-Бұдан 100 мың жыл бұрын жер беті күрт суи бастады. Қыс ұзаққа созылды.
Еуропа мен Азияның солтүстігінде алып
мұздықтар
пайда болды.
Ғалымдардың айтуынша, оның қалыңдығы 2 киломертге жеткен.
-Суықтан қорғану үшін адамдар жылы киім тігіп, баспана іздестірді. Ірі
жануарлардың сүйектерінен және ағаш бөренелерден баспана салып, үстін
терімен жапты. Хайуандар терісінен киім тіге бастады. Инені әдетте үшкір
сүйектерден жасап, жіп орнына жануар сіңірлерін пайдаланады.
-Мустье кезеңінде адамдар от жағуды үйренді.
-Мустье кезеңінде өмір сүрген адам – неандерталь деп аталды. Ол Германия
жерінен табылған. Неандерталь баланың сүйегі Өзбекстандағы Тесіктас
деген үңгірден табылған. Неандертальдықтар осыдан 100-35 мың жыл
бұрын өмір сүрген.
-Бұл кезеңде де аңшылық пен терімшілікті кәсіп етті.
-Еңбек құралдары жетіле түсті, қол қашауын жасауды үйренді. Тас
шапқылар мен қырғыштар қолданды.
-Қоныстары: Қазақстанның Орталық және Шығыс аймақтарын игере
бастады, осы аймақтардағы қоныстары – Обалысай, Мұзбел, Қанай т.б
Шығыс Қазақстанда – Қанай қонысынан табылған тас құралдардын
пайдаланылған уақыты 140-132 мың жыл бұрын. Оңтүстік Қазақстан
жеріндегі Ж.Таймағамбетов ашқан Ш.Уалиханов атындағы тұрақ олардың
ішіндегі ең күрделісі, қалыңдығы 7 метр болатын көп қабатты тұрақ.
Кейінгі палеолит
-Кейінгі тас дәуірінде адамзат жердің барлыққа жуық аумағын игерді. Бұл
кезеңде түрлі нәсілдер қалыптаса бастады.
-Бұл кезеңде ретушь әдісі дамыды. Қыстырма әдісі пайда болды – бұл сүйек
пен ағаш сапқа өткір жүзді ұсақ қалақша тастарды желімдеп орнатып,
кескіш құрал жасаған. Желім ретінде тау балауызы, қарағайдың шайыры
битум қолданылған.
-Аң аулауда қысқа сапты ағаш найза –
Достарыңызбен бөлісу: