Әкімшілік құқығы,пәні,ұғымы.
Әкімшілік құқық міндеттері, мақсаты.
ҚР Әкімшілік құқығы,пәні,ұғымы.
Әкімшілік құқық дегеніміз мемлекеттік басқару саласында органдар қызметін жүзеге асыру процессінде
қалыптасатын қоғамдық қатынастарды құқықтық реттейтін заң саласы.Әкімшілік құқықтық реттеу қызметі мемлекеттік
басқару аясында қарастырылады,сонымен қатар әкімшілік құқық тұрғысынан басқару мзмұнындағы қатынастар
мәселесі көтеріледі.
Әкімшілік құқық ҚР құқық саласы,ол қоғамдық қатынастардың ерекше топтарын реттеуге бағытталған.Оның ең
негізгі ерекшелігі мемлекеттік басқару аумағында болады және аяқталынады, яғни, ҚР-ның мемлекеттік әкімшілік
аумақтық бөліністерде атқарушы биліктің жүйесін ұйымдастыру және қызмет етумен байланысты.Мұндай қатыныстар
өзінің сипатына қарай әр түрлі және олар әкімшілік құқық пәнін құрайды.Бұл қоғамдық қатынастар мемлекеттік-
басқарудың қызметімен байланысты,сондықтан ол басқарушылық деп аталады.Сонымен басқару тек қана мемлекеттік
тұрғыдан жүзеге асырылмайды,бұл жағдайда қоғамдық қатынастар туралы сөз болады,яғни оларда мемлекеттік
мүдде,мемлекеттік басқарудың еркі(көпшілік мүддесі) нақты айқындалады.Сондықтан өзінің табиғаты жағынан
басқарушылық болып табылатын барлық қоғамдық қатынастар әкімшілік құқық пәніне жатқызылуы мүмкін,оның
ішінде олар мемлекеттік емес (қоғамдық бірлестікті,коммерциялық құрылымдар т.б) құрылымдардың қызмет етуімен
байланысты қатынастар.Өйткені олар мемлекеттік мүддені көздемейді,олардың басқарушылық қатынастары өздерінің
ұйымдастыруына қамтамасыз етуге бағытталған.Оларда,осы бірлестіктер мүшелерінің еркі мен мүдделері(заңдылық
нормаларда емес) жарғылық нормаларда бекітіледі.Осылай болғандықтан әкімшілік құқық мемлекеттік емес
құрылымдардың қызметі мен ұйымдастыруын көңіл бөлмейді дегенді білдірмейді.Заңда тікелей көзделген реттерде,
оларға реттеушілік әсер етеді.
II бөлім: Әкімшілік құқық міндеттері мен мақсаты.
Әкімшілік құқық жалпы қоғамдық қатынастарды,оның ішінде әкімшілік құқықтық реттелуін қарастырып,тәжірибеде
әкімшілік-құқықтық нормалардың орындалуын бақылайды және мемлекеттік басқаруда объектілер мен субъектілердің
құқықтық мәртебесін белгілеп, басқарудың құқықтық әдістері мен нормаларын және олардың жүргізілуі тәртібін
айқындап,сонымен қатар басқарушы мен басқарылушы жақтардың қызметін құқықтық реттейді.
Әкімшілік құқықтың негізгі мақсат-міндеттері:
-қоғамның, мемлекеттік аппараттың,азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басты құрал ретінде әкімшілік
биліктің тиімді қызмет етуіне жағдай жасау.
-атқарушы билікті демократиялық ұйымдастыру.
-атқарушы биліктің қалыптасуы мен байланысты азаматтар мен олардың бірлестіктерінің құқықтары мен
бостандықтарының нығаюына оң әсер ету.
-азаматтар мен қоғамды – атқарушы биліктің бір жақты озбырлығынан қорғау.
-қоғамдық қатынастарды реттеу,нығайту.
-Конституция талаптарына сай немесе қоғамдық даму заңдарына сай жаңа қоғамдық қатынастарды қалыптастыру.
-әкімшілік нормалармен, өзге де құқық салаларымен реттелген қоғамдық қатынастарды қорғау.
-қоғам, мемлекет,азматтар мүддесіне сай емес басқару саласындағы қатынастарды ығыстыру сияқты міндеттер мен
мақсаттарға негізделінген.
Әкімшілік құқықтың басты мақсаты – мемлекеттік билік аппаратын заң мүддесіне қызмет етіп,оның талаптарын
орындауға бағыттау.
1.Әкімшілік құқықтық қайнар көздер ұғымы.
"Әкімшілік құқық қайнар көздері"термині басқарушылық қатынастар субъектілерінің іс-әрекет ережелерін
баяндаудың және бекітудің мемлекеттік билік ресми таныған формасын білдіреді.Қайнар көзі болып саналуы үшін әрбір
мұндай формада бірқатар мынадай белгілер болуы тиіс:
-субъектілердің белгілі бір санаттары міндетті түрде орындайтын бір немесе бірнеше қарекет ережелері болуға;
-практикалық маңызы бар және де әкімшілік құқықтық қатынастар субъектілерінің қызметінде жиі қолданады;
-әкімшілік құқықтық қатынастар субъектілерінің қандайда бір заңдық маңызы бар әрекеттер жасау үшін негіздемелері
болуға;
-елдің қолданыстағы құқық жүйесімен үйлесуге ,ғылыми құқықтық доктринаға сәйкес келуге.
Қайнар көздерінің бұл аталған белгілерін жинақтап қорыта келе,әрқашанда,құқықтың формасы мен көзін ажырату
қажет екендігін айта кету керек.Біріншіден,құқық көзі құқық формасы ретінде әрқашан да институттандырылған,ал
форма дегеніміз-заң шығару қызметінің нәтижесі(С.Алексеев). Екіншіден,тек ереже ғана құқық нормаларымен қойылған
адамдардың характерін анықтайды(Н.М.Каркунов).Норма жасаушылар ,дәстүрге беріліп ,әлеуметтік өмір мемлекет
белгілеген ережелер арқылы басқарылады деп есептейді.
Құқық көзін түсінуде көптеген авторлардың осындай көзқараста екендігін айта келе мәдениеттану сипаттамасына
берілген бағаның басқа да тұжырымдамаға әкелуі мүмкін демекпін.
2. Әкімшілік құқық қайнар көздерінің түрлері.
Заң әдебиетінде көптеген авторлар әкімшілік құқығының қайнар көздері ретінде негізгі 6 нысанын атап өтеді:
1.нормативті актілер.
2.құқықтық салт-дәстүр.
3.сот прецеденті.
4.шарт(соның ішінде тек әкімшілік шарт)
5.сот тәжірибесін жалпылау.
6.ғылыми құқықтық доктрина.
1.Нормативтік құқықтық актілер-референдумда қабылданған уәкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды
адамы қабылдаған ,құқықтық нормаларды белгілейтін ,олардың қолданылуын өзгертетін ,тоқтататын немесе уақытша
тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат.Нормативтік акт-қоғамдық қатынастарды құқықтық
реттеудің негізгі құралы.Нормативтік актілердің әкімшілік құқықтың қайнар көздері екендігінде дау жоқ.Құқықтық
нормалардың осы формада көрініс табуы құқық көздерінің барлық белгілерін қанағаттандырады.
Жобасын жасауға осы жұмыстың авторы қатысқан "Нормативтік құқықтық актілер туралы"ҚР Заңды нормативтік
құқықтық актілерді негізгі және туынды деп бөледі.Нормативтік құқықтық актілердің негізгі түрлеріне мыналар
жатады:1)Конституция,конституциялық заңдар,кодекстер ,заңдар;2)ҚР Президентінің заң күші бар жарлықтары;3)ҚР
Парламенті мен оның палаталарының қаулылары;4)ҚР Үкіметінің нормативтік қаулылары;5)ҚР Конституциялық
Кеңесінің ,Жоғарғы сотының және ҚР Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары ; 6)ҚР министрлерінің
және орталық мемлекеттік органдардың басқа басшыларының нормативтік бұйрықтары;7)мемлекеттік комитеттердің
нормативтік қаулылары ,басқа да орталық мемлекеттік органдардың нормативтік қаулылары.
Туынды нормативтік актілерге мыналар жатады:
1)реламент; 2)ереже; 3)қағида; 4)нұсқаулық.
2.Құқықтық салт-дәстүр деп қоғамдағы мемлекеттік билікке тәуелсіз пайда болған тәртіптер жиынтығын
айтуымызға болады,сонымен қатар оның мемлекет пен құқықтың даму тарихында аталатын орны ерекше .Бүгінгі күні
ол қайтадан кеңінен тарауда .1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексінің 3-бабына азаматтық құқықтың қайнар көзі ретінде салт-дәстүр танылады деп көрсетілген.
3.Сот прецеденті деп-белгілі бір іс бойынша сот қабылдаған шешімнің тура сондай істерге қолданылуын айтуымызға
болады .Сот прецеденті әкімшілік құқықтың қайнар көзі ретінде англо-саксондық құқық жүйесінде кеңінен
қолданылады.Құқықтың аталған қайнар көзі Қазақстан құқық жүйесіне тән емес.
4.Шарт-екі немесе одан да көп субъектілердің арасындағы келісім,құрамы мінез-құлық ережелерінен тұрады және тек
қана осы субъектілері үшін ғана міндетті.Шарт құқықтың қайнар көздерінің барлық талаптарына сай келеді.
5.Сот тәжірибесін жалпылау немесе талдап қорыту-бұл бірдей және көптеген нормалардың қатынасының
нәтижесінде шығатын нақты істі шешу барысында пайда болған құқықтық жағдай.Соттық тәжірибені жалпылау егер
Республиканың Жоғарғы Сотының Нормативтік Қаулысымен қаралса құқықтың өзіндік қайнар көзі болып
табылады,сонымен қатар,құқық қабылдау және құқық шығармашылық қызметінде зор рөл атқарады.
6.Ғылыми құқықтық доктрина-құқық және құқық ғылымы саласындағы пайда болған қағидалар мен көзқарастар
жүйесі.
Құқықтық доктринаның негізгі жағдайларымен байланысты мыналар іске асады:
-құқықтық әрекет;
-құқықтық нормаларды қолдану процесінде заң баптарын талқылау;
-құқықтағы кемшіліктерді толықтыру.
Іс жүзінде ғылыми құқықтық доктрина құқықтың қайнар көзі функциясын атқарады, алайда оны бірқатар жағдайларға
байланысты әкімшілік құқықтың қайнар көзі қатарына жатқызуға да болмайды.Біріншіден,ғылыми доктринада нақты іс-
әрекет тәртібіне сілтеме табу қиын.Екіншіден,ғылыми доктрина мемлекеттік билікпен арнайы қайнар көзі ретінде
қабылданбай,сондықтан оның шығарған шешімдерінің негізгі арнайы құқықтың қайнар көзіне сілтемесіз заңды күші
болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |