«Әкімшілік құқық» пәнінен қысқаша курс дәрісі 1 Әкімшілік құқық түсінігі


Әкімшілік – құқықтық нормалардың түрлері



Pdf көрінісі
бет18/22
Дата15.05.2020
өлшемі478,3 Kb.
#68702
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Akimshilik kukyk. Daris

Әкімшілік – құқықтық нормалардың түрлері.

      Әкімшілік құқық нормалары белгілі бір критерияларға байланысты жіктеліп(классификацияланып), бірнеше түрлерге 

бөлінеді.

       Әкімшілік құқық нормаларынң ең күрделі түсінігі, яғни мәні мен мазмұнын ашатын негізгі критериялар мыналар:

        а) мазмұны;

        б) субъектілердің мінез-құлқына әсер ететін әдістер; 

        в) белгілі бір мақсатты тағайындау;

        г) белгілі бір ортада қолданылуы (в сфере);

        д) заңды күші;

        е) қолданылуы (белгілі бір аймаққа, уақытқа, субъектілер тобына қолданылуы).

       Әкімшілік құқық нормалары мазмұны бойынша:

1)

материалдық (қаржылық) нормалар



2)

процессуалды болып екіге бөлінеді

Материалдық нормалар – азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесін, атқарушы билік органы мен ұйымарды біріктіретін 

ережелер. Мысалы:атқарушы билік органдары субъектілерінің қоғамға, тұлғаларға көрсететін заңды түрдегі құзіреті.

       Процессуалды нормалар – мемлекетпен бекітіліп, санкцияланған материалдық нормаларды жүзеге асыру барысында және 

мемлекеттік басқару органдарының жаңа нормативті актілерді шығарумен сипатталады Процессуалды нормалардың материалдық 

нормалардан айырмашылығы:

       а) өзінің тағайындалуымен,яғни материалдық нормалар субъектілерінің әкімшілік-құқықтық мәртебесін тағайындаса, ал 

процссуалдық нормалар олардың орындалуы мен міндеттелуін заңды түрде жүзеге асырады;

       б) талап ету, яғни процессуалды нормалар, ең алдымен материалдық нормалардың орындалуын талап етеді;

       в)іске асыру,яғни әкімшілік-құқықтық материалдық нормалардың қабылдануын, олардың жүзеге асырылуын алап ету арқылы 

іске асыру.

Процессуалды нормалар материалдық нормалар сияқты классификациялау дәрежесіне байланысты жіктеледі. Мысалы: 

заңды күшіне байланасты, белгілі бір ортаға, яғни сфераға байланысты және т.б.

     Субъектілердің мінез-құлқына әсер ететін әдістер:

     1)міндеттеуші(объзывающие);

     2)тыйым салынушы(запрещающие)

     3)уәкілдік беруші(уполномочивающие) әкімшілік-құқықтық нормалар болып бөлінеді.

     1.Міндеттеуші әкімшілік-құқықтық нормалар – тұлғаның белгілі бір ережелердің орындалуын міндеттеп, талап етуі. 

Мысалы,заңды тұлғалардың міндетті түрде Әділет органдарында тіркелуі, азаматтардың шағымдарын белгілі бір мерзімде 

басқару органдарының қарастыру міндеттілігі. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік салықжүйесі мен бюджеті» атты 

Президент Жарлығының 171-бабында салық жүйесін міндетті түрде салық қызметкерлері атқарады.

     2.Тыйым салушы әкімшілік-құқықтық нормалар – норма көздеген мақсаттан тыс белгілі бңр іс-әрекеттердің орындалуына 

тыйым салып,шектейді.

     Тыйым салудың екі түрі бар:

     а) жай тыйым салу:

     б)арнайы тыйым салу:

     Жай тыйым салу дегеніміз - әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар істердің орындалуы мен жүзеге асуын шектеуі.

     Арнайы шектеу дегеніміз – Қазақстан Республикасы Президенті заңының 174-бабында көрсетілгендей, салық 

қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін өздерінің тікелей немесе жанама туыстығы бар салық төлеушілермен қаржылық мәселерді 

шешуге шектеу қоюы.

     3. Уәкілдік беруші нормалар- субъектілердің әкімшілік-құқықтық қарым-қатынасында өз шешімі бойынша қатынастарды 

жүзеге асыру,бірақ нормалардың сақталуын бұзбауы керек. Мысалы: «Қазақстан Республикасының банктері мен банк жүйесі» 

туралы Президент жарлығының 46-бабында былай делінген:Егер Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі екінші дәрежедегі 

экономикалық нормаларды бұзған жағдайда мынадай шаралар қолданылады:

          а)міндеттеуші хатты талапетеді;

          б)банкпен жазбаша түрде келісім жасайды;

          в)ескерту,сөгіс береде;

          г)жазбаша түрде береді;

      Қолданылу шегіне байланысты:

          а)жалпы міндетті;

          б)ішкі жүйелік:




          в)жалпы міндетті нормалар әкімшілік-құқықтық қатынасқа түсетін барлық субъектілерден талап етіледі:

          г)ішкі жүйелік нормалар белгілі бір атқарушы биліктің талап етуіне байланысты қолданылуы.

       Мекен-жайға байланысты белгілі бір ұйым мен атқарушы билік органдарынң әкімшілік-құқықтық мәртебесін белгілеу 

арқылы бөлу, яғни қоғамдық бірлестіктерге және азаматтарға байланысты қолданылуы.

     Сонымен қорытындылай келе әкімшілік құқықтық нормалар- бұл конституцияда бекітілген белгілі бір қағидалар мен 

ережлердің жиынтығы. Ал әкімшілік-құқықтық қатынастар – бұл әкімшілік-құқықтық нормалармен реттелген,мемлекеттік 

басқару саласындағы қоғамдық қатынастар. Бұл екі ұғым бір-бірімен тығыз байланысты, біріншісі мемлекет бекіткен қағидалар 

мен ережелердің жиынтығы болса, сол ережелер құқықтық қатынастарды реттеп бесқарып отырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет