«Экология және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі негіздері» пәні бойынша


Тақырып 7. Литосфера жəне оны тиiмдi пайдалану мен қорғау



бет17/81
Дата02.03.2022
өлшемі224,43 Kb.
#133896
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   81
Байланысты:
Курс лекции ЭиТӘҚ негіздері-1

Тақырып 7. Литосфера жəне оны тиiмдi пайдалану мен қорғау
Литосфера(грекше — lithos — тас + sphair — шар) — жердiң қабығы, құрамы силикатты, қалыңдығы 30-80 км бола-тын жер шарының сыртқы қатты тас қабықшасы. Литосферада тiрi организмдер 3 км дейiнгi тереңдiкте тiршiлiк етедi.
Топырақ. Жер бетiнде Күннiң энергиясы заттардың екi айналымын: су айналымы мен атмосфера циркуляциясында байқалатын үлкен, немесе геологиялық жəне заттардың топы-рақ, өсiмдiктер, микроорганизмдер мен жануарлар арасындағы айналымы- кiшi немесе биологиялық айналымды туғызады. Екi айналым да бiр-бiрiмен тығыз байланысты.
Топырақтың табиғи ландшафттар мен экожүйелердегi маңызы зор, оны жекеленген экожүйе деп қарастыруға болады. Топырақтану ғылымының негiзiн салушылардың бiрi В.В.Докучаев ХХ ғасырдың басында топырақты өзiне тəн өзара байланыстары, тiршiлiк ету заңдылықтары мен өзiн-өзi реттеуге қабiлеттi табиғи-тарихи дене деп қарастырады, топырақтың планетаның тарихымен, тау жыныстарымен, климатымен, өсiмдiктерiмен, рельефiмен жəне ландшафтымен тығыз байланысты болатынын атап көрсеткен.
Тау жыныстарының топыраққа айналу процесiнiң аса бiр маңызды жəне жалпы құбылысы құрлықтың бүкiл бетiн жауып жатқан гумустық қабаттың түзiлуi болды. Бұл қабат топы-рақтың ең бiр белсендi бөлiгi болып саналады. Топыраққа ең алғаш рет М.В.Ломоносов ғылыми анықтама бердi, ол: топырақ түзiлу процесi құнарлылық түзiле жүретiн өсiмдiктер мен тау жыныстарының арасындағы ұзақ өзара қарым-қатынас деп көрсеттi.
Топырақ ресурстары Жер бетiндегi тiршiлiкке қажеттi ен маңызды алғы шарттардың бiрi болып табылады. Алайда оның шын мəнiндегi маңызы мен ролiн өз дəрежесiнде бағалай алмай келемiз. Топырақ биосфераның компоненттерiнiң бiрi ретiнде адам, жануарлар мен өсiмдiктер үшiн биохимиялық орта болып саналады, ол энергетикалық сиымдылығы жоғары, топырақ биотасы мен адамдар арсындағы тiкелей жəне жанама əсер-лердi тепе-теңдiкте сақтап тұра алатын өздiгiнен тазару процестерiнiң механизмдерiнiң аса маңызды резервi болып табылады. Адамдарға азық-түлiк пен жануарларға қоректi өндiру үшiн қажеттi жағдайлар тек топырақ арқылы ғана жасалынады. Топырақтың табиғи дене ретiндегi негiзгi функциясы атмосфе-ралық жауын-шашынды жинақтау мен су балансын реттеу, өсiмдiктерге қажеттi қоректiк элементтердi жинақтау, жер асты суларын түзумен тазалығын қамтамасыз ету, ластаушы зат-тарды тасымалдау.
Топырақсыртқы орта жағдайлары: жылу,су, ауа, өсiм-дiктер мен жануарлар, микроорганизмдердiң бiрiккен əсерiнен қалыптасқан жердiң беткi құнарлы қабаты. Топырақ түзгiш факторларға сол сияқты рельеф пен адамның iс-əрекетi де жатады. Тiрi организмдер топырақтың негiзгi қасиетi — құнар-лылығының қалыптасуына жағдай жасайды.
Топырақтың құнарлылығы дегенiмiз — оның өсiмдiктердi оларға қажеттi қоректiк элементтермен, сумен жəне ауамен қамтамасыз ету қабiлетi. Ол топырақ түзiлу процесi барысында жəне адамның топыраққа əсер етуi нəтижесiнде қалыптасады. Топырақ — барлық элементтердiң аккумуляторы: ол оларды өзiнде жинақтап, сумен шайылып кетуден сақтайды. Өзiнiң қалыптасқан зат алмасу процесi бар, тұрақты динамикалық жүйе болғандықтан топырақ табиғи факторлар (су тасқыны, эрозия, құрғақшылық, т.б.) əсерiне қарсы тұра алады. Бiрақ топырақ көптеген антропогендiк факторлардың (жер жырту, мал жаю, техниканы қолдану, т.с.с.) ұзақ уақытқа созылатын əсерiне сезiмтал келедi. Топырақтың құнарлылығы адам iс-əрекетiне де байланысты.
Топырақ — барлық материалдық игiлiктердiң көзi. Ол азық-түлiк, малға жем, киiм үшiн талшық, құрылыс материалдарын бередi. Топырақтың ең маңызды байлық екендiгiн айта келiп, К.Маркс, еңбек — байлықтың əкесi болса, топырақ — анасы деген.
Топырақ ешнəрсеге айырбасталмайтын табиғи ресурс. Қа-зiргi таңда, ғылым əлi күнге дейiн табиғи топырақтың орнын баса алатын жасанды материал таба алған жоқ. Өсiмдiктердi топырақсыз өсiрудiң кез келген əдiсi (гидропонды, пластопон-ды, аэропонды) топырақтың ролiн дəл өз мəнiнде орындай алмайды. Сондықтан адамзат қоғамы алдында тұрған жəне əлi де маңызды болып қала беретiн аса маңызды проблема топы-рақтың топырақ түзiлу процесiндегі өзiдiгiнен қалпына келу қабiлетiн сақтап қалуға барынша жағдай жасау.
Топырақтың деградациялануының (латын тiлiнен аударған-да — "төмендеу", "артқа кету" ) негiзгi факторлары : эрозия, минералдық тыңайтқыштар мен пестицидтердi шамадан тыс көп қолдану, т.с.с.
Топырақ атмосфералық ауа мен жер бетiлiк суларға қарағанда əлдеқайда қозғалыссыз орта, соған байланысты басқа орталарға тəн аса қуатты табиғи өздiгiнен тазару қасиетi жоқ. Топыраққа түскен антропогендiк ластаушылар онда жинақталып, көбейе бередi.

Жел жəне су эрозиясы.


Топырақ өте күрделi организм сияқты үнемi өсу, даму жəне өзгеру үстiнде болады. Онда үздiксiз түзiлу жəне бұзылу про-цестерi жүрiп жатады. Су, жел, антропогендiк факторлардың топырақ пен оның қабаттарын бұзу, беткi құнарлы қабатының сумен шайылу, желмен ұшу құбылыстары эрозия деп аталады.
"Эрозия" терминi латынның erodere — бұзу деген сөзiнен алынған. Эрозия дегенiмiз топырақ жабынының су, не желмен шайылуы, бұзылуы. Бұл кезде топырақтың ең құнарлы қабаты бұзылады: топырақ түзiлу процесiнiң жүру жылдамдығы ша-мамен 0,5-2,0 см/100жыл болғанда қалыңдығы шамамен 18 см болатын осы қабаттың табиғи жолмен түзiлуiне 1400-7000 жыл қажет болған болар едi, бұл қабаттың жойылуы кейде 20-30 жыл, тiптi кейде бiр ғана қатты жауған жаңбыр, не шаңды дау-ыл нəтижесiнде болуы мүмкiн.
Эрозиялық процестердiң байқалу сипатына қарай қалыпты, не геологиялық жəне жылдам, не антропогендiк эрозия болып бөлiнедi.
Қалыпты эрозия — орманды жерлер мен шөптесiн өсiмдiк-тердiң топырағында жүредi. Ол өте жай байқалып, нəтижесiнде бұзылған топырақ қабаты топырақ түзiлу процестерiнiң нəти-жесiнде бiр жылда қайта қалпына келе алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет