>>> a.remove(333)
>>> a
[66.25, -1, 333, 1, 1234.5, 333]
>>> a.reverse()
>>> a
[333, 1234.5, 1, 333, -1, 66.25]
>>> a.sort()
>>> a
[-1, 1, 66.25, 333, 333, 1234.5]
Кейбір кезде өнімділікті арттыру үшін тізімдерді әлдеқайда икемді массивтермен алмастырады (бұндай жағдайда әдетте ендірілген кітапханаларды қолданады. Мысалы NumPy).
Кортеждер (tuple). Келесі деректер типі кортеждер (tuple) деп аталады. Олар негізінен өзгертілмейтін тізімдер болып табылады. Олар не үшін қажет?
Қорғау үшін. Кортеж әдейі және кездейсоқ өзгертулерден қорғалған.
Өлшемі аз. Негізі болмас үшін:
>>> a = (1, 2, 3, 4, 5, 6)
>>> b = [1, 2, 3, 4, 5, 6]
>>> a.__sizeof__()
36
>>> b.__sizeof__()
44
Кортеждерді сөздіктердің кілттері ретінде қолдану мүмкіндігі:
>>> d = {(1, 1, 1) : 1}
>>> d
{(1, 1, 1): 1}
>>> d = {[1, 1, 1] : 1}
Traceback (most recent call last):
File "", line 1, in
d = {[1, 1, 1] : 1}
TypeError: unhashable type: 'list'
Кортеждармен қалай жұмыс істеу керек? Кортеждермен жұмыс тізімдермен сияқты жүзеге асырылады. Бос кортеж құру:
>>> a = tuple() # tuple() ендірілген функциясы арқылы
>>> a
()
>>> a = () # кортеждің литералы арқылы
>>> a
()
>>>
Бір элементтен кортеж құрамыз:
>>> a = ('s')
>>> a
's'
Бұл жерде жол пайда болды. Енді кортежді алу үшін келесі өзгерісті енгіземіз:
>>> a = ('s', )
>>> a
('s',)
Байқағандай барлық мәселе үтірде болды. Өз-өзімен жақшалар ештеңені бермейді. Кортежді келесі түрде де құруға болады.
>>> a = 's',
>>> a
('s',)
Әдетте жақша қою міндетті болады.
Қайталанатын объектісі бар кортежді де tuple() функциясы көмегімен қуруға болады.
>>> a = tuple('hello, world!')
>>> a
('h', 'e', 'l', 'l', 'o', ',', ' ', 'w', 'o', 'r', 'l', 'd', '!')
Сонымен бірге, элементтердің орнын әр түрлі түрде ауыстыруға және т.с.с. атқаруға болады.
Мысалы: Python-да екі айнымалының мәнінің орнын ауыстыру :
a, b = b, a
Достарыңызбен бөлісу: |