Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі (ovoc 4220) пәні бойынша Дәрістер


Биоценоздағы организмдердің қарым – қатынастары



бет19/119
Дата01.04.2022
өлшемі3,41 Mb.
#137572
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   119
Байланысты:
Лекция-Экология и БЖЧ-1

Биоценоздағы организмдердің қарым – қатынастары. Биоценоздағы түріші және тураралық қатынастарды орыс зоологы В.Н.Беклемишев 4 түрге: трофикалық (қоректік), топикалық, форикалық және фабрикалық деп бөлді.
Трофикалық (қоректік) байланыстар – бір түр басқа тірі особьтармен, өлекселермен немесе олардың соңғы өнімдерімен (экскременттерімен) қоректену. Ұшып жүрген жәндіктермен қоректенетін құстар, көңімен қоретенетін қоңыздар, өсімдіктер шірнесін (нектар) жинайтын аралар өздеріне қорек болатын түрлермен тікелей байланысқа түседі. Қорегі үшін екі түр бәсекеге түскенде олардың арасында жанама қоректік байланыстар пайда болады. Өйткені біреуінің тіршілігі екіншісінің қорекпен қамтамасыз етілуіне әсер етеді.
Бір түрдің тіршілігі әсерінен тіршілік ортасының физикалық немесе химиялық өзгеруін топикалық байланыстар деп атайды. Бір түрдің екінші түрді тіршілік ортасымен қамтамасыз етуі (мысалы, ішкі паразитизм, жануарлар ішіндегі комменсализм) басқа түрлер қоныстанатын немесе басқа түрлер қоныстанудан қашатын субстар құруы,қоршаған кеңістіктегі жарыққа, ортаның бөлінген соңғы өнімдерімен қанығуына, судың, ауаның, температураның өзгеруіне әсері. Киттер терісіне қоныстанып тіршілік ететін теңіз организмдері (кейбір шаян түрлері), сиыр көңіндегі шыбын личинкалары, ағаш діңгегіндегі қыналар өздеріне тіршілік ортасы немесе субстрат болып табылатын организмдермен тікелей топикалық байланысқа түседі.
Топикалық немесе трофикалық байланыстар организмдер тіршілігінде үлкен роль атқарып биоценоз тіршілігінің негізін құрайды.
Бір түрдің басқа түр арқылы таралуы форикалық байланыстар болып табылады. Әдетте таратушылар ролін жануарлар атқарады. Жануарлар арқылы өсімдіктер тозаңдарының спораларының, тұқымдарының таралуын зоохория, ал майда жәндіктердің таралуын форезия деп атайды. Тасымалдауы өсімдіктер тұқымын 2 түрлі жолымен: пассифті және белсенді (активті) таратады. Жануар денесінің өсімдікке абайсызда, кездейсоқ жанасуы нәтижесінде тұқымның арнайы өсінділерімен, ілмектерімен қармақшалармен жабысып таралуын пассивті таралуы дейді (түйе жапырақ, итошаған). Әдетте мұндай тұқымдар жануарлар терісіне, жүнініне жабысып тарайды. Жануарлардың, құстардың жемістермен жидектерді жеп, қорытылмай қалған тұқымдарының соңғы өнімдерімен (экскремент) сыртқа бөлініп тарлауын – белсенді (активті) таралу дейді.саңырауқұлақ спораларының таратуда жәндіктер үлкен роль атқарады. Соған қарағанда, саңырауқұлақтардың жемісті денесі таратушы-жәндіктерді еліктірсе керек.
Организмнің өз інін, ұясын саларда басқа түрлердің өлі қалдықтарын пайдалануын фабрикалық байланыстар деп атйды. Мысалы, құстар өз ұяларын салу кезінде ағаш бұтақтарын, жануарлар жүндерін, қауырсын, шөп, жапырақ және т.б қалдықтарды пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   119




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет