Мақсаты: студенттерге кәсіпорындағы негізгі өндірісті ұйымдастыру принциптерін үйрету, еңбек заттарының қозғалысын қарастыру, өндірістік процестерді ұйымдастыруды жан-жақты оқып-үйрену, кәсіпорынға қызмет көрсетуші шаруашылықтар мен қосымша цехтарды ұйымдастыруды қарастыру.
Міндеттері: Студенттерге негізгі өндірісті ұйымдастыру мәнісі, өндірісті ұйымдастыру пәнінің басты міндеті, негізгі өндіріс түрлері жөнінде ақпарат беру.
Кәсіпорынның негізгі өндірісті ұйымдастыру әдістерін, процесінің құрылымын, уақытын зерттеу.
Кәсіпорындағы негізгі өндірісті ұйымдастыру принциптерін, еңбек заттарының қозғалысын қарастыру.
Өндірістік процестерді ұйымдастыруды жан-жақты оқып-үйрену.
Кәсіпорынға қызмет көрсетуші шаруашылықтар мен қосымша цехтарды ұйымдастыруды қарастыру.
Жаңа техниканы дайындау және игеру процестерін ұйымдастыру, жоспарлау және басқару механизмдерін үйрену.