Экономиканы дамытудағы индикативті жоспарлауды пайдалану басқарудың негізгі функцияларын бірі болып табылады. Осы орайда бір айта кететін жайт – нарықтық экономикаға жоспарлау қажет емес деген жалған пікірлердің пайда болуы. Расында, бұрынға тоталитарлық жүйе кезінде пайдаланылған орталықтандырылған мемлекеттік жоспарлаудың заманы өтті. Ол тұста жоспар әлдеқашанда директивалық құжат түрінде болған заң күші берілген. Алайда дүниежүзілік тәжірибеде қазіргі кезеңде нарықтық экономикасы дамыған елдердің барлығы жоспарлауды кеңінен пайдалануда. Әсіресе, басқару жүйесінің төменгі сатысында жоспарлау міндетті түрде енгізіледі.
Жоспарлау – басқаруды объектісі мен субъектісінің де қоса алғанда өндіріс дамуының перспективасын және өндіріс жүйесінің болашақтағы жай-күйін белгілейді. Жоспарлау – жүйеге ықпал ететін белсенді басқару процесі болып табылады, сол арқылы белгіленген мақсатқа жету үшін өндірістің даму қарқыны, материалдық көздері, бүкіл өндірістік организмді дамытудың әдістері мен формалары анықталады.
Өндірісті жоспарлау механизмінің ерекшелігі мынада: мұнда жоспарлы жұмыстың өндірістің негізгі мақсатымен, қоғамдық қажеттерді қанағаттандырумен диалектикалық байланысы нақты қойылуға тиіс. Жоспарлау жұмысының кеңістік – уақыт жөніндегі ерекшеліктері белгілі бір ауқыммен шектеледі. Өндіріс учаскесінің жоспарлау функцияларын атқаруы үшін лауазымды адам қажет, ал осы функцияны бірлестік деңгейінде тұтас атқару үшін функционалдық жоспарлаушы басқару органдары тұтас құрылады. Алайда жоспарлаудың мәні мен технологиясы барлық басқару объектілері үшін бірдей. Өндіріс учаскесінің, цехтың жұмысын жоспарлау, мысалы, бірлестік жұмысын жоспарлаудың бүкіл технологиясын кейбір шағын мөлшерде ғана көрсететін тәрізді.
Жоспар – шешімді әзірлеу, негіздеу және қабылдау процесінен тұрады, ол процестер өндірісті дамыту жоспарлары түрінде рәсімделінеді. Жоспар – сайып келгенде неге қол жеткізу екенін ғана емес, сонымен қатар мұны қалай істеу керек екенін, жоспардың негізгі көрсеткіштері қандай және оны орындау уақыт пен кеңістік бойынша қалай өрістетілуге тиіс екенін көрсетеді. Басқарудың негізгі функциясы ретінде жоспарлау: өндірістің болашақтағы дамуын анықтауды, алға қойылған мақсатқа жетудің жолдары мен әдістерін; болуы ықтимал зардаптарын көре білуді қамтиды.
Президент Назарбаев Н.Ә. жоспарлауды басқаруда молынан пайдалануды өте қажет деп санайды. Ол атап көрсеткендей: «Біз тіпті дамудың үш жылдық немесе тоқсаннан екінші тоқсанға, бір жылдан екінші жылға қарай бағытсыз өте беруімізді тоқтатқанымыз жөн. Міне, сондықтан жоғары экономикалық кеңес 2025-2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді, саясат пен дамудың стратегиясын талдап жасауға күш-жігерін жұмылдырылуға тиіс. Ал үкімет дамудың бес жылдық және индикативтік жоспарларын әзірлеуге кірісетін кез келді және осы жұмысқа бүкіл атқару өкіметін және жеке секторды тартуға тиіс».
Әлеуметтік-экономикалық дамуды аймақтық басқару біздің республикамызда жаңадан дамып келе жатқан экономикалық әдістер тобына жатады. Аймақтық басқару келесі сатыға көтерілді. Оған дәлел – жалпы еліміздегі және жергілікті жерлердегі реформаларды тереңдету мәселелеріне арналған барлық деңгейдегі әкімдердің республикалық кеңесі.
Бұл кеңесте президент Н.Ә.Назарбаев реформалардың табысты болуы оған аймақтардың белсенді қатысуына байланысты деп, атап көрсетті. Аймақ әкімдерінің алдында экономикадағы ең басты саяси міндет – барынша қысқа мерзімі ішінде жекешелендіруді аяқтау, өндірістегі меншікті ретке келтіру. Меншіктің кәсіпорындарды дағдарыстан шығаруға қол жеткізе алатын, жақсы менеджментті ұйымдастыра алатын адамдардың қолына көшуі барлық жағдайды жасау қажет.
Басқару теориясы бойынша, басқарушы органдардың құрылымы атқаратын функцияларына сәйкес болуы тиіс. Сондықтан қазіргі кезеңде орталық пен аймақтардың қаржы жөніндегі өзара қарым-қатнастарын қайта құру керек. Сонымен қатар, ең алдымен инфрақұрылымды дамыту мәселелерін шешу – көліктік қатнас жолдары мен коммуникацияны, сауда жолдарын дұрыстап реттеуді және т.б. талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |