«Әкімшілік құқық» пәнінен қысқаша курс дәрісі 1 Әкімшілік құқық түсінігі


а) Әкімшілік құқық субъектілері туралы жалпы мағлұмат



Pdf көрінісі
бет9/22
Дата15.05.2020
өлшемі478,3 Kb.
#68702
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
Байланысты:
Akimshilik kukyk. Daris

а) Әкімшілік құқық субъектілері туралы жалпы мағлұмат

ә) Жеке әкімшілік-құқықтық субъектілері

б) Ұжымдық әкімшілік-құқықтық субъектілері

    Әкімшілік құқық – қщғамдық қатынастардың белгілі белгілі саласында  реттейтін  құқықтық нормалардың жиынтығы, 

құқықтың бір саласы. Атқару билігі  мен мемлекеттік басқарудың іске асырылу барысында, тұлға мен мемлекет, азамат 

пен атқару  билігі органдары, мемлекеттік басқару саласындағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау,  

іске асыру, олардың шенеуіктер тарапынан  бұзылуынан не шектелуінен, озбырлықтан қорғау барысында пайда болатын 

қоғамдық қатынастарды  реттеу әкімшілік құқықтың мәні.   

    Әкімшілік   құқықтың   субъектісі     болып   азаматтар,   қоғамдық   және   мемлекеттік   емес   бірлестіктер   мен   олардың  

қызметкерлері , сондай ақ  кәсіпорындар мен мекемелер , ұйымдар және еңбек ұжымдары саналады. 

Жеке субъектілерге азаматтардың және ҚР Президентінің әкімшілік

Құқықтық   әрекеттері   мен  құқықтары  жатады.   Ал  ұжымдық  субъектілерге   ҚР  Үкіметі,  Министрліктер,   Мемлекеттік 

комитеттер   және   ведомстволар,   сондай-ақ   жергілікті   органдар   мен   ұйымдар   жатады.   Жеке   әкімшілік   құқықтың  

субъектісін қарастыратын болсақ, ол ең алдымен  азаматтың құқықтық мәртебесінен басталады. Сондықтан ең алдымен  

«азамат» деген түсінікті анықтап алу қажет. Заң әдебиеттерінде ол біріншіден, адамның қандай да бір мемлекетпен  

саяси-құқықтық қатынастарын анықтайды. Екіншіден, азамат деп кейбір құқықтың саласында белгілі бір салада нақты 




құқықтырға ие жеке тұлғаны атайды. Әкімшілік құқықта «азамат» деген ұғымға осындай түсінік беріледі. Сонымен  

бірге конституциялық-құқықтық анықтама бойынша азаматтығы жоқ және шетел азаматтары да әкімшілік құқықтың  

субъектісі болып табылады. Заң ғылымы мен әдебиеттерде азаматтардың әкімшілік құқықтық мәртебесіне, азаматтар  

мен мемелекеттік басқару органдары арасындағы қарым қатынастар туралы мәселелерге де көп көңіл бөлінеді. Бұл  

мәселелер қазіргі  Қазақстанның дамуына елеулі мәнге ие болып отыр. Кез келген азамат  өзінің өмір сүру барысында 

басқа  мемлекеттік  органдарға  қарағанда   мемлекеттің   басқару органдарымен  көбірек   қақтығысады.  Олардың  қарым-

қатынастарынан көптеген конституциялық және басқа да құқықтыр туындайды, сонымен қатар , әкімшілік құықытық  

нормалар   азаматтар   мен   мемлекет   арасында   қалыптасып   келе   жатқан   қатынастарды   реттейді;   азаматтардың   негізгі 

құқықтық мәртебелерін, олардың бостандығы мен конституциялық   құқықтарын дамытып, бақылайды, азаматтардың  

бостандығы мен құқықтарын ұйымдастыру механизмін қалыптастырады.

  Әкімшілік   құқықтың   субъектісі     болып   азаматтар,   қоғамдық   және   мемлекеттік   емес   бірлестіктер   мен   олардың  

қызметкерлері , сондай ақ  кәсіпорындар мен мекемелер , ұйымдар және еңбек ұжымдары саналады. 

     Әкімшілік құқық субъектілері мынадай 3 шарт бойынша ғана әкімшілік құқықтық қатынастардың субъектісі болып  

табылады:

-

субъектілердің құқықтары мен міндеттерін қарастыратын әкімшілік құқық нормалары;



-

субъектілердің құқықтық және әрекет қабілеттілігінің болуы;

-

құқықтық қатынастардың өзгеруі мен тоқтатылуы негіздерінің қалыптасуы;



Әкімшілік құқықтық субъектілер жеке және ұжымдық болып 2-ге бөлінеді:

Азаматтардың   әкімшілік   құқықтық   мәртебесі   жалпы   құқықтық   мәртебесінің   бөлігі   болып   табылады   және   оның 

төмендегідей элементтері бар:

1.

әкімшілік құқық қабілеттігі және әрекет қабілеттігі;



2.

мемлекеттік басқару саласындағы құқық пен міндеттер;

3.

азаматтардың бостандығы мен құқығының әкімшілік құықытық кепілдігі;



Әкімшілік   құқықтың   субъектісі   болу   үшін   азаматтар   әкімшілік   құқық   қабілеттігіне   және   мемлекеттегі   басқару 

саласында құқықтар мен міндеттерге ие болу керек. Жалпы азаматтарда әкімшілік әрекет қабілеттігі  

 Басқа құықытық салаларға қарағанда ерте қалыптасады.

Толыққанды әкімшілік әрекет қабілеттігі 18 жастан ғана басталады. Әкімшілік құқық және әрекет қабілеттігі тек жас 

мөлшеріне  ғана емес, сондай-ақ   денсаулыққа,  тұрғылықты  жеріне,  біліміне  және басқа да   факторларға негізделіп 

қалыптасады.  Кейбір факторлар әкімшілік құқық  пен әрекет  қабілеттігін толығымен немесе жартылай шектеуі мүмкін.  

Мәселен, психикалық  аурулар  мен мүгедектер транспорт жүргізу құқықтарынан  айрылады, соттық  жауапкершілікке 

тартылған және арнайы білімі жоқ азаматтар  мемлекеттік аппаратта  лауазымды міндет атқару құқығын жоғалтады.

       Кез келген құқық субъектісінің азаматтың әкімшілік құқықтық  мәртебесінің басты элементі болып, мемлекеттік  

басқару   саласындағы   құқық   пен   міндеттер   саналады.     Оларды   бірнеше   себептерге   байланысты   жіктеуге   болады.  

Әкімшілік құқықтық мәртебе азаматтың конституциялық мәртебесімен тығыз байланысты болғандықтан конституцияға 

қатысты   құқықты   бөліп   көрсетуге   болады.   Оған   мемлекеттік   істерді   басқаруға   қатысу,   мемлекеттік   қызмет   атқару  

құқығы, лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік органдардың іс әрекеттері мен шешімдеріне  сотқа шағымдану  құқығы  

жатады. Сондай-ақ азаматтардың конституциялық құқығын әкімшілік құқық мәртебесінің элементі ретінде қарастыруға  

болады.  Бұл құқықтар мемлекеттік басқару органның қатысуынсыз және әкімшілік құқықтық  қатынастарынсыз жүзеге 

аспайды. Мемлекеттік басқару саласындағы басқа құқықтар конституциялық құқықты дамытады.

-

денсаулықты   қорғау   конституциялық   құқығы,   бұл   құқық   дәрігерлі   санитарлық,   медициналық-әлеуметтік 



көмек,   дәрі-дәрмектік,   ортопедиялық   және   протездік   көмекпен   қамтамасыз   ету,   сауықтыру   мекемелерін 

қолдану  және өзінің денсаулығы жайлы ақпарат алу сияқты азаматтың әкімшілік құқықтық мәртебесінің бөлігі 

болып табылатын құқықтарымен нақтыланады.

-

Бұқаралық ақпараттар құралдарын тіркеу құқығы. Бұл құқық сөз бостандығына, өз ойын еркін жеткізуге  және 



ақпарат   таратуға   негізделген.   Әр   конституциялық     құқық   әкімшілік       заңда   көрініс   табады,     яғни   бұл  

құқықтардың   дамуы, азаматтардың әкімшілік құқықтық мәртебесіне кіретін басқа құқықтармен қамтамасыз  

етіледі. Конституциялық және соған қатысты құқықтардан басқа, мемлекеттік басқару саласында азаматтар 

көптеген  өзге құқықтарға ие.  Бұл құқықтар әр түрлі құқықтық актілерімен бекітіледі. Оған мыналар жатады: 

қару алу, әр түрлі тауарлар алу, мемлекеттік басқару органдарына арыздануға, траспорт жүргізуге, тегін, аты  

жөнін және әкесінің атын өзгертуге құқықтары бар.

    Әкімшілік құқықтық мәртебесінің құқықтарымен бірге азаматтардың міндеттері де елеулі роль атқарады. Құқықтың  

кез   келген   саласында   азаматтың   негізгі   құқықтық   мәртебесінің   ҚР   Конституциясы   мен   заңдарын   сақтау,   басқа 

тұлғалардың құқығын, бостандығын, ар намысын құрметтеу болып табылады. Осы басты міндеттерден, басқа қосалқы 

міндеттер   қалыптасады.   Олар  құқықтық   актілерде   бекітіліп,   адамдардың   әр  түрлі   өмір  сүру    әрекеттеріне   қатысты 

болады.  Әкімшілік құқықтық нормалар көптеген азаматтардың мінез құлық ережелері мен міндеттерін бекітеді.  Сондай  

ақ азаматтық құықыта азаматтардың әкімшілік құқықтық мәртебесінің жалпы және арнайы түрлерін ажырата білу керек. 

Біріншіден, жалпы әкімшілік құқықтық   мәртебеге жас мөлшері, денсаулығы, айналысатын кәсібі, тұрғылықты жері 

және басқа факторлардың ерекшеліктеріне қарамастан барлық азаматтар ие. Ол ең алдымен азаматтың конституциялық 

мәртебесімен  байланысты.   Бірақ   әр   адам   өз   өмірінде   әр   салада   қызмет   атқарып,   әр   түрлі   жағдайлардан   өтеді.   Бұл  

азаматтардың арнайы құқықтары мен міндеттерін қалыптастырады. Арнайы әкімшілік құқықтық мәртебеге мемлекеттік  

басқару саласындағы, мемлекеттік жоғарға оқу орны студенттері, экологиялық аймақта тұратын тұлғалар, мүгедектер,  

жеке кәсіпкерлер және қаупті жұкпалы аурулармен ауыратын науқастар ие болып, олардың арнайы құқықтары   мен 

міндеттері қалыптасады.

    Сонымен қатар әкімшілік құқықтың субъектісі болып шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар да саналады.  

Оларды 2 топқа бөлуге болады: тұрақты тұратындар және уақытша тұруға келгендер. Бұл екі топтағы азаматтардың да 

мемлекеттік басқару саласында құқықтары мен міндеттері бар, сонымен бірге олар  әкімшілік құқықтық қатынастарға  

қатыса алады.

        Шетел     азаматтарының   әкімшілік   құқықтық   мәртебесі   әр   түрлі   құқықтық   актілерімен,   соның   ішінде     ҚР  

Конституциясының 12-бабымен, сондай-ақ «ҚР шетел азаматтарының құқықтық ережелері» туралы ҚР Президентінің 

заң күші бар Жарлығымен осыған сәйкес ҚР азаматтары сияқты , шетел және азаматтығы жоқ тұлғалар барлық құқықтар 




мен бостандықтарға ие жйне қойылған  міндеттерді атқаруға тиісті. Мемлекеттік басқару саласында Қазақстандық және 

шетел   азаматтарының   әкімшілік   құқықтық   мәртебесінің     ортақ   ұқсастарына     қарамастан,   Қазақстандық   азаматтың 

құқықтары мен міндеттері шетел азаматтарына қарағанда басымырақ.

    Ал шетел азаматтарының мемлекеттік басқару саласында кейбір құқықтары шектеулі. Мәселен, олар әскери міндетін  

атқармайды, көптеген мемлекет аппаратындағы лауазымды орындарды иемдене алмайды. Қазақстан территориясында 

еркін   көшіп   қонуға   және   саяси   мақсатты   көздейтін   қоғамдық   ұйымдар   құруға   құқықтары   жоқ.   Сондай   ақ,   шетел 

азаматтарынақазақстандық азаматтарға тән   емес, қосымша міндеттер жүктейді. Шетел азаматтары сол жерге тұруға,  

төл   құжаттарын   тіркеуге   рұқсат  алу  керек   және   республика   территориясында   кірерде   медициналық   куәландырудан 

өтуге міндетті. Сонымен бірге ішкі істер министрлігінен сол елдің территориясында жүріп тұруға рұқсат алу қажет.  

Шетел  азаматтары  да  Қазақстан    азаматтары  сияқты  әкімшілік  жауапкершілікке  тартылады.   Сондай  ақ,  республика 

территориясында   белгілі   бір   дипломатиялық   істермен   жүрген     шетел   азаматтары   категориясының   әкімшілік   және 

құқықтық мәртебесі Қазақстан  Республикасының халықаралық келісімен және басқа құқықтық актілерімен белгіленеді.

         Үкімет ҚР атқару билігінің   жүзеге асырады.   Конституцияға сәйкес ол атқарушы  органдар жүйесін басқарып, 

қызметтеріне   жетекшілік   етеді.   Үкіметтің   қызметінің   құқықтық   негізі   Қазақстан   Республикасы   Констициясы,   1995  

жылғы   18   желтоқсанда   Қазақстан   Республикасы   Президентінің   заң   күші   бар   Жарлығы   бойынша   қабылданған 

«Қазақстан Республикасы Үкіметі туралы» және ұйымды анықтайтын, сонымен бірге органның қызметін анықтайтын 

Президент пен Парламенттің актілері болып табылады.

    Халық шаруашылығымен байланысты сұрақтарды шұғыл шешу үшін тұрақты орган ретінде Үкіметтің Президиумы  

қызмет   етеді.   Оның   құрамына   Премьер-Министрдің   орынбасары   кіреді.   Премьер-Министр   үкімет   жұмысында 

алқалылықты   (коллегиялықты)   қамтамасыз   етеді.   Президенттің   тапсырмасы   бойынша,   ол   Қазақстан   Республикасын 

халықаралық   қатынастарда   таныстырып,   үкіметаралық   келісімдерге   қол   қояды   және   үкімет   кеңесінде   қарастыруды  

талап етпейтін мемлекеттік басқару туралы мәселелер бойынша шешім қабылдайды.

   Министрліктер, мемлекеттік комитеттер мен ведомствалар заңды атқарушы биліктің мемлекеттік органдары жүйесінің 

орталық органы ретінде қарастырылады. Олар мемлекет өміріндегі әр саладағы басқаруды жүзеге асырады. Сонымен 

бірге үкіметтің заңдары мен актілерінің орындалуын қалыптастырады.

      Министрлік   –   мемлекеттік   органдар   арасындағы   тұрақты   ұйымдық   форма.   Дәстүр   бойынша   әкімшілік   құқықта  

министрлік   әкімшілік-саяси,   экономикалық,   әлеуметтік-мәдени   сферада,   қандай   да   бір   сала   арқылы   мемлекеттік  

басқаруды жүзеге асырушы орган ретінде қарастырылады.  Мемлекеттік комитетке – салааралық басқару функциясын 

атқару тән. Министрліктер мен Мемлекеттік  комитет Қазақстан Республикасы  Президентінің қатысуымен құрылып,  

қайта құрылады, олардың жетекшілері лауазымды орынға Президент  тарапынан тағайындалып, орнынан босатылады. 

Ал Бас Прокурор мен Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасын тағайындау кезінде Конституцияға сәйкес Сенаттың  

келісімі қажет. Министрліктер мен мелекеттік  комитеттің  құқықтық  және  әкімшілік-құқықтық  мәртебелері  әр түрлі 

заңдар   мен   актілерде   көрсетіледі,   олардың   қызметтері   бірінші   жетекшілері   және   орынбасарлары   арқылы   жүзеге  

асырылады.

     Әкімшілік құқық субъектілері бұл кәсіпорындар  мен мекемелер. Кәсіпорындар мен мекемелер заңды тұлға болып  

табылады. Заңды түлғалар мемлекеттік тіркеуден өтеді.  

Түрлері:

1.

Меншіктің санына қарай ( мемлекеттік және жеке)



2.

Құқық   ұйымдастырылған   санына   қарай   (мемлекеттік   кәсіпорындар,   акционерлік   қоғамдар,   ұжымдар, 

кооперативтер)

3.

Қызметіне қарай (өндірістік сауда, көлік ауылшаруашылық, банк, қаржы)



Заңды тұлғалар әкімшілік субъектісі ретінде кәсіпорындар мен мекемелер  болып бөлінеді.

1.

Кәсіпорындар негізгі мақсаты – табыс көру (мемлекеттік компания, холдинг, акционерлік   қоғам, ұжымдар 



және басқа түрлері болуы мүмкін) 

2.

Мекемелер – табыс көру мақсаты жоқ.



Халыққа арнайы жеке қызмет көрсету саяси партия. Саяси партия -  мемлекет билігіне қатысу.

Қоғамдық бірлестіктер – Жасыл ел, студенттер альянсы.

Діни бірлестіктер – ислам, христиан, буддизм, иуддизм.



Әкімшілік құқығының субъектілері

Әкімшілік құқық субъектілерінің  ұғымы және жүйесі

Әкімшілік құқық субъектілері – бұл әкімшілік құқық 

реттейтін басқарудың қоғамдық қатынастарына  

Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес 

қатысушы болатын жеке  жеке тұлға және ұйым





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет