Ежелгі дәуір әдебиеті» пәнінен курстық ЖҰмыс тақырыбы: «Әбу Насыр Әл-Фарабидің әдеби-ғылыми мұрасы»



бет6/7
Дата11.05.2024
өлшемі89,61 Kb.
#201970
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Жасмин курсовой.docx Әл -Фараби.docx туралы

ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келе айтар болсақ біздің жұмысымыз ғалым Әл-Фараби әдебиет теориясына қосқан үлесі болатын. Ең алдымен адамзат қоғамының бір бөлшегі ретінде жасап келе жатқан қазақ мәдениеті шығыстық өркениеттің құрамдас бір бөлігі десек, қазақ жерінен шыққан ұлылар шығыстық ілім алып, білім сырына қаныққанын жақсы білеміз. Рухани байланыстың осы елдермен толассыз жүргенінің кепілі – Әбу Насыр әл-Фараби, Исмаил әл-Жауһари әл-Фараби, Ахмет Иассауи, Махмұд Қашқари сынды данышпандардың еңбектері мен зерттеулері. «Ғылыми мұра қалдырмаған ғалым найзағай ойнатып, күркіреп тұрып, жаумай өткен бұлтпен тең», – деген араб халқының дана мақалы бар. Осындай қанатты ойды ту қып ұстаған Әл-Фараби ғылым мен өнердің барлық саласына өлшеусіз үлес қосып, артында өшпес ғылыми жазбаларын қалдырады. Аты әлемге мәшһүр Әбу Насырдың еңбектерінен нәр алмаған, сусындамаған ғалым жоқ деп айтуға болады. Оның есімі дүниежүзі мәдениеті мен ғылымының тарихынан берік орын алады. Дүниежүзі ғалымдары әл-Фарабиді Шығыстың Аристотелі деп атағаны баршаға аян. Артында қалған ғылыми мұрасы өте мол. Әдебиет әлемін сөз еткенде, ұлы ойшылдың қаламынан екі жүзге жуық трактаттар дүниеге келген. Оның қаламына арқау болған ғылым салалары: философия мен логика, математика мен физика, астрономия мен ботаника, тіл мен әдебиет, медицина мен музыка. Осы еңбектерінің ішінде философия мен әлеуметтану, этика мен эстетика мәселелері ерекше орын алады деп айтуға болады.
Әл-Фарабидің әдебиеттану саласына қатысты трактаттары жайлы ой өрбітер болсақ, фарабитанушы ғалымдардың зерттеулерін зерделей отырып, оның үлкен әдебиетші, ақын болғандығын бағамдаймыз. Үлкен әдебиетші ғалым Н.Келімбетовтің «Әбу Насыр әл-Фараби әдебиет теориясымен де жан-жақты шұғылданған ғалым. Әдебиет теориясы бойынша бірқатар келелі еңбектер жазғанын ғалым шығармаларының сақталып қалған тізімдерінен білеміз», – деген сөздері ойымызды нақтылай түсері хақ деп пікір білдіреді.
Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған ғалым өзінің әдебиетке қатысты негізгі теориялық ой-пікірлерін: «Риторика», «Поэзия өнерінің каноны туралы трактат», «Поэзия өнері туралы», «Ғылымдарды классификациялау туралы трактат», «Өлең және ұйқас туралы сөз» және т.б. еңбектерінде саралайды. Әл-Фараби бабамыздың поэзиядағы талаптары Абай атамыздың өлең сөзі туралы:
Тілге жеңіл жүрекке жылы тиер,
Теп тегіс жұмыр келсін айналасы, – деп өлең жазам деген ақындарға өлеңнің
27
құрылысын, ұйқасын, өлшемін тыңдаушының жүрегіне жол табатындай етіп жазу керектігін айтқан ойларымен сабақтасып жатқандай. Шығу тегін өзі логикадан тарататын поэтика, әдебиет теориясы, тіл білімі салаларына арнап әл-Фараби “Өлең өнері туралы трактат”, “Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат”, “Әдебиеттегі пікірталас туралы трактат”, “Риторика туралы трактат”, “Аристотель “Риторикасына” түсіндірменің үлкен кітабы”, т.б. еңбектер қалдырды.
Өзінің философиялық (рухани), әлеуметтік-саяси тұжырымдамасында Әл-Фараби коммуникация, бақыт, жақсылық, өлшем, әділеттілік және т.б категорияларға ерекше назар аударды. Ол өзінің идеалына сәйкес ақыл-ойдың, білімнің жоғары құндылығын, бауырмалдық пен достық принципін ашады, өз қоғамындағы адамгершіліктің жағымсыз ерекшеліктерін сынайды. Әл-Фарабидің «Ізгілікті қала тұрғындарының көзқарастары» туралы трактатында мемлекеттік басқару мәселелеріне, қазіргі қоғамның жетілмеген тұстарын сынауға және әлеуметтік тәртіпті қайта жақсартуға арналған. Ойшыл өзінің бұл еңбегінде ашкөздігімен және озбырлығымен мемлекеттер құратын билеушілердің деспотизміне (шексіз билік) қарсы тұрады. Мұндай мемлекеттерді, оның пікірінше, білімсіз, надан және жаман мінезді адамдар зорлық-зомбылықпен басқарады. Олар тек байлықты, күш пен ләззатты бағалайды. Әл-Фараби ізгілікті мемлекет басшысының туа біткен 12 қасиетін атап өтеді. Оның пікірінше ел басшысы: «....Әділ болуы керек, бірақ қыңыр емес, өйткені Ислам кез-келген әділетсіздік пен арсыздыққа мүлдем қарсы; ол қажет деп санайтын нәрсені орындауда дер кезінде шешім табатын, сонымен бірге қорқыныш пен қорқақтықты білмейтін, батылболу», - керек дейді.
Әлемдік мәдениет пен ғылымда терең із қалдырған дана ғалым, сирек талант иесі Әбу Насыр әл-Фараби бейнесі қазақ әдебиетіндегі көркем туындыларда да өз көрінісін тапты. Тарихи шындықты көркем шындыққа айналдырып, шығармашылық қиялмен көмкеріп, оқырманға ой саларлық образдар туындатқан жазушы Д.Досжановтың “Фараби” повесі (1967ж.), драматург Ш.Құсайыновтың “Әбу Насыр әл-Фараби” пьесасы (1972ж), ақындар Ө.Тұрманжанов, М.Әлімбаев, Қ.Мырза Әли, М.Шаханов туындылары, Ж.Қыдыровтың “Фараби тригонометриясы” (1972ж) мен І.Есенберлиннің “Әбу Насыр Мұхаммед әл-Фараби” атты поэмалары, жазушы Ә.Әлімжановтың “Ұстаздың оралуы” романы қазақ оқырманының тарихи жадына, қазақ әдебиетінің алтын қорына қазына болып қосылды. Фараби бейнесінің сөз өнеріндегі тұтас галереясын жасақтаған аталмыш туындылар
28
хақында көрнекті ғалым Р.Бердібай арнаулы мақала жазып, салиқалы бағасын берсе, А.Түсіпова, С.Ананьева сынды отандық зерттеушілер де осы тақырып төңірегінде ой өрбітіп, қалам тартты .
Ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби шығармашылығына қатысты шағын зерттеуімізді қорыта келе айтарымыз: Мәдени жаңару үдерісі жүріп жатқан қазіргі кезеңде “өркениеттер арақатынасында төңкеріс болып, Шығыстың өркениеттің алтын бесігі, Европа қайта өрлеуінің негізі болғандығы мойындалып, Әл-Фараби, Ибн Сина, Ибн Халдун, Ибн Рушдтардың европа философиясына қосқан үлесі баса көрсетілгенімен” , Фараби еңбектерінің әлі де ашылмаған қырлары көп. Мұның бір бөлігіне жоғарыдағы талдаулар дәлел. Демек, біздің есімін мақтан тұтар даңқты жерлесіміз Әбу Насыр әл-Фараби жайлы зерттеулердің арнасы келер күндерде де ортаймақ емес.
Қорыта келе Әл-Фараби нысанын зерттеген ғалымдардың пікірінше: «Әл-Фараби – өз заманының және өз дәуірінің өкілі ретінде адамзаттың көптеген салаларында іргелі проблемалар туралы айтқан әмбебап ойшыл», - дейді. Әлем мұрағаттары мен кітапханаларында сақталған Фараби мұрасын жинап, жүйелеп, зерттеп, ұлт мүддесі үшін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен жасалған «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберіндегі шығыстың ғұлама ойшылы Әл-Фарабидің 10 томдық еңбектері, ғылыми трактаттары және кітапхана қорындағы философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономияға байланысты 193 дана кітапты оқырмандар назарына ұсынылды. Ұлы ойшылдың кейбір идеялары келешек ұрпақтарға арнап айтылғандай терең қасиетті мағынаға ие, қазіргі адамзаттың өмір шындығына сәйкес келеді. Бүгінгі күні әлемде орын алып жатқан жаһандық келіспеушіліктерге байланысты «Тек кемел ақыл-ой ғана, адамдар арасындағы жанжалдың (соғыстың) мағынасыздығын көрсетедіжәне олар ең жоғарғы ізгілікке жету үшін бір келісімге келуі тиіс», - деген пайғамбарлық тұжырымдарды иеленеді. Әл-Фарабидің еңбектеріндегі көрегендігі қазіргі таңдағы терең тұжырымдамалық маңыздарды растайды. Сондықтан ол әлемдік өркениет пен мәдениеттің тарихында терең із қалдырған ойшылдардың арасында лайықты орын алады.

29




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет