Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, 20 млн халқынан айырылған ксро-ның әлеуметтік-эконмикалық жағдай мәз емес болды. Қаншама кәсіпорындары қаңырап бос қалды, қалалар қирады
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, 20 млн халқынан айырылған КСРО-ның әлеуметтік-эконмикалық жағдай мәз емес болды. Қаншама кәсіпорындары қаңырап бос қалды, қалалар қирады. Сонымен қатар,20-жылдардың ортасынан орнаған қатаң әміршіл-әкімшілік жүйе 40-50-жылдары әрекет ете берді. Саяси жүйеге адам еркіндігін басып-жаныштау, оның құқықтарын жоққа шығару, еңбек адамдарын өндіріс құрал-жабдықтарынан жатсындыру сияқты қолайсыз құбылыстар тән болды. Жетекші күш - Коммунистік партия болды, және оның басшылығы арқылы өмір сүріп отырған жүйенің барлық басқа буындарының (Кеңес мемлекетінін, кәсіподақтардың, комсомол, кооперативтер мен басқа да қоғамдық ұйымдардың) жүмысы үйлестірілді. Мемлекеттік басқарып отырған Коммунистік партия халық шаруашылығын және әлеуметтік-мәдени, қоғамдық ұйымдардың міндеттерін орындауды өз қолына жинақтау арқылы, оларды дербестігінен толық айырды. Республикада И. В. Сталинге деген шексіз құрмет немесе табынушылыққа дейінгі жағдай орын алды. Елде жасалып жатқан өрескел қателіктер жөнінде сөз қозғауға да болмайтын еді. Осының барлығы Қазақстанның қоғамдық, саяси, мәдени жағынан дамуына жаман жағынан ықпал етіп, ауыр зардаптарға әкеліп соқты. Аты шулы ұрандарды саяси мақсаттарға пайдаланумен заңдылықтың бұзылуы, өкімет билігін асыра пайдалану жалғаса берді. Өмір сүріп отырған саяси жүйе өзінің дербес дами алмайтындығын көрсетті. Кеңес қоғамын дамытудың соғыстан кейінгі жағдайы "тоталитарлық жүйе" арқылы ғана үйлесім тапты. Майдан мен тылда, соғыстың барлық ауыртпалығы мен қиыншылығын көтерген халық соғысқа дейінгі кезеңдегі халықтан басқаша еді. Қоғамдық өмірдің бейбіт жағдайының орнығуына байланысты құндылықтарды қайта бағалау орын алды. Алайда қоғамдық сананың барлық деңгейінде сезіле бастаған қоғамдық жаңарудың кешенді бағдарламаларына өтуге тұрақты әлеуметтік-саяси құрылым бөгет жасады. Сонымен бірге өте ауыр соғыстағы жеңіс соғыстан кейінгі кезеңде басшылықтың қолданыстағы саяси жүйенің тиімділігіне деген сенім қалыптастырды, ал көпшілік басшылар баскарудың әкімшілік өдістерінің өзін-өзі ақтайтындығына сенімді болды. Сталининдік идеология 1940 жыл мен 1950 жылдардың басында өзінің шырқау шегіне жетті. Соғыстан кейінгі онжылдық - КСРО-дағы 1920-1940 жылдардағы өмір шындығына қасад көзқарастың жалғасы еді.