«Әкімшілік құқық» пәнінен қысқаша курс дәрісі 1 Әкімшілік құқық түсінігі



Pdf көрінісі
бет20/22
Дата15.05.2020
өлшемі478,3 Kb.
#68702
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Akimshilik kukyk. Daris

2 Әкімшілік іс-жүргізу сатылары

Барлық прцестер сатыларға бөлінеді -  процес субъектілерінің қыйсынды байланыстағы, бірінен кейін бірі кезектесіп келетін 

әрекеттері. Әкімшілік – іс жүргізу сатылары процестің динамикасын көрсетеді : бастапқы кезін, аралықтағы жағдайын, сатысын. 

Әрбір сатыда өзіндік дербестік бар және ол белгілі бір аралық мақсаттады белгілі уақыт аралығында шешуді көздейді. Процестің 

кез келген сатысында оған қатысушылар өзіне тән іс жүргізу рөлін атқарады, тиіті іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін 

иеленеді, белгіленген тәсіл бойынша іс жүргізу әрекеттерін жасайды. Кейбір сатыларда процестің аяқталу сипаты бар.




Кез келген әлеуметтік басқару, оның ішінде мемлекеттік те, циклды болады, сондықтан әкімшілік процесте де мұндай қасиет бар. 

Әрбір заң ісі процесте бірқатар сатыдан өтеді, олардың жиынтығы басқарушылық циклды құрайды. Мұндай, әкімшілік процес 

үшін, сол себепті оған кіретін өндірістің кез-келгені үшін де ортақ болып келетін мынадай сатылар бар:

1. шешімін күткен проблемаларды анықтау;

2. бұл проблеманы талдау және шешім жобасын даярлау;

3. жобаны қарау

4. жобаны бекіту, яғни шешім қабылдау;

5. оны орындаушыға дейінжеткізу;

6. шешімнің орындалуын ұйымдастыру және оның орындалуын бақылау;

7. қажет болған жағдайдабұрын қабылдаған шешімдіқайта қарау, оны түзету, әрекеттерді бұзу не тоқтату.

Әрине, әкімшілік өндірістің барлығында бірдей бұл аталған сатылар түгел бола бермейді. Мысалы, егер арыздыңөзінде 

айқын көрсетілген болса, азаматтардың шағымдары бойынша өндірісте проблеманы айқындау сатысының қажеті болмайды.

Басқарушылық құқық шығармашылық процесіне қатысты мынадай сатылар бөлініп алынады:

1.

акт шығарудың қажеттілігін анықтау;



2.

акт жобасын даярлау;

3.

акт жобасын басқару органының қарауына ұсыну;



4.

жобаны талқылау;

5.

жоба бойынша шешім қабылдау;



6.

қабылданған актіні жариялау;

Көптеген сатыларда кезеңдерді – саты ішінде аралық мақсатты көздейтін әрекеттердің жиынтығын бөліп алу қиын 

емес. Мысалы, азаматтардың шағым-арыздары бойынша өндірісте істі қарау сатысы өзіне нақты мән- жайларды 

анықтауды және зерттеуді; басқарушылық құқық шығармашылық актісінің жобасын талқылау сатысы оны мүдделі 

қатысушылар тапсыруды, заңды күшіне енер алдында актіге барлық түзетулерді енгізуді және келісуді қамтиды.

Сонымен, процесте төрт деңгейлі құрылым бар, олар: әрекеттер-кезеңдер-сатылар-өндіріс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет