Қажетті азық-түліктер. Сізге күн сайын жасұнықтардан (клетчатка) тұратын жемістер, көкөністер, шырындар және басқа да өсімдік құрамдас тағамдардың 5 бөлшегін (порциясын) жеп отыру қажет. Жасыл, сары және қызғылт сары көкөністер мен жемістерді, цитрусты жемістерді, жидектерді, құрғатылған жемістерді, теңіз азық-түліктерін, пияз бен сарымсақты тұтыну ерекше пайдалы. Қызыл көкөністердің ішінде ең тамаша таңдау – қызанаққа тиесілі. Өзіңіздің күнделікті рационыңызға ірі ұнтақты ұннан жабылған нанды (бидайдан және қара бидайдан) және ботқаны қосқаныңыз абзал. Майлы балықта қатерлі жаңа өскіндердің дамуына кедергі жасайтын пайдалы заттар көп-ақ. Жаңғақтар да өте пайдалы.
Иммунитетті нығайтыңыз. Белсенді болыңыз, күн сайын дене шынықтырумен шұғылдануға тырысыңыз.
Дене белсенділігінің қорғану тиімділігі рак ауруының даму тәуекеліне қатысты белсенділік деңгейінің артуына байланысты күшейе түседі. Дегенмен жүрек ауруы бар адамдар сақтана білуі тиіс. Дененің қалыпты салмағын ұстау, әсіресе, үнемі отырып жұмыс істейтін адамдар үшін дене белсенділігі қажет. Дене жаттығуларын аптасына 3 реттен кем емес 30-40 минут бойы жасау керек. Егер сіз суық тиіп жиі ауыратын болсаңыз, иммунолог дәрігер маманына қаралыңыз.
Вирустарға тексеріліңіз. Барлық онкологиялық аурулардың 10%-ын вирустар шақыруы мүмкін. Жұқтырып алу мен рактың дамуы арасында көптеген жылдар өтуі мүмкін, бірақ сіз қоздырғыш вирустың тасымалдаушысы болсаңыз, өз денсаулық күйіңізді үнемі бақылауда ұстап, ауруға бірде-бір мүмкіндік бермеу үшін ол жайында білуіңіз қажет.
Артық күн сәулесін қабылдаудан қашуға тырысыңыз.
Тері аурулары рагының басты себебі күн сәулесі, әсіресе, оның ультракүлгін бөлігі болып табылады.
Өзіңізге көңіл бөліңіз. Егер Сіздің бойыңыздағы мең немесе қалыңыз киініп-шешінгеннен немесе мойныңыздағы алқаңыздың жанасуынан көлемі немесе түсі өзгеретін болса, жедел түрде дәрігерге хабарласыңыз. Ондай меңдерді өз уақытында алып тастау арқылы тері рагының тәуекеліне жол бермеуге болады. Өзіңізді бақылау барысында мазаңызды алып тұрған факторларға назар аударыңыз.
Обыр дамуының алдын алатын және осы аурудан жазылып шығу сенімділігін арттыратын денсаулық сақтау бағдарламалары бар. Скрининг бағдарламаларына қатысыңыз! Скрининг – симптомдары байқалғанға дейін ауруды анықтау мен емдеу. Адамдар арасында әлі симптомдары жоқ ауруларды анықтау мен емдеу рактан келетін өлім санын азайтуға мүмкіндік береді.
Әйелдер! Етеккір аяқталысымен өзіңіздің сүт бездеріңізді жан жағынан ортасына қарай сипалау арқылы тексеріп көріңіз. Егер Сізді оның сыртқы түрі мен тері түсіндегі және бездің формасындағы өзгерістер мазаласа, немесе Сіз сипалаған кезде тығыздық байқалса, онда міндетті түрде онкологқа қаралыңыз!
Достарыңызбен бөлісу: |