Эфир майлы дақылдарға жалпы сипаттама


Биологиялық ерекшеліктері



бет15/15
Дата03.09.2023
өлшемі252,55 Kb.
#180094
түріҚұрамы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Дәріс 10

Биологиялық ерекшеліктері. Жаздық арыш өсіру жағдайларына жоғары талап қоймайды. Тұқымдары 1-20 жылылықта өне бастайды, ал ең қолайлы өну температурасы +12-140. Егін көгі – 10-120 дейінгі қысқа мерзімді үсікті көтере алады. Орташа мерзімде пісетін сорттардың толық вегетациясы үшін 1500-17000 белсенді температурада жиынтығы жеткілікті.
Жаздық арыш ылғалды тиімді пайдаланады және қуаңшылықты жеңіл көтереді. Ылғалға барынша көп қажетсінуі-гүлдену мен тұқымның толысу кезеңдері. Транспирациялық коэффициенті 350-380 бірлікке тең. Топыраққа қоятын талаптары айтарлықтай жоғары емес және құмдақ жеңіл сәл сортаңдау топырақтарда өсе алады.
Орташа мезгілде пісетін сорттарының өсіп-даму кезеңі – 70-90 күн. Қазақстан Республикасының Шығыс, Батыс облыстарында және СҚО-да ерте, орташа мерзімде пісетін Омский местный, Киргизский 1 сорттарын өсіруге рұқсат етілген.
Өсіру технологиясы.Жаздық арышты арамшөппен шамалы ластанған алғы дақылдан кейін – таза сүр жер, сүріден кейінгі екінші дақыл, отамалы дақылдар – орналастырылады. Өте ұсақ тұқымды өсімдік ретінде арыш топырақтың тыңғылықты өңделгенін қалайды, топырақты тығыздау жүргізіледі.
Жаздық арыш ерте себілетін дақыл болғанымен біздің аймақ жағдайында ең қолайлы себу мезгілі 15-20 мамыр болып табылады. Ерте себілгенде арыштың көктеуі кешігеді де егін көгі арамшөппен тұншықтырады. Оған қоса, өсіп-даму кезеңі қысқа болғандықтан арыш салыстырмалы кеш себілгенде де пісіп үлгереді. Шөп себетін сепкіштермен жаппай қатардағы әдіспен сепкен дұрыс. Себу мөлшері – 6-8 кг/га (4-5 млн/га өнгіш тұқым), тұқым сіңіру тереңдігі 2-3 см. Егістікті баптап-күту себілгеннен кейін топырақ тығыздау (әсіресе топырақтың беткі қабаты кеуіп кеткенде), зиянкестерге қарсы күрес жұмыстарын біріктіреді.
Арыш біркелкі піседі және механикалық әдіспен жинауға жарамды. Төменгі бұршаққын қоңырлана бастағанда егін жинауға кіріседі, ал тұқым ылғалдылығы 14-150 жеткенде дестелерді жинап үгітуге кіріседі. Ол үшін қайта жабдықталған астық комбайндарын пайдаланады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет