«Әкімшілік құқық» пәнінен қысқаша курс дәрісі
1 Әкімшілік құқық түсінігі
Бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз, дербес мемлекет ретінде орныққанына 13 жыл толып отыр. Қазақстан –
зайырлы, әлеуметтік, бастысы құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуға міндет қойып отыр. Оның стратегиялық
мақсаттары: экономиканы нарықтық қатнастарға негіздеу, либерал – демократиялық қоғам құру және құқықтық
мемлекет орнату.Осы мақсаттарды жүзеге асыру жолындареформалар жүргізіліп жатыр және алдағы уақытта да
жүргізіле бермек. Қоғамдағы ең басты құндылық: адам және оның құқтары мен бостандықтары болып табылады. Ал
азаматтардың мемлекеттік басқару саласындағы құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етіп, оларды
құқықтық реттеп отыратын пән әкімшілік құқық пәні болып табылады. Қоғамда құқықтың алатын орны ерекше, жалпы
қоғамдық даму құқықсыз мүмкін емес. Құқық - қалыпты өміріміздің арқауы. Мамандар пікірінше құқық – жалпы
өркениет процессіндегі үзілмес компонент, қоғамдық мәдениет институты.
Білгілі құқықтанушы Алексеевтің ойынша құқық миссиясы терең қажеттіліктерден туындаған.Олар:
-
азаматтық қағидаларды (принциптерді) қалыптастыру.
-
басқарудағы түрлі мүдделердің ескерілуін қамтамасыз ету.
-
автономды тұлғаның дербес мәртебесін (статусын) сақтау.
Бұлардың бәрі әкімшілік құқықа да қатысты. Қоғамдық санада әкімшілік құқық атқарушы биліктің күштеу
құралы ретінде қалыптасқан. Әкімшілік құқық конституциялық қылмыстық құқықтар секілді дербес құқық
саласы болып табылады. Әкімшілік – сөзі латынша басқару мағынасында, сондықтан бұл саланы көбіне басқару
құқығы деп те атайды. Сонымен әкімшілік құқық дегеніміз мемлекеттік басқару саласында, атқарушы
мемлекеттік органдар қызметін жүзеге асыру процессінде қалыптасатын қоғамдық қатнастарды құқықтық
реттейтін заң саласы. Әкімшілік құқықтық реттеу қызметі мемлекеттік басқару аясында (сферасында)
қарастырылады, сонымен қатар әкімшілік құқық тұрғысынан басқару мазмұнындағы қатнастар мәселесі
көтеріледі.