Егемкулов Н. А. Ауыл шаруашылығы малдарын азықтандыру Шымкент, 2020 ж Рецензенттер


Химиялық жолмен консервіленген жемшөп



бет33/58
Дата07.09.2020
өлшемі303,91 Kb.
#77651
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   58
Байланысты:
МАЛ АЗЫҚТАНДЫРУ 15 ДӘРІС

Химиялық жолмен консервіленген жемшөп. Сүрлемге салынған жемшөптегі микробиологиялық өзгерістерді тежеп, қоректік заттарын сақтайтын қажетгі деңгейдегі қышқылдылықты ашытусыз-ақ жасанды түрде қолдан орнатуға болады. Ол үшін сақталатын шикізатқа салыну барысында алдын ала есептеліп да- йындалған қышқыл ерітіндісін қабаттарына біркелкі енетіндей етіп бүркеді де, қажетті қышқылдықтағы ортаны орнатады. Мұны жемшөпті химиялық тәсіл мен қышқылдандырып консервілеу деп атайды.

Жемшөпті химиялық жолмен консервілеу үшін түз, күкірт, фосфор секілді минералды және сірке, пропион, бензой, сүт, құмырсқа, т. б. секілді органикалық қышқылдар ерітінділерін, натрий пиросульфаты, бисульфаты, күкірт қышқылды натрий секілді түрлі түздар мен сілтілік қосындыларды қолданады.

Олардың ішінде тұз қышқылы, күкірт қышқылы, т. б. секілді анорганикалық және формальдегид, құмырсқа қышқылы, сірке қышқылы, пропион қышқылы, т. б. секілді органикалық қышқылдары сүйық болса, натрий пиросульфиті, сорбин қышқылы, т. б. қосындылары қатты болып келеді. Бұл мақсатта тіпті көміртегі, күкірттің қос тотығы, т. б. секілді газдарды да қолдануға болады. Бензол қышқылы, сорбин қышқылдары суда ерімейтін қосындылар болса, пропион қышқылы, натрий пиросульфиті су мен жемшөп сөлінде жақсы ериді. Жемшөп консервілеуге қолданылатын барлық қышқыл, сілтілер мен түздар электролиттер болып келсе, формальдегид, уротропин, т. б. секілді элекролитке жашайтындары да болады. Жемшөпте 30%-дан жоғары ыдырайтын электролиттер — күшті, 3-30% ыдырайтындары — орта, 3%-дан аз ыдырайтындары әлсіз болып саналады.

Мал организміне әсері бойынша олар организмге қатынасы жоқ заттар, яғни ксенобиотиктерге (оның бірі бейтарап болса, екіншілері физиологиялық жағдайына әсер етушілер болады) және организмге қатысы бар, белгілі мөлшерде тіпті пайда келтіретін, яғни ксенобиотиктер емес сірке, пропион қышқылдары секілді заттарға бөлінеді. Бірақ олардың қай-қайсысы болса да, жемшөпке шамадан тыс енбеуі керек. Қазіргі кезде өсімдік ксенобиохимиясына негізделе отырып, жемшөпті консервілеумен қатар оның қоректілігі мен биологиялық құндылығын арттыратын пробиотиктер мен сақталу барысында ксенобиотиктер болып келетін нитрат, нитриттер секілді зиянды заттарды бұзып, залалсыздандырып, олардың әсерінен мал организмі мен өнімін сақтандыратын қосындылар да ізделуде.

Жемшөпті химиялық жолмен консервілеу тәсілін, негізінен, қиын сүрленетін (мысалы, бүршақ түқымдастар көгі) және жоғары ылғалдылықтағы (жауын-шашынды жылдары) жемшөпті жинап сақтауға пайдаланады. Жемшөпті консервілеуде қолданылатын қосындылар сақталатын жемшөпті қышқылдандырып, ондағы қажетсіз микробиологиялық үрдісті тежеп, қажетті өзгерістерге, керісінше, оңтайлы жағдай туғызады. Олар ферменттердің (сүрлемде микроорганизмдер ферменттерінің) биотүзуін жасуша ішіндегі генетикалық деңгейде немесе бос фермент өсерін жасуша сыртындағы кинетикалық деңгейде тежейді.

Сақтауға салынған жемшөптегі ферменттердің пәрменділігін тежеумен қатар онда жаңа ферментгердің пайда болуын тоқтату қажет. Бұл тұрғыдан, бактерияларға енетін қосындылар өсері күшті болмақ жөне де бүкіл ыдыраушылық барысын тоқтату үшін... — гидролизгликолиз — Кребс айналымы - тыныстану ферменттері... жалғасынан тұратын диссимиляциялық тізбектегі шешуші бір ферменттің өсерін не оның коферментінің пәрменділігін жою жеткілікті. Сонымен қатар химиялық жолмен консервілеуде фермент шығарушы микроорганизм тіршілігіне қолайсыз жағдай туғызуға, мысалы сутегі иондарының шоғырлану деңгейін (рН) күрт өзгертуге болады.

Шабылған шөптегі ыдыратушылықты өрістететін ферменттердің пәрменді әсерлігі рН = 5,5-8 аралығында болғандықтан орта реакциясын осы аралықтан өзгерту ферментолизді тоқтатып, қоректік заттар сақталуын қамтамасыз етеді. Мұның теоретикалық негізі мен іске асыру жолдарын фин ғалымы А. Виртанен (1925) жете зерттеген. Әдеттегіде, сақталуға салынған жемшөп қышқылдығын төмендету үшін сұйық анорганикалық қышқылдардың екі нормальдық, яғни 1 литрінде ауыстырылатын сутегінің (сутегі иондарының) 2 г бар ерітіндісі қолданылады. Оны орташа есеппен 1 т жеңіл сүрлемделетін жемшөпке — 130 г, қиын сүрлемделетін жемшөпке (бедеге) - 170 г, сүрлемделмейтін жемшөпке (жоңышқаға) 180 г сутегі иондары келетіндей етіп қосады.

Қосылатын ерітінді мөлшерін дәлірек анықтау үшін сақталуға салынатын азықтың қышқыл сіңушілік қабілетін потенциометрлік титрлеу арқылы рН көрсеткішінің 4,0-ге дейін түсіріп анықтайды. Тұз немесе басқа 100% диссоцияланатын қышқылдың 0,0001 қалыптық су ерітіндісінің рН-ы 4,0-ге, ал 0,001 қалыптық ерітіндісінің рН-ы 3,0-ге тең болғандықтан, сүрлем реакциясын осындай қышқылдыққа жеткізу үшін шикізаттың 1 т-да 0,1—1,0 г бос сутегінің иондарын қамтамасыз етуге осы қышқылдар ерітіндісі өте аз көлемде (0,06—0,6-дан 0,08-0,8) қосылған сутегінің иондары 130 г, 170 г және 180 г болады.

Осыған байланысты сүрлемге салынған жемшөптің пәрменді қышқылдығын (активную кислотность) қажетті деңгейге дейін төмендетуі барлық қосылған сутегінің мөлшерімен емес оның шынайы бос түріндегі аз ғана көлемімен (0,06—0,8) анықтайды. Сутегі иондарының бұдан асқан басқа мөлшері шикізат заттарымен байланысып оның буферлігін, дәлірек айтқанда буферлік сыйымдылығын қалыптастырады.

Химиялық қосындыларды пайдаланып сүрлеген (консервіленген) жемшөпті 10-кесте көрсеткіштері бойынша бағалайды.

4-кесте. Химиялық тәсілмен сүрленген жемшөпті бағалау




Бағалау көрсеткіші

Жемшөп класы

I

II

III

Қүрғақ заты, %

- сүрлемделген күнбағыста

18

15

12

- сүрлемделген жүгеріде

18

15

12

- сүрлемделген көпжылдық шөптерде

20

18

15

- сүрлемделген бүршақ түқымдастарда

15

13

11

- сүрлемделген бүршақ-астық түқымдастарда

13

11

9

— сүрлемделген астық түқымдастарда

11

9

9

Қүрғақ затындағы каротин, мг/кг - сүрлемделген көпжылдық шөптерде

80

70

50

- сүрлемделген жүгері мен басқа дақылдарда

70

60

40

Қүрғақ затындағы «шикі» күл, % - сүрлемделген күнбағыста

13

15

17

— сүрлемделген басқа дақылдарда

11

13

15

рН көрсеткіші

3,8-4,3

3,8-4,3

3,7-4,5

Жалпы қышқылдардағы, % - сүт қышқылының үлесі

55

50

40

- майлы қышқылының үлесі

0,1

0,1

0,2





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет