119
Көшіру шараларын жоспарлау.
Көшіру шараларын жоспарлау тігінен жүргізіледі: республика – облыс – қала, аудан
– кәсіпорын.
Көшіру жоспарлары АҚ жоспарының дербес бөлігінде қарастырылады және
экономиканы бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына көшіру, КР Қарулы Күштерін
орналастыру жоспарымен келісіледі.
Мыналар жоспарлау үшін негізгі бастапқы мәліметтер болып табылады:
- қалалар мен қауіпсіз аймақта тұратын, жұмылдыру қағазы бар және Қазақстан
Республикасының Қарулы Күштеріне шақыруға жататын халықтың саны;
- қалаларда өз қызметін жалғастыратын объектілердің тізбесі, онда жұмыс істейтін
ауысымдарды, жұмысшыларды, қызметшілерді және олар отбасы мүшелерін көрсету;
- студенттер, оқушылар, балалар санын, сондай – ақ оқытушылар құрамы мен қызмет
көрсетуші қызметшілер саны көрсетілген жоғары және орта арнаулы оқу орындарының,
жалпы білім беретін мектептердің, мектеп интернаттардың, бала - бақшалардың саны;
- ықтимал апатты су басу, қатты қирау аймағы, ондағы халықтың саны;
- халықты орналастыратын аудандарда қорғаныс құрылыстарының ( паналар
радиацияға қарсы бассауғалар, тау –кен орны) қамтамасыз ету көздерінің болуы;
- көшіру тасымалдауға тартылатын көліктің мүмкіндігі;
- жол торабы, оның жай – күні мен босату қабілеті;
- халықты бытыраңқы орналастыру мен көшіруді жүргізуге әсер ететін жергілікті
жағдайлар мен маусымды климаттық ерекшеліктер.
Көшірілетін азаматтардың кезегін анықтау және олардың орналастырудың нақты
жоспарын анықтау үшін көшірілетіндер 3 топқа бөлінеді:
Бірінші топ:
- соғыс кезінде қалада өз жұмысын тоқтатпайтын, сондай – ақ оның тіршілікке қабілетін
қамтамасыз ететін ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері, олардың отбасы
мүшелері.
Екінші топ:
- соғыс кезінде өз қызметін қауіпсіз аймаққа көшіруі ұйымдардың жұмысшылары мен
қызметшілері, олардың отбасы мүшелері;
- министрліктер мен агенттіктердің орталық апараттарының қызметкерлдері.
Достарыңызбен бөлісу: