Экологиялық дағдарыстар. Арал қасіреті



Дата26.12.2021
өлшемі16,5 Kb.
#105868
Байланысты:
Худайбергенов Б.М ХҚБ-102 ӨСӨЖ4
1 Қазақстан тас дәуірінде, 14 Қазақ хандары, Худайбергенов Б.М ХҚБ-102 ӨСӨЖ4, казак тили

Экологиялық дағдарыстар.Арал қасіреті

Бұл проблеманың тууына себепші болған - адам әрекеті. Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі өзендер Әмудария мен Сырдарияның суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді (мақта, күріш) суландыруға пайдаланылып келді. Буланушылық дәрежесі жоғары болатын шөл зонасында орналасқан теңіз суының көбірек булануы оның тартылуына әкеп соқты. Қазіргі кезде Арал теңізі екі су айдынына Үлкен және Кіші теңізге бөлінген. Арал теңізіндегі суы тартылған бөліктің ауданы 30 мың км² жетеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша, теңіз табанынан атмосфераға жылына 200 млн тоннаға дейін тұзды шаң-тозаң ұшады. Теңіз суының шегінуінен оның жағалауындағы 800 гектар тоғай, жануарлар дүниесі жойылып, теңіз айналасы бұл күнде тіршілігі жоқ құмды, сортаң жарамсыз жерлерге айналды. Теңіз суының тартылуынан мұнда теңдесі жоқ Барсакелмес қорығы жойылды. Бұл өзгерістер өз кезегінде сол аймақ тұрғындарының денсаулығына кері әсерін тигізді. Аралды сақтап қалуға арналған Халықаралық қордың құрылғанына 15 жыл толды. Осы жылдар аралығында аткарылған жұмыстар аз емес. Аралды қалпына келтіру үшін көптеген іс-шаралар қаралып, жобалар жасалды.Мысалы:кіші аралдың оңтүстігіне ұзындығы 12 км болатын Көкарал бөгені салынды. Соның салдарынан Кіші Аралдың көлемі 42 метрге, аумағы 800 шаршы километрге ұлғайды. Суы тартылып қалған тұзды көлдің табанын жауып, көлге тіршіліктің нышаны енді. Ғалымдардың айтуынша Аралдан ұшқан тұзды дауылдың бір ұшы Гренландия мұздықтары мен Норвегияның орманды алқабына да жеткенін дәлелдеген еді. Еліміздің көлемді атқарып жатқан іс-шараларының алды, аймақтың және жергілікті жердің экологиялық жағдайын көтеру. Бүгінгі күні Солтүстік Арал маңына халықтар қайта қоныстанып, үй салып, балық шаруашылығымен қайта айналыса бастады.Сол әрекеттердің барысында теңізге кішкене болсада жан кіргендей болды.Бұрын көшіп кеткен шаруа қожалықтарыда біртіндеп қоныс теуіп келіп жатты.Бірақ олардың көшіп келуі Арал теңізінің суының тапщы болуын одан әрі әсер етті.Арал теңізінің ең басты тартылу себебіде міне ірі-ірі шаруашылықтардың әсерінен еді.Олар суды қалай болса солай пайдаланым ысыраа етті.Және шөлді аймақта судың көп булануы бұны одан әрі өршітіп теңіздің тартылып екі бөлікке бөлінуіне басты себеп болғанын біз білеміз.Сол себептен жоғарыда айтылған мәселелердің алдын алып теңізге кішкене болсада күтім жасап суды орынды пайдаланып,халық игілігіне жаралып отыруы тиіс.Теңізге басқа өзендерден канал тартып теңізді суландыру керек деп ойлаймын.Дәл осы мәселелерді дұрыстап,жоспармен қолданатын болсақ теңіздің тартылуына әсер етпитін де еді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет