луи Арагон (1897-1982).Шығармашылығындағы тақырыптық және поэтикалық жаңашылдығы. «Құштарлыққа толы апта», «Шындап опат болу». «Базель колоколы», «Бай кварталдар», «Империал жолаушылары» романдары.

Антуан де Сент-Экзюпери (1900-1944) – француз ұшқышы. Ұшқыштың қызметі тұрмыстық, лирико-романтикалық, философиялық ыңғайда қарастырылып, Сент-Экзюпери шығармашылығының басты өзегіне айналады. «Оңтүстік пошташы» (1929), «Түнгі ұшу» (1931), «Адамдар планетасы» (1939) шығармаларында ғарыштық кеңістік, аспан әлемі, ұшқыш қызметі кең суреттеледі «Цитадель» романы – ойдан шығарылған шығарма. 1943 жылы ең танымал философиялық-лирикалық «Кішкентай ханзада» ертегісі жарық көреді.



Ұсынылатын әдебиеттер:[1], [6]. [3], .

4-тақырып Германия әдебиеті

Неміс әдебиетіндегі сыншыл реализм және натурализм. Сыншыл реалимнің германия әдебиетіндегі жаңа кезеңін дамытуда натурализмнің маңызы.

Томас Манн (1875-1955). Пәлсапалық роман шебері. «Будденброктар» романындағы психологиялық иірімдер, көркемдік жинақтаулар. «Тристан», «Тонио Крегер», «Венециядағы өлім» новеллаларындағы өнер мәселесінің тақырыбы.

Генрих Манн (1871-1950) ХХ ғ. көрнекті неміс сатиригі. Г.Манн шығармашылығындағы буржуазиялық-юнкерлік монархияға және пруссакшылдықтың реакциялық идеологиясына сын. Романдары : «Арманды жер», «махаббатқа ықылас», «Әйел құдайлар». «Мұғалім Унрат», «Шын ықыласпен қол астына қараушы». Көсемсөздері: «Рух және әрекет», «Вольтер мен Гете», «Рейхстаг» памфлеті – милитаризмді айыптау. Г.Манн шығармашылығындағы карикатура, гротеск әдістерінің қолданылу ерекшеліктері.



5- тақырып. Анна Зегерс шығармашылығы

Анна Зегерс (1900-1983). 1928 жылғы «Балықшылар көтерілісі» атты романы үшін әдеби сыйақы алуы.1933 жылы «Бағаланған бас» атты әлеуметтік-психологиялық повесі жарық көреді.Шығармада гитлерлік басқыншылық әрекет тұсындағы неміс деревнясы суреттеледі.Зегерске әлемдік мәртебе әкелген «Жетінші крест» романы. Шығарма фашистер қол астында қалған Германия жайында. «Транзит» атты әйгілі романда жазушының Америкаға жолға шыққандағы қиындықтары сөз болады. 1947 жылы «Өлгендер мәңгі жас болып қалады» романын аяқтайды.Германияның соғыстан кейінгі тағдыры туралы жазылған «Шешім» (1961), «Сенім» (1968) романдары. Толстой, Достоевский жөніндегі очерктері.



Ұсынылатын әдебиеттер:[1], . [3], .

6-тақырып Скандинавия елдерінің әдебиеті

Сыншыл реализмнің қалыптасуы мен дамуы. Декаденттік ағымдар. Натуралистік, символдық эстетика.

Генрих Ибсен (1828-1906) – Норвегия әдебиетіндегі әлеуметтік- психологиялық драманы қалыптастырушы. Шығармалары: өлеңмен жазылған пьесасы «Махаббат комедиясы», қарасөзбен жазылған ұлттық-тарихи драма «Тақ үшін күрес» немесе «Тәжге үміткерлер». Драмалық поэмалары : «Бранд» және «Пер Гюнт», әлеуметтік-психологиялық реалистік драмалары : «Қоғамның сандақтары», «Қуыршақ үй», «Елестер», «Халық жауы». Реалистік типтендіру, аналитикалық композиция мәселелері. Ибсен шығармашылығындағы романтикалық драма мен сатиралық комедияжазу ерекшеліктері.

7- тақырып. Дат әдебиетіндегі жаңа реалистік бағыт (Мартин Андерсон Нексе шығармашылығы

Мартин Андерсон Нексе (1869-1954) – дат әдебиетіндегі жаңа реалистік бағыттың негізін салушы. Алғашқы әңгімелер. «Көлеңкелер» жинағы. Повестері: «Өмір бағасымен», «Ана», «Франк жанұясы», «Шаң», «Пелле жаулап алушы» романы – Данияның тарихы, әлеуметтік өмірінің кең суреті.Нексе шығармашылығындағы халық өкілдері, фольклор дәстүрлері.



Ұсынылатын әдебиеттер:[1], [3]. .

8- тақырып. Англия әдебиеті, оның сыншыл реализм бағыты

Сыншыл реализм – ағылшын әдебиетіндегі негізгі бағыт. «Неоромантизм», натурализм, эстетизм жәнет.б. ағымдардың пайда болуы. Оскар Уайльд (эстетизмнің теоретигі), Р.Стивенсон(неоромантизм өкілі), Конан Дойль (детектив жанрын жазушы) шығармашылық ерекшеліктері. Р.Киплинг, Т.Гарди, Дж.Голсуорси, Г.Уэллс шығармалары.



9- тақырып. Бернард Шоу шығармашылығы

Бернард Шоу (1856-1950) – ағылшын драмасындағы жаңа кезең өкілі. Ағылшынның әлеуметтік драмасын, интеллектуалдық «дискуссиялық драмалар» жасаудағы ролі. «Ыңғайсыз пьесалар» «жаңа пуритандар» үшін пьесалар. Тарихи тақырыптарды интерпретациялау («перінің шәкірті», «Цезарь мен Клеопатра»). Қорғансыздарды қорғау тақырыбы («Майор Барбара»). «Пигмалион» комедиясы. Империалистік соғысқа қарсылық. «Жүректі жарақаттайтын үй» пьесасы. Шоудың әлемдік драматургияға ықпалы.



Ұсынылатын әдебиеттер:[1], [3]. [5], .

10- тақырып. АҚШ әдебиеті. Марк Твен шығармашылығы

Сыншыл реализмнің американ әдебиетіндегі ерекшелігі. Спенсер позивитизмнінің сыншыл реалистердің шығармашылығына әсері.

Марк Твен (1835-1910) – АҚШ-тың көрнекті юморисі мен сатиригі. Балалар туралы романдары: «Том Сойердің басынан кешкендері», «Геклберри Финнің басынан кешкендері». Тарихи романдары: «Ханзада мен қайыршы», «Король Артур қорасының жанындағы янкилер». Твен памфлеттері.

Джек Лондон (1876-1916) әңгімелеріндегі бақыт, өмір үшін күрес тақырыбы. Солтүстікті романтикаландыруы : «Солтүстік әңгімелері», «Темір табан» романындағы революционерлер бейнесі. Лондонның Спенсердің, Ницшенің теорияларымен шұғылдануы, оларды игеруі мен айыптауы. («Мартин Иден», «Теңіз қасқыры» романдары). «Ақ азу» анималистік повесі.



11- тақырып. Теодор Драйзер шығармашылығы

Теодор Драйзер (1817-1946) – американ реалистік әдебиетінің басты тұлғасы. Жазушы, көсемсөзші, қоғамдық қайраткер. Драйзердің «Нәзік реализм» бағытына қарсы күресі. «Керри қарындас» романындағы Американың әлеуметтік тынысының шынайылықпен суреттелуі. Романдағы даралық пен эгоизмді сынаушылық. «Дженни Герхард» романында әйелдің моральдық тазалығын дәріптеуі.Драйзерге Спенсер теориясының және натурализмнің ықпалы. «Талек ықыластардың трилогиясы». Каупервуд бейнесі. «Данышпан» романындағы суреткер трагедиясы. Драйзер реализмнінің өзіндік ерекшеліктері.



12-тақырып. Джек Лондон, Эрнест Хемингуэй шығармашылықтарындағы тақырып ерекшеліктері

Джек Лондон (1876-1916) әңгімелеріндегі бақыт, өмір үшін күрес тақырыбы. Солтүстікті романтикаландыруы : «Солтүстік әңгімелері», «Темір табан» романындағы революционерлер бейнесі. Лондонның Спенсердің, Ницшенің теорияларымен шұғылдануы, оларды игеруі мен айыптауы. («Мартин Иден», «Теңіз қасқыры» романдары). «Ақ азу» анималистік повесі

Эрнест Хемингуэй (1899-1961). Шығармаларындағы соғысқа қарсылық тақырыбы. «Қош бол, қару жарақ» романы. Испаниядағы антифашистік күрес туралы «Қоңырау кім туралы соғып тұр» романы. Хемингуэй – новеллист («Жаңбыр астындағы мысық», «Килиманджеро қары»). «Шал мен теңіз» повесі. Өмірбаяндық очеркі «Сенімен мәңгі бірге мейрам». Антифашистік романы «Мұхиттағы арал» романындағы шығармашылық тұлға және адамдық парыз. Хэмингуэйдің әлемдік әдебиетке әсері.

Ұсынылатын әдебиеттер:[1], [3]. [4], .

13-тақырып ХХ ғасырдың соңындағы батыс әдебиеті

Америка жазушысы Уайлдер Торнтон Найвен (1897-1975) шығармашылығы. «Каббала» (1926) романы. «Король Әулие Людовиктің көпірі» атты повесі үшін 1928 жылы әйгілі Пулитцер сыйлығын алуы. Дәл осы сыйлықты 1938 жылы – «Біздің қалашық», 1943 жылы «Өлім өткелінде» пьесасы үшін алуы.1965 жылы «Сегізінші күн» романы үшін Ұлттық медаль алуы.

Америка жазушысы Сэлинджер Джером Дейвид (1919) шығармашылығы. 1940 жылғы «Жас азаматтар» әңгімесі. 1951 жылы жарық көрген «Жар жағалаған жалғыз» романы Америка қоғамына тағы бір «әлемді сұлулық құтқарады» тәмсілін айтқан шығарма болды. Мұнда 15 жастағы Колфилдтің үйінен қашып шығып, үлкендердің өміріне араласуы.Автор жас азаматтың бейнесі арқылы «орта америкалықтың» екіұдай, жылтырақ, өткінші дүниетанымына сұлулыққа құштарлықты, табиғилықты, арманшылдықты, имандылықты қарсы қояды. 1955 жылы «Френни», 1961 жылы «Френни мен Зуи», 1963 жылы «Ағашты жоғарылат, ұста» повестерін жариялады.

14-тақырып. Латын Америкасы әдебиетінің өкілдері

1960 жылдардағы Латын Америкасы әдебиетінің өкілдері. Бразилиялық Жоржи Амадудың «Құм жағалаудың капитандары» романы.Романның басты кейіпкерлері – қаладағы жасөспірімдер, панасыз балалар.

Аргентиналық Хорхе Луис Борхес модернизмі – суреткердің ережелер мен тыйымдардан босануы. Борхес –ХХ ғасырдың соңғы ширегіндегі постмодернизмнің атасы. Новеллалары: «Түске кірген жолбарыстар», «Тұтқын», «делия Элена Сан-Марко», «Өлгендердің диалогы», «Сюжет», «Бәрі болғансың – ешкім де емессің!», «Борхес және мен», «Педро Сальвадорес», «Қаскүнем әйел», «Лайықсыз», «Росендо Хуарестің оқиғасы», «Кездесу», «Хуан Муранья», «Қарт сеньора», «Ерекше бәсеке», «Ажалсыз», «Тірі өлік», «Саобаз бен тұтқын әйелдің оқиғасы», «Тадео Исидоро Крустың өмірбаяны», «Эмма Цунц». Жазушының оқиғаны баяндау ерекшелігі, шарттылықтар, философиялық сарын.

Хулио Кортасардың шығармалары. «Қуғыншы» хикаяты, «Хронотоптар мен фамдар», «Бөтен аспан», «Менадтар» әңгімелері.Оның суреткерлік тәсілі.

Кубалық Алехо Карпьентер шығармашылығы. «Жер патшалығы» романы.

Ұсынылатын әдебиеттер:[1], [2]. [4], .

15-тақырып. Сэлинджер Джером Дейвид шығармашылығы.

Америка жазушысы Сэлинджер Джером Дейвид (1919) шығармашылығы. 1940 жылғы «Жас азаматтар» әңгімесі. 1951 жылы жарық көрген «Жар жағалаған жалғыз» романы Америка қоғамына тағы бір «әлемді сұлулық құтқарады» тәмсілін айтқан шығарма болды. Мұнда 15 жастағы Колфилдтің үйінен қашып шығып, үлкендердің өміріне араласуы.Автор жас азаматтың бейнесі арқылы «орта америкалықтың» екіұдай, жылтырақ, өткінші дүниетанымына сұлулыққа құштарлықты, табиғилықты, арманшылдықты, имандылықты қарсы қояды. 1955 жылы «Френни», 1961 жылы «Френни мен Зуи», 1963 жылы «Ағашты жоғарылат, ұста»



Әдебиеттер тізімі

Негізгі:
1.Мұқажанова Р. Шетел әдебиетінің тарихы (19-20ғасыр). Семей.2007

2.Торнтон Уайлдер, Джерон Сэлинджер. Сегізінші күн.Жар жағалаған жалғыз. Астана,2005



Қосымша

3.Проблемы развития реализма в зарубежной литературе 19-20 вв. Киев. 1978

4.Г. По ту сторону мечты. Страницы американской литературы. М., 1985

5.Елистратова А. Наследие английского романтизма и современность. М., 1960



6.Андреев Л. и др. История французской литературы. М., 1987
Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет