«Әкімшілік құқық» пәнінен қысқаша курс дәрісі 1 Әкімшілік құқық түсінігі



Pdf көрінісі
бет19/22
Дата15.05.2020
өлшемі478,3 Kb.
#68702
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Akimshilik kukyk. Daris

1.Әкімшілік процестің өндірісі.

2.Әкімшілік іс жүргізу сатылары.

3.Әкімшілік өндіріс.

                      Әкімшілік іс-жүргізу бұл бір түтас әрекеттер.Әкімшілік материалдық нормаларды жүзеге асыруда қолданады.

  Жүзеге асыру қолданатын әкімшілік қолдну,яғни мемлекетті басқару органдарының арнайы әрекеттері құқық бұзған тұлғаларға 

қолданады.Бұл құқық бұзушылықты қарау,жазаны тағайындау және берілген жазаны жүзеге асыру болады.

  Құқықтың дәстүрлі іс жүргізу сатыларында,оның ішінде әкімшілік- іс жүргізу саласында құқық қолдану қызметі 

неғұрлым майда бөліктердің- өндірістердің-жиынтығынан тұрады, яғни процесс дегеніміз өндірістер 

жиынтығы.Әкімшілік өндіріс-өкілетті субъектілеріндің жеке нақты әкімшілік істерді,олардың белгілі бір жақтарын 

қарау және шешу жөніндегі қызметінің нормативтік реттелінген тәртібі.Әкімшілік өндіріс өзі шешетін істердің 

сипаттарына қарай басқалардан өзгеше,ол сипат өндірістің аталуында көрініс табады.Істердің сипаты өндіріс алдында 

тұрған нақты міндеттердің ерекшеліктердің  де анықтайды.

  Әкімшілік проестің құрлымы болып табылатын өндірістер тізбесін толықтай беру мүмкін емес,себебі қоғамдық қатынастардың 

дамуына байланысты олрдың кйбіреуіөз мәнін жояды, ал басқалары, керісінше, пайда болады.

Күшіндегі заңнаманың жайы ескеріліп бүгінгі күндері құқықтық әкімшілік процесте өндірістің мына түрлері біріктірілген:

-

жеке құрамды жинақтау



-

жекешелендіру жөнінде

-

азаматтардың арыз-шағымдарын қарау



-

жаңалық ашу істері, патент істері

-

мемлекеттік және қоғамдық мұқтаждық үшін жерді алу



-

жер учаскелерін азаматтар мен заңды тұлғалардың иемденуіне, пайдалануына және жалдауына беру

-

мадақтау


-

бөліп тарату және т.б.

Әкімшілік – юрисдикциялық процесте біріктірілгендер :

-

әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер;



-

қоғамға үлкен қауіптілік тудырмайтын қылмыстардың белгісі бар іс-әрекеттер туралы істер бойынша әкімшілік 

жазалау шараларын қолдану;

-

шағымдар;



-

шетел азаматтары мен азаматтылығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан аластату;

-

тәртіптік өндіріс;



-

өз бетімен тұрғызған шаруашылық және тұрмыстық құрылыстарды бұзу туралы істер

-

белгіленген мерзімде бюджетке төленбеген салықтар мен басқа да төлемдерді кәсіпорындардан бірінші кезекте 



және сөзсіз өндіру жөніндегі;

-

республикалық бюджеттен бөлінген, бірақ өз мақсатында жұмсалынбаған қаражатты сөзсіз бюджетке өндіру



-

жерді пайдалану ережелерін ұдайы бұзғаны үшін жер учасклерін қайтарып алу.

Осыларға байланысты бірқатар анықтаулар қажет:

1.

өндірістің қай түрін алсақ та тек жаңа қатынастарға қызмет етумен ғана емес, материалдық нормаларды жүзеге 



асырудың іс жүргізушілік тәртібімен де байланысты;

2.

өндірістің нақты түрі, өкілетті органдардың билік жасауының, өктем өкілеттіктерінің және өндіріске 



қатысушылар арасындағы тікелей байланыстардың шектеулі шегін белгілеуді көздейді;

3.

өндіріс түрлерінің типологялық сипаттамасы мына талдамалармен байланысты болуы мүмкін:  а) қандай бір 



қатынас шегінде дамыйтын қатынастар;  б) қатынастарға қатысушылар қойған мәселелерді шешудің іс-формалары;  в) 

уәкілетті органның құқық субъектілігімен анықталатын өндіріс мазмұны;

4.

өндіріс істің шешілуімен байланысты болғандықтан, ол мына түрде болуы мүмкін:  а) формальды-логикалық 



процес түрінде;  б) шығармашылық процес түрінде;  в) мемлекет органдарының мемлекеттік-биліктік қызметі түрінде.

В.А. Юсуповтың ұсынысы көңіл аударарлық, ол өндірісті:

1) құрылтайшы өндіріске; 2) актілер дайындау бойынша өндіріске; 3)оперативтік қызметті жүзеге асыру бойынша өндіріске; 4) 

тіркеу әрекеттерін жүзеге асыру бойынша өндіріске; 5) істерді қарау бойынша , т.б. бөледі.

Өндірістік әкімшілік процестің белгілі бір түрінің құрылымдық бөлімі ретінде және құқықтық институт ретінде қарастыруға 

болады.


Бірақ, егер заңдық нормалардың бұл жиынтығы құқықтық институт деп аталатын болса, онда олардың бір тұтастығы, 

субъектілердің, қатысушылардың мүдделі мәселелерді шешудегі өзара әрекеттерін біріктіретін сипаттар жайында айтуға да 

негіздер бар. Бұл тұрғыдан алғанда өндіріс түрлерін топтастыру жіктеудің айқын негіздемелерін қажет етеді, олай болмаған 

жағдайда жинақталған әрекеттер тізбесін өте жалпылама, шексіз жасауға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет