Экология дамуы үш кезеңнен тұрады


Аутэкология - жеке түр экологиясы



бет2/3
Дата19.10.2023
өлшемі23,88 Kb.
#186788
1   2   3
Байланысты:
№1 лек по Экологии

Аутэкология - жеке түр экологиясы.
Аутэкология - түр өкілінің оны қоршаған табиғи ортамен байланысын зерттейді, жалпылама экологиялық факторлардың жеке ағзаға әсерлерін және оның оған жауабын да зерттейді.
Биосфера түрлілігінің негізгі көзі – бұл тірі ағзалардың тіршілігінің нәтижесі. Ағза мен оны қоршаған тірі емес орта арасында үзіліссіз зат алмасу жүреді. Биосферада 2 миллионнан астам тірі ағза бірлестіктері бар. Көптеген бірлестіктер өзіне миллиондаған жеке түрлерді енгізген, олар кеңістікте белгілі бір заңдылықпен таралған. Әрбір түр қоршаған ортамен өзінше байланыста болады.
Биосфера аумағында негізгі төрт тіршілік ортасы бар, олар: су, жер беті, топырақ және тірі ағза құраған орта.
Әрбір ортада өзінің биотасы (тірі ағзалар жиынтығы) бар, ол өз тіршілігін жасайды. Кез келген тірі ағза өзі тіршілік ететін ортаның экологиялық шарттарына ыңғайланады.
Табиғи орта ұғымына тірі және тірі емес табиғаттың барлық жағдайлары кіреді. Табиғи орта тура немесе жанама түрде биотаның қасиеттері мен тіршілік жағдайына әсер етеді.
Демэкология - популяциялар экологиясы.
Демэкология түрдің жекелеген өкілдерінің құрылымы мен динамикасын зерттейді.
«Популяция» терминін ғылымға алғаш 1903 ж. В.Иогансен енгізді. Экологияда популяция дегеніміз – бір-бірімен өзара қарым-қатынаста болатын және бір территорияда бірігіп тіршілік ететін бір түрге жататын даралар тобы.
С.С.Шварцтың берген анықтамасы бойынша популяция – бұл қоршаған ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайында санын тұрақты ұстап тұруға қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген белгілі бір түрдің ағзаларының элементарлық тобы.
Популяция немесе түрдің өз тіршілігінің соңына дейін мекен ететін жері және таралу аймағы ареал деп аталады.
Ареал көлеміне және таралу деңгейіне байланысты мынандай топтарға бөлінеді:
космополиттер – өкілдері Жердің тіршілік аймақтарының көпшілік бөлігінде кездесетін ағзалардың түрлері (мысалы, бөлме шыбыны);
убиквистер – кең ареалға ие және ортаның алуантүрлі жағдайында да тіршілік ете береді (мысалы, қасқырлар);
эндемиктер – өте шектелген ареалға ие (мысалы, пингвиндер).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет