Әкімшілік құқық бұзушылық туралы



бет40/58
Дата24.05.2017
өлшемі9,45 Mb.
#16940
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   58

      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:

      1) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi аумақтық аға мемлекеттік пен аумақтық мемлекеттік инспекторлар – айлық есептік көрсеткіштің бір жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;

      2) Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi мемлекеттік инспекторлары, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi аумақтық бас мемлекеттік инспекторлардың орынбасарлары – айлық есептік көрсеткіштің екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;

      3) Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi аға мемлекеттік инспекторлары, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi аумақтық бас мемлекеттік инспекторлар – айлық есептік көрсеткіштің бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;

      4) Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi бас мемлекеттік инспекторы мен оның орынбасарлары – айлық есептік көрсеткіштің бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.

688-бап. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган



      1. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 170 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және сегізінші бөліктерінде), 356 (үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он үшінші бөліктерінде), 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган ведомствосының лауазымды адамдары мен аумақтық бөлімшелерінің басшылары құқылы.

      Ескерту. 688-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).


       

689-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орган



      1. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орган осы Кодекстің 289290291292293294 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 296 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары құқылы.

      Ескерту. 689-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).


       

690-бап. Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органдар



      1. Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органдар осы Кодекстiң 144 (бірінші бөлігінде (барлық қуаттардағы қазандықтардың жылу-механикалық жабдықтарын және жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) пайдалануды, тұтынушылардың жылу пайдалану қондырғыларын техникалық пайдалануды қоспағанда), 172 (барлық қуаттардағы қазандықтардың жылу-механикалық жабдықтарын және жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) пайдалануды, тұтынушылардың жылу пайдалану қондырғыларын техникалық пайдалануды қоспағанда), 300 (барлық қуаттардағы қазандықтарды және жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) қоспағанда), 300-1, 301 (барлық қуаттардағы қазандықтарды және жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) қоспағанда), 302303 (барлық қуаттардағы қазандықтарды қоспағанда), 305 (күзет аймақтарындағы жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) қоспағанда)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары құқылы.

      Ескерту. 690-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 14.01.2015 № 279-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.03.2016 № 479-V(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


       

691-бап. Көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттiорган



      1. Көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 230 (екiншi бөлiгiнде) (темiржол көлiгiмен, теңiз және iшкi су көлiгiмен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 464 (бірінші бөлігінде), 563 (бірінші бөлігінде), 564 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 565566 (бірінші бөлігінде), 580581 (бірінші бөлігінде), 582583 (бірінші бөлігінде), 589625 (теңiз және әуе көлiгi кемелерiндегi бұзушылықтар бөлiгiнде), 633634-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органның, оның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.

      2. Көліктік бақылау органдары осы Кодекстің 333 (бірінші бөлігінде), 441 (бірінші және екінші бөліктерінде), 464(бірінші бөлігінде), 559560561562571572 (бірінші бөлігінде), 573575576577578579580581582583(бірінші, үшінші бөліктерінде), 584585586587588589 (әуе көлiгi кемелерiндегi бұзушылықтардан басқа), 590 (сегізінші бөлігінде), 593 (екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 609616621(бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 623624625 (әуе көлiгi кемелерiндегi бұзушылықтардан басқа), 627628631 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

      Көліктік бақылау органдары атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:

      1) осы Кодекстiң көліктік бақылау органдарының ведомстволығына жатқызылған барлық баптары бойынша – көліктік бақылау органының басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық көліктік бақылау органдарының бастықтары мен олардың орынбасарлары;

      2) осы Кодекстің 441 (бірінші бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде), 560561562571572 (бірінші бөлігінде), 573575576582583 (бірінші, үшінші бөліктерінде), 584585587588589 (әуе көлiгi кемелерiндегі бұзушылықтардан басқа), 590 (сегізінші бөлігінде), 593 (екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 609616621 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 623625 (әуе көлiгi кемелерiндегi бұзушылықтардан басқа), 627631 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша – көліктік бақылау органдарының осыған уәкiлеттiк берілген лауазымды адамдары құқылы.

      Осы баптың екінші бөлігінің төртінші абзацында аталған лауазымды адамдар салатын айыппұл мөлшері жиырма айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.

      3. Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 230 (екінші бөлігінде) (әуе көлiгiмен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 564 (осы баптың бiрiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген, азаматтық авиацияға жатпайтын әуеайлақтарда немесе осындай әуеайлақтар ауданында жасалған бұзушылықтар туралы iстердi қоспағанда, бесінші бөлігінде), 565566 (бірінші бөлігінде), 567568569 (үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 570571 (бiрiншi бөлiгiнде), 589623 (әуе көлiгiнде бұзушылықтар жасағаны үшін), 626-баптарындакөзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

      Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:

      1) осы Кодекстiң азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның ведомстволығына жатқызылған барлық баптары бойынша – азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары;

      2) осы Кодекстiң 564 (осы баптың бiрiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген, азаматтық авиацияға жатпайтын әуеайлақтарда немесе осындай әуеайлақтар ауданында жасалған бұзушылықтар туралы iстердi қоспағанда), 565569 (үшінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 589623 (әуе көлiгiнде бұзушылықтар жасағаны үшін)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша – азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның осыған уәкілеттік берілген лауазымды адамдары құқылы.

      Ескерту. 691-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).


       

692-бап. Байланыс және ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган



      1. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 636 (бiрiншi бөлiгiнде), 637 (бiрiншi, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, он бірінші және он екінші бөлiктерiнде), 638(бiрiншi бөлiгiнде), 639640641-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:

      1) ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары;

      2) ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары құқылы.

      Ескерту. 692-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 419-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).


       

692-1-бап. Ақпарат саласындағы уәкілетті орган



      1. Ақпарат саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 452 (бірінші, екінші, бесінші, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде)-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.

      2. Мыналар:

      1) ақпарат саласындағы уәкілетті органның басшысы және оның орынбасарлары;

      2) ақпарат саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.

      Ескерту. 36-тарау 692-1-баппен толықтырылды - ҚР 24.11.2015 № 419-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).


       

693-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар



      1. Мемлекеттiк еңбек инспекциясы органдары осы Кодекстiң

       83 (жұмыс берушілер жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде),

       86 (бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 87888990939495969798230 (жұмыс берушiлер жасаған құқық бұзушылықтар бойынша екiншi бөлiгiнде), 519 (бiрiншi, екiншi, үшінші, бесінші және алтыншы бөлiктерiнде), 520-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

      2. Алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:

      1) мемлекеттiк еңбек инспекторлары құқылы;

      2) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. 693-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).


       

694-бап. Әдiлет органдары



      1. әдiлет органдары осы Кодекстiң 230 (екінші бөлігінде) (бұл бұзушылықтарды жекеше нотариустар жасаған кезде), 457, 459, 468, 670, 671 және 672-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға зияткерлiк меншiк құқықтары, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу саласындағы, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, облыстық, Астана және Алматы қалалары әдiлет органдарының басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.

      Ескерту. 694-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 26.07.2016 № 12-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқаенгізіледі).


       

695-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерін мемлекеттiк тiркеу, бағалау қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган



      1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу, бағалау қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 460, 464 (бiрiншi бөлiгiнде) және 466-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу, бағалау қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi органның, оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.

      Ескерту. 695-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 26.07.2016 № 12-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқаенгізіледі).


       

696-бап. Көшi-қон жөнiндегi органдар



      1. Көшi-қон жөнiндегi органдар осы Кодекстiң 520-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi (өз құзыретi шегiнде) қарайды.

      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға Қазақстан Республикасының көшi-қон жөнiндегi органының басшысы, облыстық, Астана және Алматы қалаларының көші-қон жөніндегі органының және көшi-қон жөнiндегi оған теңестiрiлген органының бастығы құқылы.

697-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлетті орган



      1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 140 (екiншi бөлiгiнде),

       230 (шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық жағынан қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын тұлғалар жасаған құқық бұзушылықтар бойынша екiншi бөлiгiнде), 297 (бiрiншi бөлiгiнде), 324325326 (бiрiншi және екінші бөлiктерiнде), 327328329330331332333 (бірінші бөлігінде), 334335336337344344-1344-2346347351352353356(екiншi бөлiгiнде), 358374377379391392 (бiрiншi бөлігінде), 393 (бiрiншi бөлiгiнде), 394395 (бiрiншi бөлiгiнде), 396 (бiрiншi бөлiгiнде), 397 (бiрiншi, екінші және үшінші бөліктерінде), 399 (бiрiншi бөлiгiнде), 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:

      1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттiк экологиялық инспекторлары және аға мемлекеттiк экологиялық инспекторлары – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға – елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға – екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;

      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экологиялық инспекторлары – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға – жетпiске дейiнгi, заңды тұлғаларға – екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;

      3) Қазақстан Республикасының аға мемлекеттiк экологиялық инспекторлары – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң қырыққа дейiнгi, лауазымды адамдарға – үш жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға – бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;

      4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттiк экологиялық инспекторлары – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға – бiр жүз елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға – екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүргiзiлген операция сомасынан не қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасынан пайызбен көрсетiлген айыппұл салуға;

      5) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк экологиялық инспекторы мен оның орынбасары – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға – бiр жүз елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға – екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүргiзiлген операция сомасынан не қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасынан пайызбен көрсетiлген айыппұл салуға құқылы.

      Ескерту. 697-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 17.11.2015 № 407-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).


       

698-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган



      1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 93230 (екінші бөлігінде) (қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілердің иелері жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 297298299(бірінші бөлігінде) (бөгеттер қауіпсіздігін қоспағанда), 305 (газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша), 306307308351352353 (техникалық қауіпсіздік бөлігінде), 356 (он бірінші және он екінші бөліктерінде), 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет