Эфир майлы дақылдарға жалпы сипаттама



бет13/15
Дата03.09.2023
өлшемі252,55 Kb.
#180094
түріҚұрамы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Дәріс 10

Тұқымды себуге дайындау.Мақсары тұқымы себу кондициясына жеткізіліп, тұқымға арналған үлгіқалып (стандарт) талаптарына сай келуі керек. Тұқым құрамындағы негізгі дақыл үлесі 95-98 % кем емес және зертханалық өнгіштік 85-95% болуы керек. Себу алдында ауруларға қарсы тұқымды 200 ФФ, 34% 3-4 кг/т; ТМТД 80% - 2-3л/т; фундазол -3кг/т улы химикаттарының бірімен дәрілейді (ПС-10 немесе басқа құрылымда).
Себу мерзімі.Мақсары ерте себілетін дақылдар қатарына жатады. Топырақтың 10 см қабаты 6-80С жылынған кезде себеді, себу мерзімін кешіктіру өнімділікті төмендетеді және зиянкестермен зақымдану қаупін күшейтеді.
Қазақстанның оңтүстік шығысының тау бөктері аймақтарында мақсарыны сәуір айының бірінші онкүндігінің аяғында , ал осы өңірдің шөлді-далалы аймағында наурыздың аяғы – сәуірдің басында себу ұсынылады (Т.Н. Нұрғасенов және т.б.,2003).
Қазақстанның оңтүстігінде наурыздың 2-ші онкүндігінде, ал солтүстігінде және батысында сәуірдің аяғы – мамырдың бірінші онкүндігінде сепкен дұрыс. Республиканың оңтүстік шығысының қары аз, көктемгі егістегі ылғалы жеткіліксіз шөлді-далалы аймағында мақсарыны қыс түсер алдында себу қарастырылады, яғни қараша айының бірінші онкүндігінде. Аталған жағдайдағы мақсары өнімділігі көктемгі мерзімде себілген дақылдан кем түспейді (С.С. Арыстанғұлов, 2009).
Себу тәсілі.Мақсарыны тұқымға өсіруде оны кең қатарлы тәсілмен (45-60 см) себу ұсынылады. Отамалы дақыл ретінде мақсарыны кең қатармен себу арамшөптермен күресуде тиімді. Ылғалмен қамтамасыз етілген жерлерде және суармалы егіншілікте дақылды жаппай қатардағы (15 см ) тәсілмен себуге болады.
Респуликаның оңтүстік шығысында мақсарыны тұқымға екі ізді таспалы тәсілмен (60х15х15) себу мүмкіндігі қарастырылуда. Дақылды таспалы тәсілмен себу, кең қатарға қарағанда өнімділікті 10-15% жоғарылатады.
Себу мөлшері.Кең қатарлап (45-60см) себуде гектарына 200-300 мың дана өнгіш тұқым немесе 8-12 кг себіледі, екі ізді таспалы тәсілмен-12-14 кг/га, жаппай қатардағы тәсілде -20-24 кг/га тұқым себіледі.
Тұқым сіңіру тереңдігі 5-6 см, ылғал төмен жерлерде – 7-8 см.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет