Екінші кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы Білім беру саласы



Дата01.06.2017
өлшемі60,42 Kb.
#17488
Екінші кіші тобындағы ұйымдастырылған

оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Әлеуметтік,қатынас,шығармашылық.

Бөлім: Айналамен танысу ,тіл дамыту.

Тақырыбы: Біздің балабақшамыз.

Мақсаты: Балалардың балабақша жайында түсініктерін кеңейту, балабақшаға деген құрмет пен махаббат сезімдерін тәрбиелеу. Ұжымдық қарым-қатынас дағдыларын, құрдастарымен достық қатынас жасауды қалыптастыру. Балаларды байқағыштыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: «Балабақша» суреті, балалардың фотосуреттері, тазша бала,

қуыршақтар,қиылған пішіндер.



Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы кезеі



(Қонақтармен амандасу)

Шаттық шеңбер:

Ән салуға барамыз.

Досымызды табамыз.

Сәлемет пе,міне мен!

Доспын енді сенімен.

-Балалар,біреу есікті қағып тұрған сияқты,бұл кім екен?

-Сәлеметсің бе,сен кім боласың?

Тазша бала:

-Сәлеметсіңдер ме,балалар!

Мен-тазша баламын.

Мен балабақшада балалар не істейтінін көргім келеді,білгім келеді,менің де балабақшаға барғым келеді.

-Онда кел отыра ғой,тазша бала.Балабақшада балалар не істейтінін көресің,білетін боласың.

(Тазша бала отырады.)



-Сәлеметсіз бе?

Балалар қосылып айтады.

Бала кіреді.

-Сәлеметсіз бе?




Ұйымдастыру кезеңі

Сабақтың барысы:

-Мынау- біздің балабақшамыз.

-Балалар,біздің балабақшаның іші қандай?

(Суретпен жұмыс.)

-Балабақшада нелер көп?
-Мында кімдер жұмыс істейді?

-Тағы кім жұмыс істейді?

-Біз балабақшаға қай мезгілде келеміз?

-Таңертең келген соң не істейміз?

-Одан кейін не істейміз?

-Балалар,таңғы аста не береді?

-Сосын не істейміз?

-Қане,қандай тақпақ білесіңдер,айтайықшы.

(Қуыршақтар таратып беру)

Бізде де бар қуыршақ,

Бұзау, қозы,құлыншақ.

Ойыншықтар тыңдайды

Әмір беріп бұйырсақ.

Ойыншықтар ұйықтайды.

Айтқанынан шықпайды.

Ал қозы мен құлыншақ,

Ұйықта десең ұқпайды.

Тыңдамайды ұрысса,

Осылары дұрыс па?

Тентектігін тыймаса,

Тұрғызамын бұрышқа.

-Тағы қандай сабақтар болады екен?

(Сурет көрсету)

-Балабақшада ән сабағы бола ма?

-Біз қандай ән үйрендік?

-Балалар,би сабағында үйренген өнерімізді тазша балаға көрсетейікші.

-Кел,тазша бала,бірге билеп сергіп қалайық.

Сергіту сәті

Аяқпенен топ-топ-топ,

Ал қолменен хлоп-хлоп-хлоп.

Бір оңға,бір солға,

Айналайық кел мұнда.

Қолымызды бір сілтеп,

Басымызды шайқайық,

Бір оңға,бір солға

Ойнайықшы кел мұнда.

Секіреміз жоғары.

Қиын емес секіру,

Бір оңға,бір солға

Секірейік кел мұнда.

-Міне,балалар,сендер ән айтасыңдар,би билейсіңдер,серуенге шығасыңдар түскі астан кейін сендер не істейсіңдер?
-Ұйқыдан тұрып сендер ,далаға шығып ойнайсыңдар осылай сендердің балабақшада күндерің қызықты өтеді.

-Сендердің балабақшада достарың бар ма,Ернұр?


-Розалия,сенің досың бар ма?

-Нұрбатыр,сенің достарың бар ма?

-Айдос,сен достарыңмен қандай ойын ойнайсыңдар?

-Балалар,біз енді тазша балаға пішіндер құрастыра алатынымызды көрсетейік.Мына пішіндерді кім құрастыра алады екен?

«Пішіндерді құрастыр»ойыны.

-Пішіндерді дұрыс құрдық па?

-Енді осы пішіндерді санайықшы.



-Балабақшаның іші үлкен,таза,жарық,әдемі.

-Біздің балабақшада ойыншықтар көп.

-Балабақшада тәрбиешілер,

тәрбиешінің көмекшісі жұмыс істейді.

-Медбике,әдіскер жұмыс істейді.

(Сурет көрсету)

-Біз балабақшаға таңертең келеміз.

-Біз жаттығу жасаймыз.

(Сурет көрсету)

-Жаттығу жасаған соң таңғы ас ішеміз.

(Сурет көрсету)

-Таңғы аста ботқа,нан,шәй береді.

-Біз өлең,тақпақ айтамыз.

(Сурет көрсету)


Балалар тақпақ айтады

-Сурет салу.

-Жапсыру.

-Мүсіндеу...

-Би сабақтары болады.

(Суреттерді көрсету)

-Балабақшада ән сабағы болады.

(Суреттерді көрсету)


«Біздің балабақшамыз»әнін айту.
Балалар тәрбиешінің қимылын қайталайды.
-Түскі астан кейін біз ұйықтаймыз.

(Сурет көрсету)

-Балабақшада біздің достарымыз бар.

(Топпен түскен сурет ілінеді.)

Біздің топтың балалары.
Бұл — екінші үйіміз
Бір туғанбыз бәріміз.
Біз — осы үйдің гүліміз
Біз — осы үйдің сәніміз

-Иә,балабақшада менің Томирис деген досым бар.


Бұл — құшағы тым ыстық
Мектебіміз бастапқы!
Мұнда жақын туыстық,
Мұнда тұңғыш дос таптық!

-Менің достарым Айдос және Ернұр.Біз үшеуіміз ойнағанды ұнатамыз.

-Біз конструктор құрастырып ойнаймыз.

Балабақша есігін,

Үшке тола ашқанбыз.

Балапандай өсіріп,

Мәпелейді бақшамыз.

Ойын ойнайды.

-Дұрыс құрдық.

-1,2,3,4,5.



Рефлексивті

қозғаушы


-Біз бүгін не туралы әңгімелестік?

-Балабақшада балалар немен айналысады екен?

-Тазша бала,саған балабақшада ұнады ма?

Тазша бала:

-Иә.Маған балабақшада өте ұнады.Келесі жылы мен де балабақшаға барамын.Сурет салуға,мүсіндеуге,би билеуге,ән айтып,тақпақ жаттауға үйренемін.

-Дұрыс айтасың,тазша бала.

Балалар,біз енді тазша баламен қоштасып,шығарып салайық.

-Сау бол,тазша бала!

Тазша бала:

-Сау болыңдар,балалар!

-Балалар,тазша бала сендерге мынандай сыйлықтар тастап кетіпті.(Сыйлықтарды таратып беру)

-Енді қонақтарымызбен де қоштасайық.



-Балабақша туралы әңгімелестік.
(Суретті көрсете отырып,жауап береді.

-Сау бол,тазша бала!



-Сау болыңыздар.

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Балабақша жайында түсініктері болу керек.

Білді: Балабақшада үйренген өлең –тақпақ, билерді біледі.

Айта,қолдана алады: Ұжымдық қарым-қатынас дағдылары,құрдастарымен достық қатынастары қалыптасты.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет