«Әкімшілік құқық» пәнінен қысқаша курс дәрісі 1 Әкімшілік құқық түсінігі


Әкімшілік құқықтық  қарым-қатынастар



Pdf көрінісі
бет4/22
Дата15.05.2020
өлшемі478,3 Kb.
#68702
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Akimshilik kukyk. Daris

1.Әкімшілік құқықтық  қарым-қатынастар.

2.Әкімшілік құқықтық  қатынастың құрылымы.

3.Әкімшілік құқықтық қатынастардың ерекшеліктері.

1.Әкімшілік-құқықтық қатынастардың ұғымы мен түрлері.

  Әкімшілік-құқықтық қатынастар-бұл мемлекеттік басқару аясында қалыптасатын және әкімшілік-құқық нормалары 

арқылы реттеліп отыратын қоғамдық қатынастар.

  Бұл қатынастарға қатысушыларға белгілі бір құқықтар мен міндеттер беріледі және олар құқықтық қатынастардың 

субъектілері болып табылады.Атқарушы билік органдары, мемлекеттік қызметкерлер,қоғамдық 

бірлестіктер,кәсіпорындары,мекемелер мен азаматтар әкімшілік-құқықтық қатынастардың субъектілері болып 

табылады.

   Құқық субъектілерінің арасында нақты құқықтық қатынастар туындауы үшін норманы іс-әрекетке келтіретін белгілі 

бір іс-әрекеттер мен оқиғалар қажет. Бұл іс-әрекеттер мен оқиғалар заңдық фактілер деп аталады. Әкімшілік құқығы 

белгіленген ережелерді бұзу-құқық бұзушы мен тиісті мемлекеттік орган арасында құқықтық қатынастардың 

туындауына негіз болып табылады.

    Оларға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерінің арақатынасына қарай әкімшілік- құқықтық қатынастар тік 

(төтелей)және көлбеу болып бөлінеді. Егер құқықтық қатынастар субъектілерінің біреуі ұйымдық жағынан екіншісіне 

бағынышты болса (мысалы,облыстың әкімі мен аудан әкімі),онда олардың арасынла тік(төтелей) қатынастар 

туындайды.Көлбеу құқықтық қатынастарға қатысушылар ұйымдық жағынан бір- біріне бағынышты 

болмайды(мысалы, атқару билігі органы мен азамат).

  Әрекет дегеніміз-субъектінің өз еркін білдіру актісі. Заң нормаларының талаптарына қарай әрекеттер заңды және 

заңсыз болып бөлінеді. Заңды әрекеттің мысалы ретінде дзаматтың тиісті органға шағымдауын келтіруге 

болады.Әкімшілік-құқықтық нормалардың талаптарын бұзатын заңсыз әрекеттер әкімшілік юрисдикциялық құқықтық 

қатынастардың туындауына әкеп соғады. Мысалы, конститутциялық міндетін орындамауы оны

2.Әкімшілік құқықтық қатынастардың құрылымы.

Әкімшілік құқық нормалары үшін туылған және өлген уақыт заң фактісі болып саналады , ол азаматтың әкімшілік құқық 

қабілеттілігінің туындауына және тиісінше доғарылуына мүмкіндік жасайды.

  Әкімшілік құқық қабілеттілік дегеніміз-әкімшілік құқықтың субъектісі бола алудың мемлекет мойындаған және заңда 

анықталған нақты мүмкіндігі. Құқық қабілеттіліктің көлемі мен мазмұнын тек заң өзгерте алады. Азаматтың белгілі бір 

жасқа толу фактісін заң онда әкімшілік әрекет қабілеттіліктің туындауымен байланыстырады. Азаматтың өзінің жеке 

әрекетімен әкімшілік заңнамада көзделген құқықтарды иемдену, оларды жүзеге асыру және міндеттерді орындау 

қабілеттілігі танылады. Әкімшілік әрекетқабілеттілігінің басталу кезі заңда қатаң белгіленбеген. Ол жарым-жартылый 

18 жасқа дейін, ал 18 жасқа толған соң толық көлемде туындайды. Мысалы, 16 жасқа толған адам әкімшілік құқық 

бұзушылықтың субъектісі деп танылады, кейбір тәртіптік ықпал ету шаралары оқушыларға да қолданылуы мүмкін, ал 

олардың жасы заңда белгіленбеген: азаматтың оқуын сырттай оқып бітіруі үшін қанша жаста болуы керек екендігі де 

белгіленбеген. Азаматтардың әрекет қабілеттілігін (толықтай немесе жарым-жартылай) шектеу қатаң, заңда белгіленген, 

тәртіп те мүмкін болады.

Әкімшілік-құқықтық қатынастардың өзіндік нақты айқын құрылымы болады.бұл мәселе осы кезге дейін дау 

туғызып келгенмен, құқықтық қатынастар құрамы мына элементтерден тұратындығында ешкімнің таласы жоқ, олар: 

құқықтық қатынастар субъектісі (қатысушысы), объект (құқықтық қатынастың қол жеткізуге ұмтылған мақсаты), және 

іс жүзіндегі (немесе материалдық) және заң жүзіндегі мазмұны. 

Нормаларға сәйкес құқықтар мен міндеттер жүктелгеен адам құқықтық қатынастар субъектісі (қатысушысы ) 

бола алады. Әкімшілік құқықтың түрлік нормаларымен анықталатын субъектілеріне қарағанда құқықтық қатынастар 

субъектісі әрқашанда нақты.

Әкімшілік құқықтық қатынастың объектісі (мақсаты) - әрқашанда мемлекеттік басқару өрісінде өзара 

жөнділікке және келісімшілікке қол жеткізу. 

Іс жүзінде (материалдық) мазмұн дегеніміз, ол – тараптардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыратын 

тұлғалардың нақты әрекеттері, субъективтік құқықтар мен міндеттер заңдық мазмұнға жатады.

3. Әкімшілік –құқықтық қатынастардың бірсыпыра ерекшеліктері бар:

әкімшілік –құқықтық қатынастардың бір тарабы міндетті түрде атқарушы билік органы немесе оның лауазым 

иесі болып табылады. Азаматтар арасында әкімшілік-құқықтық қатынастар туындамайды. Бір азамат екінші бір 

азаматтан белгілі бір мінез-құлық ережелерін орындауды талап еткенде әкімшілік-құқықтық қатынастар осы азаматтар 



арасында емес, құқық бұзушы мен хаттама толтырып құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тарта алатын 

мемлекет органы арасында туындайды.

әкімшілік-құқықтың қатынастар әкімшілік құқықтың кез келген субъектісінің бастамасы бойнша туындауы 

мүмкін және бұл жағдайда екінші тараптың келісімі міндетті шарт болып табылмайды. Олар екінші тараптың қажет 

етуіне не келісіміне қарамай-ақ туындауы мүмкін; 

әкімшілік-құқықтың қатынастарға қатысушы тараптарға олардың өздерінің құқықтары мен міндеттерін 

бұзғаны немесе сақтамағаны үшін санкция ретінде, әдетте, әкімшілік немесе тәртіптік жауапкершілік шаралары 

қолданылады; 

әкімшілік-құқықтық қатынастарға қатысушылар арасындағы даулар, әдетте әкімшілік тәртіппен, яғни соған 

өкілеттік берілген атқаушы билік органдары және олардың лауазым иелері арқылы шешіледі. 

                                                                                          



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет