«Әкімшілік құқық» пәнінен қысқаша курс дәрісі 1 Әкімшілік құқық түсінігі



Pdf көрінісі
бет16/22
Дата15.05.2020
өлшемі478.3 Kb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22
Әкімшілік  жауапкершілік  ұғымы

1. Әкімшілік жауапкершілік белгілері

2.Әкімшілік жауапкершілік туындайтын негіздер.

3.Әкімшілік жауапкершілік ерекшеліктері.

4.Әкімшілік жауапкершілік реттейтін негізгі   нормативтік құқықтық акт


      Республикада қоғамдық  тәртіпті , басқару  тәртібін  орнату, азаматтардың  құқықтары мен  бостандықтарын  жүзеге 

асыру ,  азаматтардың демалу  мен  еңбек  етуі  үшін  қолайлы  жағдайлар  туғызу  мақсатында  сақталуы  қажетті 

болатын  ережелер  өте  көп. Ондай  ережелерге  жолда  жүру,  санитарлық,  мал  дәрігерлік,  өртке  қарсы,  кедендік, 

қауіпсіздік,  табиғи ресурстарды қорғау ережелері   жатады.

         Егер  осы  ережелердің  бұзылуы  үлкен  қоғамдық  зиян  келтіретін  болса,  онда  олар  қылмыстық 

жауапкершілікті  туғызады. Көпшілік  құқық  бұзушылықтар  мардымсыз  қоғамдық  зиян  келтіреді.  Сондықтан  ондай 

құқық  бұзушылықтар  әкімшілік  құқық  бұзушылықтар  деп  саналады  және  әкімшілік  жауапкершілікті  тудырады.

       Әкімшілік  жауапкершілік  жасалынған  әкімшілік  құқық  бұзушылыққа  деген  мемлекеттің  реакциясы  болып 

табылады.  Әкімшілік  жауапкершілік-  қылмыстық ,  тәртіптік  және  азаматтық-  құқықтармен  қатар  жауапкершіліктің 

бір  түрі.

      Әкімшілік  жауапкершіліктің  мәні  болып ,  әкімшілік  құқық  бұзушылық  жасағаны  үшін  құқық  бұзушыға 

әкімшілік  нормаларды  бұзғаны  үшін  әкімшілік  жаза  түріндегі  мемлекеттік  мәжбүрлеу  шаралары 

қолданылады. Бұл  шаралар  мемлекеттік  уәкілді  органдармен  тағайындалады.

Заңдық,  оның  ішінде  әкімшілік жауапкершілік  мемлекеттік  құқық  бұзушылыққа  қарсы  қолданылатын  амал 

болып  табылады,  нітижесінде  құқық  бұзушыға  құқықтық  нұқсан  келтіреді.  Тек  әкімшіліктік  ғана  емес, 

қылмыстық  құқық  та  да  мемлекеттік  реакциясын  сипаттайтын  әртүрлі  дефинициялар  пайдаланылады.

          Әкімшілік  құқық  бұзушылықты  жасау  айыптыға  қатысты  әкімшілік  жауапкерілік  түріндегі 

мемлекеттік  мәжбүрлеу  шараларын  қолдануға  әкеп  соғады.

     Әкімшілік  жауапкершілікті  Парламент,  Президент,  Үкімет,  жергілікті  мемлекеттік  өкілді  және  атқарушы 

органдар  айқындайды.  Жеке  тұлғаның  әкімшілік  жауапкершілігі  16 жастан  басталады.

     Әкімшілік  жауапкершілік  мәселелерін  реттейтін  Қазақстан  Республикасындағы негізгі  нормативті 

құқықтық акт  болып  2001 жылдың  30 қаңтарда  қабылданған  Әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  Кодекс 

табылады.  Кодекс  2бөлімнен  тұрады -  Жалпы  және  Ерекше. Кодекстің  Жалпы  бөлімінде  әкімшілік 

жауапкершілік  институтының  негізгі  ережелері, ал  ерекше  бөлімінде -  жекелеген  әкімшілік  құқық 

бұзушылықтардың  топтастырылуы,  оны  жасағаны  үшін  жазасымен  бірге  көрсетілген.

  1,1  Әкімшілік  жауапкершілік  белгілері ; 

            1.Мемлекеттік  органдармен  қолданылады.

            2. Мәжбүрлеу  түрде  қолданылады.

            3. Әділеттікті  орнату  түрде қолданылады.

            4. Келтірілген  зиянды  орнына  келтіру  түрде  қолданылады.

            5. Тұлғаларды  тәрбиелеу  түрде ,  сонымен  қатар тұлғалардың ар-намысын,  қадір- қасиетін  бұзбау  түрде 

қолданылады.

  Әкімшілік  құқықта  мемлекеттік  қызметкердің  жауапкершілігі  өзіне  жүктелген  міндеттерді  орындамағаны 

және  дұрыс  орындамағаны,  лауазымдық  өкілеттігін  арттырғаны,  мемлекет  және  еңбек  тәртібін  бұзғаны, 

сондай- ақ  мемлекеттік  қызметкерлер  үшін  белгіленген  шектеулерді  сақтамағаны  үшін  туындайды. 

Құқықтың  әртүрлі  формаларын  жүзеге  асырудағы  іс - әрекеттің  ауытқитын,  заңсыз  түрлері  әрқалай  болады, 

тиісінше ықпал  ету  шаралары  да  өзгерді. 

ӘҚтК- тің 60-бабының  5 – бөлігінде  көзделгендей,  қызметтік  міндеттің  атқармаған  үшін  берілген 

әкімшілік  жаза  сол  өзіне  жаза  беруге  негіз  болатын  міндеттерді,  орындаудан  босатпайды. Бұл, 

мысалы, әкімшілік  жауапкершілікті  тек  болуы  мүмкін  теріс  салдарларға  ғана  әкеп  тіреуге 

болмайтындығын  көрсетеді. Жауапкершіліктің  негіздемесі -  құқық бұзушылық ,  ал  қорғну  шараларының 

негіздемесі -  уәкілетті  субъектінің  мүдделері  мен  құқықтарын  бұзу  болып  табылады.

Әкімшілік  жауапкершілік  арнайы  процедуралар  белгіленген  тәртіпте  сақталып,  белгіленген  іс  жүргізу 

формаларында  жүзеге  асырылады.

    Қылмыстық  -құқықтық, азаматтық – құқықтық  жауапкершілікке  қарағанда  әкімшілік  жауапкершілік;

 1.құқыққа  қарсы  жасалған  әрекет  фактісі  үшін:

 2әкімшілік – құқықтық  нормаларда  көзделген  жағдайларда:

 3.уәкілеттігі  бар  органдар  арқылы  сот  және  әкімшілік  тәртібінде  қолданылады.

Әкімшілік  жауапкершілікті  Парламент, Президент, Үкімет  және  басқа  арнайы  органдар  белгілейді. 

Былай  қарағанда  бұл  Конституцияның  61- бабына  қайшы  келеді, онда  жеке  Қазақстан 

Республикасының  Парламенті  шығарған  заңдар  анықталады  делінген.

2,2 Әкімшілік  жауапкершілікті  реттейтін  негізгі  нормативтік -  құқықтық  акт  ӘҚтК болып  табылады. 

Кодекстің  Жалпы  бөлімінде  әкімшілік  жауапкершілік  институтының  негізгі  ережелері  баяндалған, 

Ерекше  бөлімінде  әкімшілік  құқық  бұзушылықтың  топтамасы,  олардың  жасағандық  үшін  берілетін 

әкімшілік  жазалардың  нақты  түрлері  көрсетілген.

   Әкімшілік  құқық  бұзғандық  үшін  жауапкершілікті  жеңілдететін  немесе  болдырмайтын  актілердің  кері 

күші  бар,  яғни  олар  бұл  актілер шыққанға  дейін  жасалған  құқық  бұзушылыққа  да  таратылады. 

Әкімшілік  құқық  бұзушылық  үшін  жауапкершілікті  белгілейтін  немесе  күштейтін  актілердің  кері  күші 

болмайды.

Сонымен  әкімшілік  жауапкершілік  - заңдық  жауапкершіліктің  бір  түрі,  ол  құқық  бұзушыға  әкімшілік 

құқық  бұзғаны  үшін  уәкілетті  органдардың  әкімшілік  заңнамада  белгіленген  тәртіпте  әкімшілік  жаза 

қолдануынан  көрініс  табады. 44- бабқа  сәйкес  әкімшілік  жазаның  мәні -  құқық  бұзушылық  жасаған 

адамды  құқығынан  айыруға  немесе  құқықтан  шектеуде.  Бұл  жерде  әкімшілік  заңнамада  әкімшілік, 

тәртіптік  және  материалдық  жауапкершілік  көзделгенін  ұмытпаған  жөн.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет