Қосымша 3 Жеке жұмыс №1. Оқушы 2 : 1 қатынасындай жол және тор көз дәптер сатып алды. Егер ол 24 дәптер сатып алса, неше жол дәптер сатып алды? Неше тор дәптер сатып алды?
№2. Әкесі мен баласы 18 кг алма жинады. Әкесі баласынан 2 есе көп жинады. Әрқайсысы неше килограмм алмадан жинады?
№3. Шие тосабындағы шиенің массасының қанттың массасына қатынасы 2:3 қатынасындай. Массасы 3,5кг шие тосабында неше килограмм шие бар? Неше килограмм қант бар?
№4. Оқушы 240 беттік кітаптың бірінші күні 5 бөлігін, екінші күні 4 бөлігін, ал үшінші күні қалған 3 бөлігін оқып бітірді. Оқушы әр күнде кітаптың неше бетін оқыды?
№5. Тракторшылар 54 га егістік алқабын үш күнде 2:3:4 қатынасындай өлшемде орып бітірді. Әр күні қанша га жерді орғанын есептеңіздер.