Әкімшілік құқық бұзушылық туралы



бет47/58
Дата24.05.2017
өлшемі9,45 Mb.
#16940
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   58

      3) қорғалатын объектiлерге, басқа да бөтен мүлiкке қолсұғушылықпен байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасалған кезде – әскерилендiрiлген күзет жұмыскерлерi әскерилендiрiлген күзеттiң қызметтiк үй-жайына немесе iшкi iстер органына (полицияға);

      4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара режимiн, шекара режимін және кедендік режимдi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы және Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiндегi режимді бұзушылықтар, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi әскери қызметшiсiнiң, өзге де әскерлер, әскери құралымдар әскери қызметшiлерiнiң, iшкi iстер органдары (полиция) қызметкерiнiң заңды өкiмiне немесе талабына қаскөйлікпен бағынбаушылық жасалған кезде – әскери қызметшi, iшкi iстер органдарының (полицияның) қызметкерi немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын күзету жөнiндегi мiндеттi орындайтын басқа жеке тұлға бөлiмшеге, әскери бөлiмге, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне, iшкi iстер органына (полицияға), жергiлiктi басқару органына;

      5) кәсiпкерлiк қызмет, сауда және қаржы, салық салу, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар жасалған кезде – экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерi;

      6) белгіленген басқару тәртібіне және мемлекеттік билік институттарына қол сұғатын құқық бұзушылықтар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасалған кезде – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері;

      7) күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын жүргізу кезінде құқық бұзушылықтар жасалған кезде – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнің қызметкерлері;

      8) өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде прокурордың тиiстi тапсырмалары немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға уәкiлеттiк берілген лауазымды адамдар тарапынан өтiнiш болған кезде – iшкi iстер органдарының қызметкерлерi iшкi iстер органына (полицияға) немесе өзге де мемлекеттiк органға жеткiзудi, яғни мәжбүрлеп келтiрудi жүзеге асырады.

      2. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында, аумақтық суларында (теңiзiнде) және iшкi суларында құқық бұзушылықтар жасалған кезде, жеке басын сол жерде анықтау мүмкiн емес тәртiп бұзушы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында, аумақтық суларында (теңізінде) және ішкі суларында заңсыз қызметті жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын, тиесілігі қарап-тексеру кезiнде анықталуы мүмкiн емес кемелер мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралдары құқық бұзушылықтың жолын кесу үшiн, сондай-ақ тәртiп бұзушының жеке басын және ұстап алынған кемелердiң, құқық бұзушылық жасау құралдарының тиесілігін анықтау және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшiн Қазақстан Республикасының портына (шетел кемелерi – шетел кемелерiнiң келiп кiруiне ашық Қазақстан Республикасы порттарының бiрiне) жеткiзiлуге жатады.

      3. Жеткiзу мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде жүргізілуге тиiс.

      4. Жеткiзу туралы хаттама жасалады не әкiмшiлiк құқық бұзушылық немесе әкiмшiлiк ұстап алу туралы хаттамаға тиiстi жазба жазылады.

      Адамды әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін көзделген мерзімде оны жеткізуді жүзеге асыру мүмкін болмаған кезде, өтініш беруші органның (лауазымды адамның) атына жеткізудің жүргізілмеу себептері көрсетіліп, жазбаша түрде не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында хабарлама жіберіледі.

      Ескерту. 786-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 


       

787-бап. Әкімшілік ұстап алу



      Әкiмшiлiк ұстап алуды, яғни құқық бұзушылықтың жолын кесу немесе іс жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында жеке тұлғаның, заңды тұлға өкілінің, лауазымды адамның жеке бас бостандығын қысқаша мерзімге шектеуді:

      1) Осы Кодекстің 685-бабына сәйкес бұл жөніндегі істерді ішкі істер органдары (полиция) қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар не осы Кодекстің 804-бабының бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес бұл жөніндегі істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалатын әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған кезде – ішкі істер органдары (полиция);

      2) төтенше жағдай режимi бұзылған кезде және төтенше жағдай кезiнде құқықтық тәртiптi бұзуға итермелейтін iс-әрекеттер кезінде – төтенше жағдай жарияланған жердiң комендатурасы мен әскери патрульдер;

      3) терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимi бұзылған немесе терроризмге қарсы операцияның жариялануына байланысты белгiленген талаптар орындалмаған кезде – терроризмге қарсы операцияға белгiленген құзыретi шегiнде қатысатын лауазымды адамдар;

      4) Осы Кодекстің 726-бабының үшінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнің лауазымды адамдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар не осы Кодекстің 804-бабы бірінші бөлігінің 44) тармақшасына сәйкес бұл жөніндегі істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалатын әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған кезде – осы қызметтің лауазымды адамдары;

      5) күзетiлетiн объектiлерге, басқа да бөтен мүлiкке қолсұғушылықпен байланысты құқық бұзушылықтар жасалған кезде – күзетiлетiн объект орналасқан жердегi аға әскери қызметшi, iшкi iстер органдарының, арнаулы мемлекеттiк органдардың қызметкерi, әскерилендiрiлген күзеттiң лауазымды адамы;

      6) балық қорғау органдары, аң аулау қағидаларының сақталуына мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдар мен орман және аңшылық шаруашылығы органдары сақталуын бақылауды жүзеге асыратын қағидалар бұзылған кезде – осы органдар;

      7) көлiк бақылау органдары сақталуын бақылауды жүзеге асыратын қағидалар бұзылған кезде – осы органдар;

      8) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының көлiк құралдарын басқаратын жүргiзушiлер немесе басқа да адамдар жол жүрісі қағидаларын бұзған кезде – әскери полицияның лауазымды адамдары;

      9) табиғат қорғау заңнамасы бұзылған кезде – қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды, қорықтар мен басқа да ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау органдары;

      10) кәсiпкерлiк қызмет, сауда және қаржы, салық салу, кеден ісі салаларында құқық бұзушылықтар жасалған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердiң ведомстволық бағыныстылығына сәйкес – мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамдары;

      11) алып тасталды - ҚР 06.04.2016 № 484-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      12) Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында, аумақтық суларында (теңiзiнде) және iшкi суларында рұқсат етiлген қызметтi регламенттейтiн лицензия шарттарының бұзылуына, ресурстық немесе теңiзде ғылыми зерттеулердi жүргiзу қағидаларының бұзылуына, қалдықтар мен басқа да материалдарды көму қағидаларының бұзылуына, Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңын, аумақтық суларын (теңiзiн) және iшкi суларын қорғау органдары лауазымды адамдарының кеменi тоқтату туралы заңды талаптарының орындалмауына немесе оның жүзеге асырылуына кедергi келтіруге байланысты континенттiк қайраңда, аумақтық суларда (теңiзде) және iшкi суларда әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасалған кезде – мемлекеттiк тау-кен қадағалау органдарының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң, геология және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның, қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау жөнiндегi органдардың, балық аулау жөнiндегi республикалық органның лауазымды адамдары;

      13) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);

      14) егер құқық бұзушылық күзетiлетiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi күзет iс-шараларын жүргiзу кезiнде жасалса – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң лауазымды адамдары;

      15) сот отырысы кезiнде залда, сондай-ақ атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындату барысында құқыққа қарсы әрекеттердi тоқтату туралы талаптар орындалмаған кезде – сот приставтары жүргізе алады.

      Ескерту. 787-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2016 № 484-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


       

788-бап. Әкiмшiлiк ұстап алудың тәртiбi



      1. Әкiмшiлiк ұстап алу жөнiнде хаттама жасалады. Хаттамада оның жасалған күнi, уақыты (минутына дейінгі дәлдікпен) және орны; хаттама жасаған адамның лауазымы, тегі және аты-жөні; ұстап алынған адамның жеке басы туралы мәлiметтер; ұстап алынған уақыты, орны және оның негiздерi көрсетiледi. Хаттамаға оны жасаған лауазымды адам мен ұстап алынған тұлға қол қояды. Ұстап алынған адам хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бұл жөнінде хаттамада жазба жазылады. Ұстап алу туралы хаттаманың көшiрмесi әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн ұстап алынған адамға тапсырылады.

      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн ұстап алынған адамның өтiнiшi бойынша өзінің қайда екендігі туралы туыстары, жұмыс немесе оқу орнының әкiмшiлiгi, сондай-ақ қорғаушысы дереу хабардар етiледi. Кәмелетке толмаған адамның ұстап алынуы туралы оның ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың хабардар етілуі мiндеттi.

      3. Әскери қызметшіні немесе әскери жиындарға шақырылған азаматты әкімшілік ұстап алу туралы әскери комендатура немесе ұстап алынған адам әскери жиындарды (әскери қызметті) өткеретін әскери бөлім дереу хабардар етіледі.

      4. Ұстап алынған адамға осы Кодексте көзделген оның құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі, бұл жөнінде әкімшілік ұстап алу туралы хаттамаға тиісті жазба жазылады.

      5. Ұстап алынған адамға оның құқықтары мен міндеттерін түсіндірмеу әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізудегі елеулі бұзушылық болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

      6. Осы Кодексте белгіленген тәртіппен ұстап алынған адам оны ұстап алуға негіз болған мән-жайлар жойылған кезде дереу босатылуға жатады.

      7. Әкiмшiлiк ұстап алуға ұшыраған адамдар арнайы бөлiнген, санитариялық талаптарға сай келетiн және оларды өз еркiмен тастап кету мүмкiндiгi болмайтын үй-жайларда ұсталады.

      8. Әкiмшiлiк ұстап алуға ұшыраған адамдарды ұстау жағдайларын, осындай адамдарды тамақтандыру нормасы мен оларға медициналық қызмет көрсету тәртiбiн атқарушы билiк органдары айқындайды.

      9. Өздеріне қатысты әкімшілік ұстап алу қолданылған кәмелетке толмағандар ересек адамдардан бөлек ұсталады.

789-бап. Әкiмшiлiк ұстап алу мерзiмдерi



      1. Әкiмшiлiк ұстап алу осы Кодекстiң 785-бабында көрсетiлген мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қажеттi уақыт iшiнде жүзеге асырылады және үш сағаттан ұзақ болмауы керек.

      Ұстап алынған адамның бас бостандығы ұстап алған адамға қандай да бір процестік мәртебе берілуіне немесе өзге де формальды рәсімдер орындалуына қарамастан, шын мәнінде шектелген кезде, минутына дейінгі дәлдікпен сол сағат ұстап алу мерзімінің басталуы болып табылады. Масаң күйдегі адамға қатысты әкімшілік ұстап алу мерзімі – медицина қызметкерi оны айықты деп куәландырған уақыттан бастап есептеледi. Нақты ұстап алу уақытынан бастап үздіксіз есептелетін үш сағаттың өтуі осы мерзімнің аяқталу кезі болып табылады.

      2. Күзетілетін объектілерге заңсыз кіргені, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы режимiн, шекара режимін және кедендік режимдi немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы және Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі режимдi бұзғаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңындағы, аумақтық суларындағы (теңiзiндегi) және iшкi суларындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргізу қозғалған адам – қажет болған жағдайларда жеке басын анықтау және құқық бұзушылықтың мән-жайларын анықтау үшiн бұл жөнінде ұстап алынған кезден бастап жиырма төрт сағат iшiнде прокурорға жазбаша хабарланып, қырық сегiз сағатқа дейiн ұсталуы мүмкiн. Төтенше жағдай жарияланған жерде коменданттық сағат енгiзiлуiне байланысты белгiленген тәртiптi бұзуға жол берген адамдарды iшкi iстер органдарының (полицияның) қызметкерлерi немесе әскери патрульдер коменданттық сағат аяқталғанға дейiн, ал өзімен бірге құжаттары жоқтарды – олардың жеке басын анықтағанға дейiн, бiрақ қырық сегiз сағаттан аспайтын уақытқа ұстай алады.

790-бап. Күштеп әкелу



      1. Осы Кодекстiң 785-бабында көзделген жағдайларда, өзiне қатысты әкiмшiлiк іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан жеке тұлғаны не заңды тұлғаның өкiлiн, әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын кәмелетке толмаған адамның заңды өкiлiн күштеп әкелу жүргiзiледi.

      2. Күштеп әкелуді әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарап жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) ұйғарымы негiзiнде тиісінше Қазақстан Республикасының Iшкi iстер, Мемлекеттік қызмет істері, Қаржы министрліктері белгiлегентәртiппен көрсетілген органдардың қарауында жатқан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iшкi iстер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеп-тексеру қызметі жүргiзедi.

      Ескерту. 790-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 18.11.2015 № 411-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2016 № 484-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


       

791-бап. Жеке басты жете тексеруді және жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын жете тексеру



      1. Жеке басты жете тексеру – құқық бұзышылықтарды анықтау және алдын алу, әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не оның нысанасы болған құжаттарды, заттарды және басқа да нәрселерді табу және алып қою мақсатында адамның денесін және оның киімін мәжбүрлеп зерттеп-қарау.

      2. Жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын жете тексеру – жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын құрылымдық тұтастығын бұзбай зерттеп-қарау.

      3. Жеке басты жете тексеруді және жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын жете тексеруді уәкілетті лауазымды адамдар ғана жүргізеді, олардың тізбесі осы Кодекстің 787-бабында айқындалған және ол толық болып табылады. Көрсетілген шараларды басқа адамдардың жүргізуіне тыйым салынады және заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

      4. Жеке басты тексерiп қарауды тексерiп қаралушымен жынысы бірдей адам және жынысы осындай екi куәгердiң қатысуымен жүргiзіледі.

      5. Жеке басты жете тексеру және жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын жете тексеру әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу кезеңінде ғана жүргізілуі мүмкін. Адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны жеке басты жете тексеруді және жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын жете тексеруді жүргізуге негіз болып табылады.

      6. Жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын (қол жүгiн, багажын, аң және балық аулау құралдарын, олжалаған өнiмi мен өзге де нәрселерін) тексерiп-қарау осы заттардың меншік иесі немесе иелігіндегі тұлғаның қатысуымен және екі куәгердің қатысуымен жүргiзіледi.

      7. Жеке тұлғаның қолында айналасындағылардың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн қару немесе өзге де нәрселер бар деуге негiздер болған ерекше жағдайларда, жеке басты жете тексеру, заттарын жете тексеру жиырма төрт сағат iшiнде прокурорға бұл жөнінде хабарланып, куәгерлерсіз жүргiзiлуi мүмкiн.

      8. Жеке басты жете тексеруді және жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын жете тексеруді (жетуге қиын жерде, тәуліктің түнгі уақытында, төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында) жүргізуге куәгерлердің қатысуы шын мәнінде мүмкін болмаған кезде, оның барысын және нәтижелерін тіркеудің техникалық құралдары міндетті түрде қолданыла отырып, куәгерлердің қатысуынсыз жүргізілуі мүмкін.

      9. Қажет болған жағдайларда фото- және кинотүсiрілім, бейнежазба жүргiзiледi, заттай дәлелдемелердi тіркеудің белгiленген өзге де тәсілдері қолданылады.

      10. Жеке басты жете тексеру, жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын жете тексеру туралы хаттама жасалады. Жеке басты жете тексеру туралы хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адамға, оның заңды өкiлiне тапсырылады. Хаттамада оның жасалған күнi, уақыты мен орны, хаттаманы жасаған адамның лауазымы, тегі мен аты-жөнi, жеке басы тексерiп қаралған адам, заттардың түрi, саны, өзге де сәйкестендіру белгiлерi туралы, оның iшiнде қарудың тұрпаты, маркасы, моделі, калибрi, сериясы, нөмiрi, белгiлерi, оқ-дәрiлердің, арнаулы жедел-iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдардың және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдарының саны және түрi туралы мәлiметтер көрсетiледi.

      11. Жете тексеру хаттамасында фото- және кинотүсiрiлiмiнiң, бейнежазбаның, құжаттарды тіркеудің өзге де тәсілдерінің қолданылғаны туралы жазба жазылады. Фото- және кинотүсiрiлiмдерiн, бейнежазбаларды, заттай дәлелдемелердi тіркеудің белгiленген өзге де құралдарын қолдана отырып, қарап-тексеру жүргiзу кезiнде алынған материалдар тиiстi хаттамаға қоса беріледi.

      12. Жеке басты жете тексеру, заттарды жете тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, жеке басы жете тексерілген адам, жете тексерілген заттар иесi, куәгерлер қол қояды. Жеке басы жете тексерілген адам, жете тексерілген заттардың иесi хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, хаттамаға тиiстi жазба жасалады.

792-бап. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi жете тексеру



      1. Көлік құралын, шағын көлемді кемені жете тексеру, яғни көлік құралын, шағын көлемді кемені олардың құрылымдық тұтастығын бұзбай жүргізілетін зерттеп-қарау құқық бұзушылық жасау құралдарын не әкімшілік құқық бұзушылық заттарын табу және алып қою мақсатында жүзеге асырылады.

      2. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексерiп қарауды екi куәгердiң қатысуымен осы Кодекстiң 787-бабындасанамаланған, осыған уәкiлеттік берiлген лауазымды адамдар жүргiзедi.

      Ерекше жағдайларда (жетуі қиын жерде тиісті қатынас құралдары болмаған кезде немесе басқа да объективті себептерге байланысты жеке тұлғаларды куәгерлер ретінде тартуға мүмкіндік болмаған кезде) көлік құралдарын, шағын көлемді кемелерді жете тексеру, яғни құрылымдық тұтастығын бұзбай жүзеге асырылатын зерттеп-қарау куәгерлердің қатысуынсыз, бірақ бұл ретте оның барысы мен нәтижелерін тіркеудің техникалық құралдары қолданыла отырып жүргізілуі мүмкін.

      3. Мыналар:

      1) көлiк құралында, шағын көлемдi кемеде әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралдары не нәрселер бар деп есептеуге жеткілікті негіздердің болуы;

      2) алкогольден, есірткіден, уытқұмарлықтан масаң күйдегі жүргізушінің көлік құралын басқаруы, егер жүргізуші уәкілетті лауазымды адамдардың заңды талаптарына бағынбаса;

      3) уәкілетті лауазымды адамдардың іздеудегі көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелерді ұстап алу жөніндегі іс-шараларды жүргізуі;

      4) егер көлік құралымен, шағын көлемді кемемен тасымалданатын жүк ұсынылған құжаттарға сәйкес келмейді деп есептеуге жеткілікті негіздер болса;

      5) көлiк құралының, шағын көлемдi кеменің тораптар мен агрегаттарын ұсынылған құжаттарға сәйкес деректермен салыстыруды жүргізу қажеттігінің болуы;

      6) көлiк құралының, шағын көлемдi кеменің пайдалануға тыйым салынған ақауы болуының анықталуы;

      7) көлік құралын ұстап алу, оны пайдалануға тыйым салу көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелерді жете тексеру жүргізу үшін негіздер болып табылады.

      4. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi жете тексеруді оларды иеленушi тұлғалардың не оның өкiлiнiң немесе көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi заңды негiзде басқаратын тұлғаның қатысуымен жүргiзiледi. Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда, оларға аталған тұлғалардың қатысуынсыз жете тексеру жүргізілуі мүмкiн.

      5. Көлiк құралдары мен шағын көлемдi кемелердi жете тексеру кезiнде анықталған заттарды тіркеу мақсатында қажет болған жағдайларда фото-, кинотүсiрiлiмі, бейнежазба жүргізіледі.

      6. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi жете тексеру туралы хаттама жасалады. Бұл хаттаманың көшiрмесi жете тексеру жүргізілген көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi иеленушi тұлғаға не оның өкiлiне немесе көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi заңды негiзде басқаратын тұлғаға тапсырылады.

      7. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi жете тексеру хаттамасында оның жасалған күнi мен орны, хаттама жасаған адамның лауазымы, тегі мен аты-жөнi, жете тексеру жүргізілген көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi иеленушiнің жеке басы туралы мәлiметтер, көлiк құралының, шағын көлемдi кеменiң тұрпаты, маркасы, моделі, мемлекеттiк тiркеу нөмiрi, өзге де сәйкестендіру белгiлерi туралы мәлiметтер көрсетiледi.

      8. Жете тексеру хаттамасында фото- және кинотүсiрiлiмдерi, бейнежазбалар, құжаттарды тіркеудің белгiленген өзге де тәсілдері қолданылғаны туралы жазба жазылады. Фото- және кинотүсiрiлiмдерiн, бейнежазбаларды, заттай дәлелдемелердi тіркеудің белгiленген өзге де құралдарын қолдана отырып, жете тексеру жүргiзу кезiнде алынған материалдар тиiстi хаттамаға қоса тiркеледi.

      9. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi жете тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, өзiне қатысты iс бойынша іс жүргiзiлiп жатқан адам, жете тексеру жүргiзiлген көлiк құралының, шағын көлемдi кеменiң иесi не оның өкiлi қол қояды. Өзiне қатысты іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адам, жете тексеру жүргiзiлген көлiк құралының, шағын көлемдi кеменiң иесi, оның өкiлi хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, хаттамаға тиiстi жазба жасалады.

793-бап. Қарап-тексеру



      1. Қарап-тексеру, яғни көлік құралын, сол жердi, нәрселерді, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін құжаттарды, тiрi адамдарды көріп зерттеу әкiмшiлiк құқық бұзушылық iздерiн, өзге де материалдық объектiлердi, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау үшiн маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында жүргізіледі.

      2. Қарап-тексеру әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалғанға дейін жүргізілуі мүмкін.

      Ескерту. 793-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).


       

794-бап. Қарап-тексеруді жүргiзудiң жалпы қағидалары



      1. Қарап-тексеру, әдетте, қажеттiлiк туындаған жағдайда кідіртілмей жүргiзiледi. Қажет болған кезде, сондай-ақ қарап-тексеруге қатысушылардың талабы бойынша хаттама жасалады, онда оның жасалған күнi мен орны, оны жасаған адамның лауазымы, тегi мен аты-жөні, қарап-тексерiлген адам, заттардың, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін тауарлардың түрi, саны, өзге де сәйкестендіру белгiлерi туралы, оның iшiнде қарудың тұрпаты, маркасы, моделі, калибрi, сериясы, нөмiрi, белгiлерi, оқ-дәрiлердiң, арнаулы жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдардың және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдарының саны мен түрi туралы мәлiметтер көрсетiледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет