Экобиоморфологиясы



Pdf көрінісі
Дата16.04.2020
өлшемі0,51 Mb.
#62691
Байланысты:
kizdarova


58 

 

Д.К. Кыздарова, А.К. Ауельбекова, Р.Т. Мусина, Т.К. 



Шаушеков, Е.К.Кейкин, М.А.Норцева, А.Ә. Арыстанбай 

 

ҚАРАҒАНДЫ АЙМАҚТАРЫНДА КЕЗДЕСЕТІН АРАМШӚПТЕРДІҢ 



ЭКОБИОМОРФОЛОГИЯСЫ 

 

Е.А.Бӛкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан 



 

Қазіргі  кезде  айналадағы  ортаны  қорғау  мен  табиғат  байлықтарын  тиімді 

пайдалану  жӛнінде  мәселесіне  ерекше  назар  аударылып  отыр.  Орталық 

Қазақстан  жағдайындағы  арамшӛптердің  экобиоморфологиялық  сипаттамасы 

жайлы деректердің жеткіліксіздігі әлі күнге дейін шешімін таппаған кӛкейтесті 

мәселенің бірі болып отыр. 

Арамшӛптердің  ӛсіп  жетілуі,  мәдени  ӛсімдіктермен  бірге  қатар  жүреді 

яғни  агрофитоценоз  жасайды  ол  жерде  арамшӛптер  адамның  шаруашылық 

әрекетіне кедергі келтіретін қосалқы роль атқарады [1]. 

Арамшӛптер  жайлы  ең  алғашқы  систематикалық  мағлұматтарды  әлемнің 

ірі систематиктері Кассин (1834), Турчанников (1856), Декандоль Бессер (1928 - 

1949), Ледебур (1844 - 1946) еңбектерінен кӛруге болады [2]. 

Е.Буассье  (1875),  Гукер  (1882),  сонымен  қатар  американдық  ботаниктер 

Грей  (1884),  Рейдберг  (1916),  Клемент  және  Хаел  (1923)  арамшӛптер 

систематикасына үлкен үлестерін қосты [2, 3]. 

А.И  Мальцева  бойынша  арамшӛпті  ӛсімдіктер  деп,  шаруа  қожалығының 

қатысуынсыз  ӛз  бетінше  шабындық  жерлерде  де,  мәдени  ӛсімдіктер  мен  де 

қатар  ӛсетін  жабайы  немесе  жартылай  мәдени  ӛсімдіктер».  В.В  Никитин 

«арамшӛптерді мәдени ӛсімдіктерге зиянын тигізетін шӛптер тобы» деп бӛлді. 

Арамшӛптер  шаруа  қожалығының  алқаптарында  «қажет  емес»  шӛптер  болып 

табылады [4]. 

Жалпы  кӛп  жылдық  арамшӛптер  тұқымы  арқылы  да,  вегетативтік 

мүшелері  арқылы  да  кӛбейеді.  Кӛп  жылдық  арамшӛптерді  тамыр  жүйесіне 

қарай  мына  топтарға  бӛлдік:  кіндік  тамырлы,  шашақ  тамырлы,  бадана  және 

түйнек  тамырлы,  ӛрмелегіш  тамырлы,  тамыр  сабақты,  атпа  тамырлы.  Кіндік 

тамырлы арам шӛптер тұқымынан және аздап вегетативті жолмен кӛбейеді [5]. 

Негізінен  осы  арамшӛптердің  басым  кӛпшілігі  астық  және  техникалық 

дақылдардың, бір жылдық және кӛп жылдық мал азықтық шӛптердің арасында 

ӛседі. Егістен тыс жерлерде арамшӛптердің 31 түрі тіркелді [6,7]. 

Қазіргі  уақытта  ӛсімдікті  қорғау  саласында  ӛнімділігі  мен  бірегейлігі 

жоғары биологиялық және экономикалық әсерлігіне байланысты химиялық әдіс 

жетекші  орын  алып  тұр.  Сондықтан  да  егіншілікте  пестицидтерді  қолдану 

айқын  кӛрініс  табуда.  Ол  үшін  тек  Қазақстан  Республикасы  Ауыл 

шаруашылығы министрлігінен рұқсат етілген пестицидтерді қолдану қажет [8]. 

Осы  жұмыстың  мақсаты  Орталық  Қазақстанда,  оның  ішінде  Қарағанды 

қаласының  ландшафтарындағы  арамшӛпті  ӛсімдіктерінің  түрлерін  анықтау 

және  оларға  экобиоморфологиялық  сипаттама  беру.  Орталық  Қазақстанның 

құрғақ  далалық  аймағындағы  арамшӛпті  ӛсімдіктерді  кептіріп  жинау.  Сол 

сияқты  жиналған  ӛсімдіктердің  түрін,  ӛсімдіктердің  ӛмір  сүру  формаларын, 

Ре

по



зи

то

ри



й К

ар

ГУ



59 

 

вегетациялық  дәуірінің  ұзақтығын,  суға  байланысты  экологиялық  топтарын 



және құрғақ далалық жағдайдағы экологиялық шаруашылық маңызын анықтау. 

Зерттеу  обьектісі  ретінде  Қарағанды  қаласы  мен  оның  аймақтарындағы 

арамшӛптердің  түрлік  құрамы,  вегетациялық  фазаларын  ерте  кӛктемде  қысқа 

мерзімде  ӛтетін  эфемерлер  мен  эфемероидтар,  ұзақ  дамып  кеш  гүлдейтін 

ӛсімдіктердің түрлері алынды. Ӛсімдіктерді жинау 2014-2015 жылдары кӛктем-

жазда ӛткізілді. 

Арамшӛптерді  жинау  маршруттық  әдіс  бойынша  қаладан  23-25  км, 

Оңтүстік-шығыстан,  Спасск  шоссесі  бойымен  Бай-Даулет  тӛбешігінің  маңы, 

Бұқпа  ӛзенінің  оң  және  сол  жағалауы,  Орбита  №1  аудандарының  барлық 

ӛңірлерін  кең  кӛлемді  қамтыды.  Сонымен  қатар  Соқыр  ӛзенінің  сол  және  оң 

жағалауы  да  қарастырылды.  Қарағанды  маңындағы  күл-қоқыстарда  кӛп 

кездесетін  арамшӛптер  зерттелді.  Жиналған  ӛсімдіктерді  анықтау  негізінен 

олардың  айырмашылығын  білу  (түрі)  және  жалпы  (туыс  пен  тұқымдасы) 

морфологиялық  белгілері,  генеративті  мүшелеріне  байланысты  болып  келеді. 

Жиналған  ӛсімдіктер  иллюстрацияланған  Қазақстан  флорасымен  анықталды. 

Гербариилерді  кептіру  мен  дайындау  Уранов  А.А  ,  Скворцов  А.К,  Анапиев 

И.М., Абдрахманов О.А., Ахметжанова А.И., Ауельбекова А.К., Аверченко А., 

Сечин Д. [10] және т.б. әдістерімен жүргізілді. 

Зерттеу  нәтижесінде  Орталық  Қазақстанның  далалық,  шалғындық 

аймақтарында  850  түрлі  гүлді  ӛсімдіктердің  түрлері  кездеседі.  Оның  ішінде 

арамшӛптер  де  бар.  Біздің  зерттеулеріміздің  нәтижесінде  Қарағанды  қаласы 

аймақтарынан 75 түрлі арамшӛптердің түрлері жиналды. 

Олар: 20 тұқымдасқа, 65 туысқа жататын ӛсімдіктердің түрлері жіктелген. 

Арамшӛртердің  біраз  түрлері  Asteraceae  –  күрделігүлділер  тұқымдасына 

жататын  17  туыстан,  20  түрден,  Cruciferae  -  крестгүлділер  тұқымдасына 

жататын 9 туыстан, 9 түрден, Fabaceae - Бұршақ тұқымдасына жататын 7 туыс, 

9 түрден, Poaceae - Астық тұқымдасына жататын 8 туыс, 8 түрден. Біраз түрлер 

Boraginaceae - Бурачниковые  – Қияршӛптер - Iridaceae тұқымдасына, кӛбінесе 

аулалар мен бау-бақшаларда ӛсетін 5 түр, 5 туыс; Chenopodiaceae - кӛкнарлар, 



Umbelliferae  -  Шатыргүлділер,  Labiatae  -  Ерінгүлділер  және  Solanaceae  - 

Алқатұқымдастар  2  түр,  2  туыс;  Rosaceae  -  Раушангүлділер  3  түр,  1  туыс; 



Amaranthaceae  -  Алабота  тұқымдасына,  Cuscutaceae  -  Арамсоя  тұқымдасына 

және Plantoginacea - Жолжелкендердің бір туысқа жататын 2 түрі. 

Аздаған  түрлер  мына  тұқымдастарға  жатады;  Euphorbiaceae  - 

Қырықбуындар,  Caryohyllaceae  -  Айманшӛпті,  Malvaceae  -  Сүттіген 

тұқымдасына, Polygonaceae - Құлқайыргүлділер тұқымдасына, Convolvulaceae - 

Шырмауық гүлділер тұқымдасына. 

Ӛмір  сүру  формалары  бойынша  арамшӛптер  қала  аумағында  кӛпжылдық 

ӛсімдіктер  және  олар  -  48%  құраса,  ал  бір  жылдық,  екі  жылдық  шӛптектес 

ӛсімдіктер - 38,7% құрайды (Сурет 1). 

 

 



Ре

по

зи



то

ри

й К



ар

ГУ


60 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Сурет 1 - Даму циклы қысқа - және даму циклы ұзақ арамшӛптер түрлерінің 

пайыздық арақатынасы (%) 

 

Арамшӛптердің  құрамындағы  ӛсімдіктердің  басым  кӛпшілігі  мезофиттер 



болып  табылады,  яғни  доминатты  50,7%-ды  алып  отыр.  Вегетациялық  дәуірі 

бойынша – ұзақ вегетацияланушыларды ол, яғни 94,1% құрайды. 

Ал  қысқа  –  вегетацияланушыларға  ерте  кӛктемде  ӛсетін  эфемерлер  мен 

эфермероидтар  жатады,  олар  жаз  келгенше  гүлдеп,  кӛктемнің  жаңбыр  суын 

максимальды  қолданып,  кӛктеп  солып  үлгереді,  ал  су  болмаса  солып  қалады, 

оның үлесі 5,6% құрады. 

Мезофиттер  үлесіне  2,7%,  ксеромезофиттер  12%,  ал  ксерофиттер  8%.  Ал 

қала аумағында гигромезофиттер үлесі 1,6% болды. 

Әртүрлі  арамшӛптер  топтарының  құрамында  арамшӛптердің  сегетальды 

ӛсімдіктердің  -  49,3%  кездесті.  Ол  ӛсімдіктерге  тигізетін  антропогенді 

әсерлердің басымдылығына байланысты. Рудеральды сегетальды ӛсімдіктердің 

үлесі  28%,  ал  сегетальды  -  рудеральды  түрлері  12%,  тек  рудеральды  түрлері 

10,7% - ды құрады (Сурет 2). 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Сурет 2 - Қарағанды қаласының маңындағы арамшӛптердің ӛмір сүру 



формаларының пайыздық арақатынасы (%) 

 

Біржылдық  арамшӛптердің  құрамында  38,7%  кӛктемдік  біржылдықтар 



болса, 93,3% күздік 9,7%. 

Қарағанды  қаласы  мен  оның  аумағындағы  арамшӛптерді  шаруашылық 

маңызы  бойынша  жіктеу  тӛмендегідей  нәтиже  кӛрсетті:  мал-азықтық 

Ре

по



зи

то

ри



й К

ар

ГУ



61 

 

ӛсімдіктердің  кӛпшілігі  астық  тұқымдастарының  ӛкілі  болып  келіп,  19  түрден 



тұрады және пайыз бойынша 20,2% - ды құрады. 

Дәрілік  ӛсімдіктердің  кӛпшілігі  ерінгүлділер  мен  күрделігүлділер 

тұқымдастарының  ӛкілі  болып  келіп,  18  түрден  тұрады  және  пайыз  бойынша 

19,1% - ды құрады. 

Бал  алынатын  ӛсімдіктердің  кӛпшілігі  астық,  ерінгүлділер  мен 

жолжелкендер  тұқымдастарының  ӛкілі  болып  келіп  11  түрден  тұрады  және 

пайыз бойынша 11,6%-ды құрады. Тағамдық 9 түр және улы да 9 түр, ол жалпы 

арамшӛптің 9,6 %, эфир - майлық 7 түр, ол 8.2%, ал май алынатын 4 түр 5.3%, 

инсектицидті  түрге  3  ӛсімдік  жатады,  яғни  ол  жалпы  арамшӛптердің  4.6% 

құрайды. 

Осылайша арамшӛпттерді жіктеудің барысында олардың зиянды жақтары 

ғана емес, маңызды, пайдалы жақтары да анықталып, яғни медицинада дәрілік, 

ауылшаруашылығында  мал-азықтық,  тамақтық  және  т.б.  ӛндіріс  салаларында 

қолданылатыны анықталып отыр (Сурет 3). 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 Кӛпжылдықтар,  Біржылдықтар,  Екіжылдықтар 

 

Сурет 3 - Қарағанды қаласының маңындағы арамшӛптер топтарының пайыздық 



арақатынасы (%) 

 

Сонымен  қатар  арамшӛптердің  кӛбеюге  бейімделушілігінің  43%  -  зы 



тұқымдарын  жан-жаққа  тез  тарата  алатын  қабілетінің  жоғары  болуына,  24%  - 

зы тұқымдарының ӛсіп-ӛнуінің біркелкі емес, яғни, шұбылаңқы кӛктеуіне, 18% 

- зы тұқымның топырақ қабатында тіршілік қабілетін ұзақ мерзімге сақталуына 

және 15% - зы арамшӛптердің тек тұқым мен ғана емес, сол сияқты тамырсабақ, 

атпатамырлар, түйнектер арқылы вегетативті жолмен де  кӛбеюіне байланысты 

екені анықталды. 

Зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша Қарағанды қаласының аумағында 

20  тұқымдасқа,  65  туысқа  жататын  арамшӛптердің  75  түрі  анықталды.  Кӛп 

тараған  түрлері  шатырлы  сарышатыр,  ӛрмелегіш  сарғалдақ,  қазтабан,  тікенді 

шағыртікен,  түкті  шоңайна,  кӛк  гүлкекіре,  ілгіше  түйетікен,  шырмауық 

бударасы  болып  табылады.  Оның  ішінде,  тамыр  –  сабақты  арам  шӛптерге 

жатаған бидайық, татар қарақұмығы, гүлтәжі, ақ алабұта, шырмауық тарандар 

жауқияқ, кәдімгі қамыс, құмай, дала қырықбуыны және т.б. жатады. 

 

Ре



по

зи

то



ри

й К


ар

ГУ


62 

 

Ӛмір  сүру  формасы  бойынша  Қарағанды  аумағында  кездесетін 



арамшӛптердің  48%-зы  кӛпжылдық  шӛптесін  ӛсімдіктер,  27%  -  зы 

эфемероидтар  және  25%-зы  эфемерлер.  Сонымен  қатар  жиналған 

арамшӛптердің 94,1% -зы ұзақ дамитын ӛсімдіктерге жатады. 

Суға қатысты ӛмір сүру режимі бойынша жиналған арамшӛптердің 30,7% - 

зы  мезофиттер,  26,7%-зы  мезоксерофиттерді  кӛрсетті.  Ал,  басым  кӛпшілігі 

ксерофиттер  жазық  далалық  климаттық-топырақтың  ерекшелгіне  байланысты 

53,6%-зын құрады. 

Арамшӛптерді  ӛсу  ортасы  бойынша  жіктеудің  нәтижесінде,  ең  жиі 

кездескен жерлері ол, жазық далалар мен шабындықтар. 

Қарағанды  аумағынан  табылған  арамшӛптерді  шаруашылық  маңызы 

бойынша іріктеуде:  19  мал-азықтық; 18  дәрілік; 12 бал  алынатын; 9  тағамдық 

және 9 улы; 7 эфирлі-майлы түрлері кездесті. 

Қорыта  келе,  табиғат  байлығын  қорғап,  қамқорлыққа  алу,  тиімді 

пайдалану  -  бүгінгі  ғылыми  -  техникалық  прогресс  дамыған  елдердегі  ӛзекті 

проблемалардың бірі. Бұл Заңды бұлжытпай орындағанда ӛсімдіктер дүниесін 

сақтап, оны кӛбейтуге, яғни экологияны жақсартуға, қорғауға мүмкіндік туады. 

Сондықтан  да  біздер  табиғат  байлықтарын  арттыра  беруге  бір  кісідей  үлес 

қосуға тиіспіз. Ол -барлығымыздың азаматтық борышымыз. 

 

Әдебиеттер тізімі 

 

1.



  Анапиев  И.М.  Учебная  полевая  практика  по  систематике  высших 

растений  с  основами  геоботаники:  учебное  пособие  –  Караганда:Из-во 

КарГУ.1997.-117б. 

2.

 Рассел Д. Сорные растения: - Москва, Книга по Требованию, 2012.- 86 с. 



3.

  Арыстангалиев  С.А.,  Рамазанов  Е.Р.  Растения  Казахстана:Народные  и 

научные названия. – Алматы.: Из-во Наука.1977.-285б. 

4.

  Карамышева  З.И.,  Рачковская  Е.И.  Ботаническая  география  степной 



части Центрального Казахстана. - Ленинград: 1973.-233с. 

5.

  Арыстанғалиева  М.  Ӛсімдік  атауларының  қазақша-орысша  сӛздігі.  



Алматы, 2000.- 74 б. 

6.

  Терминологичееский  словарь  по  биологии.  Казахско-русский,  Алматы 



республиканское издательство Рауан.2000.-325с. 

7.

 Қожабеков М.К., Қожабекова Г. Дәрілік ӛсімдіктер.-Алматы, 1982. - 93с 



8.

 Кӛкенов М.К., Әдекенов С.М., Рақышев Қ.Д. т.б. Қазақстанның дәрілік 

ӛсімдіктері және оның қолданылуы. Алматы, 1988, С.121—208. 

9.

 Скворцов А.К. Гербарий. пособие по методике и техника. М 1972.- 310 с. 



10.

 Аверченко  А.,  Сечин  Д.  Собрание  сочинений.  В  13  томах.  Том  5. 

Сорные травы. – СПб., 2012 г.- 416 с. 

 

 



 

 

 



Ре

по

зи



то

ри

й К



ар

ГУ


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2025
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет