Жауап: Сутек, оттек, азот, күкірт, фосфор.
Ағзадағы органоген деп аталатын алты элементті атаңыз.
Жауап: Көміртек, сутек, азот, оттек, күкірт, фосфор.
Кеш осылай екінші кезеңге ұласып, оқушылардың жазған рефераттарын талдау, жұмбақтар шешумен жалғастырылып, жекелеген оқушыларға сыйлық, алғыс хат жарияланып, дарынды оқушылар тобы іріктелді.
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудегі экологиялық мазмұнды сандық есептердің рөлі.
Мектеп курсында химиядан сан есептерді шешудің маңызын бағалау өте күрделі. Біріншіден, есептерді шешу теориялық материалдарды практика жүзінде қолдану, практикада ғылыми білімді жүзеге асыру. Екіншіден, есептерді шешу – пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудвң химия ғылымының өмірмен байланысын көрсетудің әдісі болады.
Ал, қазіргі экологиялық мәселелрмен байланысты өмір талабына сай сан есептерді шешу – оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беруде жаратылыстану ғылымдарының өмір талабына сай мамандықтарын (эколог, химик-эколог, биолог-эколог, экологиялық сараптау тағы басқа) баулудың ең тиімді тамаша әдісі деп есептеуге болады.
Жүргізілген зерттеу мақсаты – химияны оқыту курсында химиялық экологиялық ұғымдар мен экологиялық түсініктерді дамыта отырып, экологиялық білім мен тәрбиені қалыптастырудағы экологияның мазмұндық есептерін шешуді меңгеру. Зерттеу объектісі болып Жарқайың ауданы Ш.Увлиханов орта мектебінің 11 сынып оқушылары алынды. Зертеу барысында Бейметалдар бойынша – негізгі бағдарламаға сәйкес сабақтар жүргізілді. Әрбір тақырыптар бойынша химиялық-экологиялық терминдер мен ұғымдар енгізіп, бейметалдардың кейбір қосылыстарының қоршаған ортаға әсері туралы білім берілді. Қайталау қорытындылау сабағымен алынған экологиялық білімнің деңгейі мен оны практикада пайдалану дәрежесін анықтау мақсатында экологиялық мазмұндағы есептер берілді.
Зерттеу үш бағытта өткізілді. Бірінші бағытта оқушылардың жалпы химиялық есептерді шығара білуінің қалыптасуы бағаланды. Екінші бағытта экологиялық мазмұны бар есептерді шығару кезінде оқушылардың экологиялық білімі мен тәрбиесінің қалыптасуы анықталды. Үшінші бағытта оқушылардың танымдық қызығушылығының артуына, экологиялық мәдениеттің қалыптасуына экологиялық мазмұны бар есептерді пайдалану әсері анықталды.
Зерттеу кезінде екі бақылау жұмысы жүргізілді. В жұмысының негізгі бағдарламаға сәйкес есептермен бірге экологиялық мазмұнды есептерде берілді.
Екінші бақылауда берілген экологиялық мазмұндағы есептерден мысал келтірейік:
1есеп. Нигерияда жаңбыр суында сутегі ионының концентрациясы найзағай кезінде 0,01 моль/л-ге жетеді.
жаңбыр суында сутегі ионының пайда болуын түсіндіру және сәйкес реакция теңдеуін жаз.
1 105 m орташа найзағай бұлттың массасы жаңбыр суындағы қышқылдың массасын есепте.
Карбонатты жыныстары бар аудандарда жауын-шашын түскеннен кейін атмосфераға түскен көмір қышқыл газының массасын есепте.
Шешуі:
найзағайдан кейін ауада азот оксиді түзіледі. Бұл процестікелесі түрде жазуға болады.
N2 + O2 = 2NО
2NО2 + O2 = 2NО2
4NO2 + H2O + O2 = H NO3
Найзағай рязряды кезінде түзілгенқышқылдың массасын есептейміз:
m0 V0 n(H+) n(4HNO3) (HNO)
1 105 1 108 1 105 1 105моль 6,3 106г
С(Н+)
0,001 моль/л
3) Карбонатты жыныстарға қышқыл жаңбыр әсер ететінкезде түзілген көмірқышқыл газының массасын есептеңдер
n(HNO3) n(CО2) m (CО2)
1 105 моль 0,5 105 моль
СаСО3 + HNO3 = Ca( NO3 ) 2 + H2O + CO2
Достарыңызбен бөлісу: |