1.Әкімшілік құқық субьектілері туралы жалпы мағлұмат.
2. Жеке әкімшілік – құқықтық субьектілер.
3.Ұжымдық әкімшілік – құқықтық субьектілер.
Әкімшілік – құқықтық субьектілерге тоқталмас бұрын , ең алдымен
« әкімшілік – құқықтық субьектісі» ұғымына түсінік беру керек. Әкімшілік – құқықтық субьектісі болып азаматтар, қоғамдық
және мемлекеттік емес бірлестіктер мен олардың қызметкерлері, сондай – ақ кәсіпорындар мен мекемелер , ұйымдар мен еңбек
ұжымдары саналады.
Әкімшілік құқықтық субьектілері мынадай 3 шарт бойынша ғана әкімшілік құқықтық қатынастардың субьектісі болып
табылады:
-
субьектілердің құқықтары мен міндеттерін қарастыратын әкімшілік құқықтық нормалары;
-
субьектілердің құқықтық және әрекет ету қабілеттілігінің болуы;
-
құқықтық қатынастардың өзгеруі мен тоқтатылу негіздерінің қалыптасуы;
Әкімшілік – құқықтық субьектілер жеке және ұжымдық болып 2-ге бөлінеді.
Жеке субьектілерге азаматтардың жеке Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілік құқықтық әрекеттері мен
құқықтары жатады. Ал ұжымдық субьектілерге Қазақстан Республикасының Үкіметі , Министрліктер, Мемлекеттік
комитеттер және ведомствалар , сондай – ақ жергілікті органдар мен ұйымдар жатады. Жеке әкімшілік құқықтық субьектілерін
қарастыратын болсақ, ол ең алдымен азаматтың құқықтық мәртебесінен басталады. Сондықтан ең алдымен « азамат» деген
түсінікті анықтап алу қажет. Заң әдебиеттерінде ол біріншіден, адамның қандай да бір мемлекетпен саяси – құқықтық
қатынастарын анықтайды. Екіншіден , «азамат» деп кейбір құқықтың саласында белгілі бір салада нақты құқықтарға ие жеке
тұлғаны атайды. Әкімшілік құқықта « азамат» деген ұғымға осындай түсінік беріледі. Сонымен бірге конституциялық –
құқықтық анықтама бойынша азаматтығы жоқ және шетел азаматтары да әкімшілік құқықтық субьектісі болып табылады.
Заң ғылымы мен әдебиеттерінде азаматтардың әкімшілік – құқықтық мәртебесінде , азаматтар мемлекеттік басқару
органдары арасындағы қарым – қатынастар туралы мәселелерге көп көңіл бөлінеді. Бұл мәселелер қазіргі Қазақстанның
даму кезеңінде елеулі мәнге ие болып отыр. Кез келген азамат өзінің өмір сүру барысында басқа мемлекеттік органдарға
қарағанда мемлекеттік басқару органдарымен көбірек қақтығысады. Олардың қарым – қатынастарынан көптеген
конституциялық және басқа да құқықтар туындайды , сонымен қатар, әкімшілік – құқықтық нормалар азаматтар мен мемлекет
арасында қалыптасып келе жатқан қақтығыстарды реттейді ; азаматтардың бостандығы мен құқықтарын дамытып,
бақылайды ,азаматтардың бостандығы мен құқықтарын ұйымдастыру механизіін қалыптастырады. Мысалы: тіпті адамның
өмір сүрі құқығы әкімшілік – құқықтық нормалармен актілерде бекітілген. Азаматтың өмірге келгенінен бастап, дүниеден
өткенге, тіпті өлімді анықтаудың өзі актілермен жүзеге асады. Сонымен азаматтың білім алуы білім туралы заң және басқа да
актілермен бекітіліп, бірқатар әкімшілік – құқықтық нормалармен негізделген. Сондай –ақ, әкімшілік құқықтық, тек
мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеп отырады.
Азаматтардың әкімшілік құқықтық мәртебесі жалпы құқықтық мәртебесінің бөлігі болып табылады және оның
төмендегідей элементтері бар.
1.
әкімшілік құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі ;
2.
мемлекеттік басқару саласындағы құқық пен міндеттер;
3.
азаматтардың бостандығы мен құқығының әкімшілік – құқықтық кепілділігі;
Әкімшілік құқықтық субьектісі болу үшін азаматтар әкімшілік құқық қабілеттілігіне және мемлекетті басқару
саласында құқықтар мен міндеттерге ие болу керек. Жалпы азаматтарда әкімшілік әрекет қабілеттілігі басқа құқықтық
салаларға қарағанда ерте қалыптасады. Мысалы , мектеп оқушылары бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге шаралар
қолдануды әкімшіліктен талап етеді, мысалы, жастар ісі жөніндегі мемлекеттік органдарға үндеу жариялау сияқты.
Толыққанды әкімшілік әрекет қабілеттілігі 18 жастан ғана басталады. Әкімшілік құқық және әрекет қабілеттілігі тек
жас мөлшеріне ғана емес, сондай –ақ денсаулыққа, тұрғылықты жеріне , біліміне және басқа да факторларға негізделіп
қалыптасады. Кейбір фактор әкімшілік құқық және әрекет қабілеттілігін толығымен немесе жартылай шектеуі мүмкін.
Мәселен, психикалық аурулар мен мүгедектер транспорт жүргізу құқықтарынан айырылады, соттық жауапкершілікке
тартылған және арнайы білімі жоқ азаматтар мемлекеттік аппаратта лауазымды міндет атқару құқығын жоғалтады.
Кез келген құқық субьектісінің және азаматтың әкімшілік – құқықтық мәртебесінің басты элементі болып,
мемлекеттік басқару саласындағы құқық пен міндеттер саналады. Оларды бірнеше себептерге байланысты жүктеуге болады.
Әкімшілік – құқықтық мәртебе азаматтың конституциялық мәртебесімен тығыз байланысты болғандықтан конституцияға
қатысты құқықты бөліп көрсетуге болады. Оған мемлекеттік істерді басқаруға
қатысу , мемлекеттік қызмет атқару құқығы , лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік органдардың іс - әрекеттері мен
шешімдеріне сотқа шағымдану құқығы жатады.Сондай-ақ азаматтардың конституциялық құқығын әкімшілік құқық
мөртебесінің элементі ретінде қарастыруға болады. Бұл құқықтар мемлекеттік басқару органының қатысуынсыз және
әкімшілік – мемлекеттік басқару органының қатысуынсыз және әкімшілік – құқықтық қатынастарынсыз жүзеге аспайды.
Мемлекеттік басқару саласындағы басқа құқықтар конституциялық құқықты дамытады.
-
денсаулықты қорғау конституциялық құқығы, бұл құқық дәрігерлік (медициналық)-санитарлық, медициналық-
әлеуметтік көмек, ортопедиялық және протездік көмекпен қамтамасыз ету, сауықтыру мекемелерін қолдану және өзінің
денсаулығы жайлы ақпарат алу сияқты азаматтың әкімшілік – құқықтық мәртебесінің бөлігі болып табылатын құқықтармен
нақтыланады.
-
бұқаралық ақпараттар құралдарын тіркеу құқығы. Бұл құқық сөз бостандығына, өз ойын жеткізуге және ақпарат
таратуға негізделген. Әр конституциялы құқық әкімшілік заңда көрініс табады, яғни бұл құқықтардың дамуы, азаматтардың
әкімшілік – құқықтық мәртебесіне кіретін басқа құқықтармен қамтамасыз етіледі. Конституциялық және соған қатысты
құқықтардан басқа, мемлекеттік басқару саласында азаматтар көптеген өзге құқықтарға ие. Бұл құқықтар әр түрлі құқықтық
актілермен бекітіледі. Оған мыналар жатады: қару алу, әр түрлі тауарлар сатып алуға, сондай-ақ басқа қызметтерді
пайдалануға; некеге тұруға, мемлекеттік басқару органдарына арыздануға, транспорт жүргізуге, тегін, аты-жөнін және әкесінің
атын өзгертуге құқықтары бар.
Әкімшілік құқықтық мәртебесінің құқықтарымен бірге азаматтардың міндеттері де елеулі роль атқарады. Құқықтың кез
келген саласында азаматтың негізгі құқықтық мәртебесін, Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарын сақтау;
басқа тұлғалардың құқығын , бостандығын , ар – намысын құрметтеу міндет болып табылады. Осы басты міндеттерден басқа
қосалқы міндеттер қалыптасады . Олар құқықтық актілерде беріліп , адамдардың әр түрлі өмір сүру әрекеттеріне қатысты
болады. Әкімшілік құқықтық нормалар көптеген азаматтардың мінез – құқық ережелері мен міндеттерін бекітеді. Мысалы,
жол жүру ережелері мен қоғамдық транспортты пайдалану; керекті жағдайда міндетті түрде медициналық тексеру мен
емделуден өту; транспорттық көліктерді тіркеу және кейбір іс - әрекет түрлерімен айналысуға рұқсат алу.
Әкімшілік – құқықтық мәртебесінің элементі болып табылатын азаматтың құқықтары мен міндеттері заңды
құқықтық фактілерге түскен азаматтар мен мемлекеттік басқару органдарының әкімшілік – құқықтық қатынастары арқылы
қалыптасады. Сонымен бірге әкімшілік – құқықтық мәртебесінің келесі элементі - азаматтардың бостандығы мен
құқықтарының әкімшілік – құқықтық кепілдігі болып саналады. Белгілі бір шарттар мен құралдар құқықтық субьектілердің
құқығын қорғауды ұйымдастыруға берілген кепілдік деп түсіндіріледі. Әкімшілік – құқықтық кепілдік азаматтардың құқығын
тек мемлекеттік басқару саласында ғана емес, сондай – ақ басқа да қоғамдық өмірде де қорғайды. Азаматтардың
конституциялық, еңбек, жер және басқа да құқықтарын қорғайды. Көптеген елдерде соттан тыс азаматтардың құқығының
сақталуын бақылайтын органдар бар: Мысалы, Скандинавия және басқа да бірқатар мемлекеттерде – Омбудсмендер;
Францияда – Мемлекеттік Кеңес; адамдардың құқығы туралы өкілеттілік Польша мен Ресей мемлекеттерінде , ал адамдардың
құқығы мәселелерімен айналысатын , осындай Республикалық Комиссия Қазақстанда да құрылды. Азаматтардың өздерінің
қызығушылықтарын , бостандықтары мен құқықтарын қорғаудың тәсілі – шағым түсіру құқығы болып табылады.
Шағымданудың екі түрі бар: әкімшілі және соттық. Жалпы әкімшілік шағымдану құқығы 1995 жылғы 19 – маусымда
қабылданған «азаматтардың өтініштерін қарастыру тәртібі » туралы Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар
Жарлығымен реттеледі. Шағымдану мемлекеттік органға немесе лауазымды тұлғаға беріледі. Шағым түскен кезден бастап 15
күн ішінде қаралып, белгілі бір шешімге келу қажет, ал талап етуші жақ бойынша шағым қосымша 1 айдың ішінде
қарастырылып тексеріледі. Шағымның шешімімен азамат келіспесе, онда жоғары тұрған органға немесе лауазымды тұлғаға,
сотқа қайта шағымдануға болады. Ал арнайы әкімшілік шағымдануды қарастырып, шешім қабылдау белгілі бір тәртіппен
бекітіледі. Мәселен ,әкімшілік құқық бұзушылық ісі бойынша мемлекеттік басқару органдарына шағымданғанда онда орган
мен қызмет етуші арасындағы әкімшілік құқықтық қатынас әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс арқылы реттеледі.
Сонымен қатар әкімшілік құқықтың субьектісі болып шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар да саналады.
Оларды 2 топқа бөлуге болады: тұрақты тұратындар және уақытша тұруға келгендер. Бұл екі топтағы азаматтардың да
мемлекеттік басқару саласында құқықтары мен міндеттері бар, сонымен бірге олар әкімшілік – құқықтық қатынастарға қатыса
алады.
Шетел азаматтарының әкімшілік – құқықтық мәртебесі әр түрлі құқықтық актілермен , соның ішінде Қазақстан
Республикасы Конституциясының 12 – бабымен , сондай – ақ « Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының
құқықтық ережелері » туралы Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығымен Осыған сәйкес Қазақстан
Республикасының азаматтары сияқты , шетел және азаматтығы жоқ тұлғалар барлық құқықтар мен бостандықтарға ие және
қойылған міндеттерді атқаруға тиісті. Мемлекеттік басқару саласында Қазақстандық және шетел азаматтарының әкімшілік –
құқықтық мәртебесінің ортақ ұқсастықтарына қарамастан , Қазақстандық азаматтың құқықтары мен міндеттері шетел
азаматтарына қарағанда басымырақ.
Ал шетел азаматтарының мемлекеттік басқару саласында кейбір құқықтары шектеулі. Мәселен, олар әскери міндетін
атқармайды, көптеген мемлекет аппаратындағы лауазымды орындарды иемдене алмайды, Қазақстан территориясында еркін
көшіп – қонуға және саяси мақсатты көздейтін қоғамдық ұйымдар құруға құқықтары жоқ. Сондай – ақ, шетел азаматтарына
қазақстандық азаматтарға тән емес, қосымша міндеттер жүктейді. Шетел азаматтары сол жерде тұруға , төл құжаттарын
тіркеуге рұқсат алу керек және республика территориясына кірерде медициналық куәландырудан өтуге міндетті. Сонымен
бірге Ішкі істер министрлігінен сол елдің территориясында жүріп – тұруға рұқсат алу қажет. Шетел азаматтары да Қазақстан
азаматтары сияқты әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сондай – ақ республика территориясында белгілі бір
дипломатиялық істермен жүрген шетел азаматтары категориясының әкімшілік және құқықтық мәртебесі Қазақстан
Республикасының халықаралық келісімімен және басқа да құқықтық актілерімен белгіленеді.
Достарыңызбен бөлісу: