Ли-Бо Құң-зы (қытайша: 孔子) немесе Конфуций дәлме-дәл «Құң ұстаз» (551 ЗБ—479 ЗБ) — ілімі мен пәлсапасы қытай, корей, виетнамдық және жапон өмір тұрысы мен ойлау ғұрыпына терең ықпал еткен, әйгілі қытай ақылманы және әлеуметтік пәлсапашысы. Конфуций ілімі - Конфуций ілімінің ерекшелігі сол, ол адамгершілік мәселелерін бірінші кезекке қойған. Ал рух, аспан денелерінің қозғалу заңдылықтарына еш көңіл бөлмейді. «Өмірдің не екенін білмей жатып, өлімнің, рухтың не екенін қайдан білейік», — деген екен ол. Алайда, көкті пір тұтқандығы ақиқат, көк тәңірісіне құрбандық шалуды оған деген адамдардың көрсеткен құрметі деп түсінген.
Достарыңызбен бөлісу: |