Амперометрлік титрлеу үрдісінде реактивтің жеке мөлшерлерін қосқаннан кейін шектік ток шамасына сәйкес келетін кернеу кезіндегі ток күшін анықтайды. Осы мәліметтер арқылы амперометрлік ток күші – титрант көлемі координаттарында амперометрлік титрлеу қисығын тұрғызып, эквиваленттік нүктені графикалық табады. Амперометрлік титрлеуде индикаторлы электрод ретінде көбінесе, айналмалы платиналы, графит және тағы басқа қатты электродтарын қолданады.