Эфир майлы дақылдарға жалпы сипаттама



бет8/15
Дата03.09.2023
өлшемі252,55 Kb.
#180094
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
Дәріс 10

Егістікті күтіп-баптау кешенді агрошаралар жүйесін біріктіреді және негізгі мақсаты - өсімдіктердің өсіп-жетілуіне оңтайлы жағдайлар жасау: ең алдымен себуден кейін бұдырлы катоктармен танап тығыздалады; кең қатарлы егістікте арамшөптермен ластануына қарай 2-3 рет қатарарлық культивация жүргізіледі; елімізде соңғы жылдары дақыл егістінде гербицидтерді қолдану жақсы нәтижелер беруде – фенова экстра (0,5-0,75 л/га) қоңырбастар тұқымдас арамшөптерге қарсы немесе Лонтрел 300 (0,12-0,16 кг/га), Cтоун (0,3-0,4 л/га), Эльф (0,1-0,4 л/га) гербицидтерінің бірімен қосжарнақты арамшөптерге қарсы дақылдың 3-4 жапырағы кезеңінде егістік бүркіледі. Қышаның өскіндері мен егін көгін зиянкестерден қорғау үшін (қырыққабат бүргелерінен) тұқым себу алдында офтанол Т, 50% (4,0кг/ц), чинук, 20% (2,0 л/ц) және басқа жүйелі препараттардың бірімен тұқым дәріленеді, ал бұл агрошара егістікті алғашқы 20-30 тәулікте бүргелердің зиянынан қорғайды. Егер тұқым себер алдында дәріленбеген болса, онда аталған бүргелерге қарсы (1 шаршы метр алаңда 3 қоңыз немесе дегелең жапырақшасында бір із жарақат болса – 30% өсімдіктерде) Бульдок, 2,5 % (0,3л/га), Каратэ, 5% (0,15 л/га) инсектицидтердің бірімен егістік бүркіледі.
Егінді жинауқыша өсірудегі маңызды кезең. Дақылды тікелей орып бастыруға да бөлектеп жинауға да болады. Арамшөптерден таза алқапты және тұқым ылғалдылығы 12-15 %-ға жеткенде қышаны тікелей орып бастырады; мұндай жағдайда комбайн жылдамдығы сағатына 5-6 шақырымнан және барабан айналымы минутына 500-700 – ден асырылмайды. Бөлектеп (екі кезеңді) жинағанда тұқымның орташа ылғалдылығы 25-30% - ға жеткенде кесу биіктігі 20-25 см-ге дестеге шабады; тұқым ылғалдылығы 10-12 % түскенде дестелер таңертеңгі немесе кешкі сағаттарда бастырылады. Комбайннан түскен астықты бірден тазартып, қажеттік туындағанда қосымша кептіріп (тұқым ылғалдылығын 8%-дан асырмай), сақтауға жөнелтіледі.
Зығыр – бағалы майлы дақыл, оның тұқымынан сапалы кебетін май өндіріледі (35-42 %) және оны техникалық, тағамдық мақсаттарға пайдаланады. Техникалық маңызы – сыр, олиф, лак, линолеум өндірісінде қолданылуында. Майлы зығырдың тұқымы мен майы фармацевтикада да қолданыс тапқан.
Май өндірісінің қалдықтары (күнжарасы мен шроты) – бағалы құнарландырылған мал азығы, олардың құрамында 30 %-ға таяу белок болады. 1 кг күнжарасы 1,15 а.ө. тең. Зығыр өндірісінің қалдығы – кострадан – жиһаз плиталарын, изоляциялық жіптер, шпагат, қағаз ж.б. дайындау шикізаты болып табылады.
Зығыр – азиялық және жерортатеңіздік текті біржылдық өсімдік, ертеден өсіріліп келе жатқан дақыл. Дүниежүзілік егістікте майлы зығыр (кудряш) 1,0 млн га астам өсіріледі. Үлкен алқаптары Аргентина, АҚШ, Канада, Үнді елдерінде шоғырланған. ТМД елдерінде оның егіс аумағы жыл сайын жер шарындағы егістіктің 10 %-на таяу (90 мың га).
Құрғақшылыққа төзімділігі мен ерте пісетіндігіне байланысты майлы зығыр негізінен Орал, Батыс Сібір мен Солтүстік Қазақстанның орманды-дала және далалық аудандарында өсіріледі.
Солтүстік Қазақстанда 1986-90 жж. Жалпы егістігі 28-29 мың га, оның ішінде барынша үлкен алқаптары (16-17 мың га) Қостанай облысының үлесінде болды. Тұқым өнімі жоғары емес – 1,2-3,1 ц/га аралығында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет