«Әкімшілік құқық» пәнінен қысқаша курс дәрісі 1 Әкімшілік құқық түсінігі


 Әкімшілік процестің қатысушылары мен тараптары



Pdf көрінісі
бет15/22
Дата15.05.2020
өлшемі478,3 Kb.
#68702
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22
Байланысты:
Akimshilik kukyk. Daris

3. Әкімшілік процестің қатысушылары мен тараптары

    Жоғарыда аталған субъектлерден басқа әкімшілік процестің қатысушылары мен тараптары өзге де мемлекеттік және 

мемлекеттік емес ұйымдар мен олардың лауазымды адамдары, сондай-ақ жергілікті өкілді және атқарушы органдар бола 

алады.


Қазақстан   Республикасының   азаматтары   әкімшілік   процестің   толық   құқылы   субъектлері,   бола   алады. 

Көптеген өндірістің субъектлері, республика заң актлерінде көрсетілген шегерулерді қоспасақ, Қазақстан аумағында  

жүрген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар да (апатридтер) болады. Жалпы ереже бойынша олар процесте 

республика азаматтары пайдаланатын құқықтар мен кепілдіктерге ие және олармен бірдей міндеттер көтереді. Бірақ 

олардың әкімшілік құқық субъектлігінде өзгешілік бар, себебі азаматтық – адамның әкімшілік құқықтық мәртебесінің 

маңызды құрамасы. Әкімшілік процеске қатысушы азаматтар оның тарабы бола алады, сондай-ақ процестің басқа да  

қатысушысы-сарапшы, куә, процес тараптарының құқықтарын қорғаушы болуы мүмкін, яғни олар басқа азаматтардың,  

қоғамдық   бірлестіктердің   немесе   мемлекеттің   мүддесін   қорғайды   (заңды   өкілдер,   адвокаттар,   қоғамның,   ұйым 

әкімшілігінің өкілдері).

Процесте тараптардың біреуі болып саналатын азаматтық әкімшілік-іс жүргізу мәртебесі екі негізгі заңдық 

белгілермен   анықталады:   біріншіден,   істің   нәтижесіне   заңдық   мүдделілік,   екіншіден,   азаматқа   нақты   әкімшілік   іс  

бойынша қабылданған шешімнің барлық құқықтық салдарының таралуы.

Азаматтардың әкімшілік процестегі жағдайы басқарушы аппарат пен адам арасындағы өзара қатынастардың  

ерекшелігімен анықталады.

Басқарудың төменгі оргадары мен лауазымды адамдарының шешімдері мен әрекеттеріне не жоғары органға 

не сотқа шағымданудың мүмкін болатын кезеңін кіргізу, сондай-ақ процестің барлық кезеңінде жұртшылықтың белсенді 

қатысуы азаматтар қатысқан өндірістің ерекшелігі болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет