«Әкімшілік құқық» пәнінен қысқаша курс дәрісі 1 Әкімшілік құқық түсінігі


Әкімшілік іс жүргізудің ережелері



Pdf көрінісі
бет14/22
Дата15.05.2020
өлшемі478,3 Kb.
#68702
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22
Байланысты:
Akimshilik kukyk. Daris

2.Әкімшілік іс жүргізудің ережелері

Әкімшілік-іс жүргізудегі құқық қабілеттілікті бағалағанда мынандай ережелерге сүйену керек:

1)

егер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген болса субъект әкімшілік процестің тарабы 



бола алады және оның құқығы, міндетті, заң қорғайтын мүдделері қозғалады;

2)

егер   субъект   құқықтық   мүмкіндіктерді   пайдалана   отырып   істің   қалай   шешілетіндігіне   мүдделілік  



танытса, ол процестің тарабына немесе қатысушысына айналады.

Әкімшілік-іс   жүргізушіліктегі   әрекет   қабілеттілік   өндірістің   жекелеген   түрлерінің   процедуралық 

талаптарының ерекшеліктерінескеріліп, әрқайсы үшін бөлек анықталады. Әкімшілік процестерден айырмашылығы сол, 

құқық институттары жекелеген өндірістерге қызмет көрсетеді, олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері бар (мысалы,  

әкімшілік мемлекеттік қызметке конкурстық негізде тағайындау; лицензия беруге құқылы органдардың шешімдеріне 

шағым келтіру тәртібі, т.б.)

1996 жылғы 31 мамырдағы «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы осы және  

басқа   да   жағдайларда   құқықтық   қатынастарға   қатысушылар   тізбесін   және   олардың   өз   құқықтары   мен   міндеттерін  

орындау тәртібін дәл көрсетеді.

Толық   құқылы   субъект   ретінде   процеске   қатысу   үшін   ұйым,   азаматтар   әкімшілік-іс   жүргізу   құқық 

қабілеттілігіне ие болуға тиіс. Мұндай құқық қабілеттілік әкімшілік құқық қабілеттілікпен тығыз байланысты. Мысалы, 

санитарлық, экологиялық, тау-техникалық қадағалау органдары қорытынды беоуге құқылы, ал оған сәйкес қызметтің  

лицензиялықтүрлеріне деген талаптар, сондай-ақ қызметтің лицензияланатын түрлерінің тізбесі анықталады. Бұл ретте 

заң шығарушы лицензия алудың заңдылығына күдік тудыратын және лицензия беруден бас тарту немесе оны алып қою 

мүмкін болатын негіздемелердің дәл тізбесін көрсетеді.

Азаматтар мен басқа да процеске қатысушылар, қандай да бір тараптың мүддесін білдіріп істі мәні бойынша 

шешеді (құқыққа талпынуы заңды ма). Бұл мәселенің шешіміне қарай шешім қабылданады (талапты қанағаттандыру,  

жаза беру немесе өндірісті қысқарту). Сонымен, уәкілетті орган (адам) заңға сәйкес шешім қабылдайды, себебі оның өзі 

заңға тәуелді. Заң күшіне сүйеніп ол шешімді жүзеге асырады ( ерікті және мәжбүрлеп), іс мүддесі үшін ресурстарды  

пайдаланады.

Процеске қатысушылардың оңдағы рөлі әртүрлі болғандықтан, олардың құқықтық мәртебелері де әртүрлі.  

Кез келген процесте  атқарушы  орган (лауазымды  адам) ерекше бөлініп тұрады, онда мемлекеттік-билік өкілеттілігі  

болады, яғни ол істі қарайды, ол бойынша шешім қабылдайды, оның орындалуын, қажет болған жағдайда мәжбүрлеу  

арқылы, жүзеге асырады. Атқарушы органдар әкімшілік процестің міндетті қатысушысы (тарабы) болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет