4.Дәріс мазмұны:
1). Шешім қабылдау басқару процесінің ең маңызды бөлігі.Басшының кез – келген әрекеті іс жүзінде белгілі бір шешім қабылдаудан басталады. Кәсіпорынның және ондағыбөлімшелер қызметінің нәтижесі басшының дер кезінде шешімді дұрыс қабылдау қабілетіне, оны жүзеге асыра білуіне, оның жеделдігі мен дұрыстығы басшының тәжрибесі мен біліміне байланысты. Егер ол өңдірісті, технологияны және адамдарды жақсы білетін болса, жұмыс тәжірибесі мол болса, онда оған шешім қабылдау қйынға түспейді.
Басшы сонымен қатар жете ойластыруы, жоқ деректерді болжай білуі, дұрыс қорытынды жасай білуіжәне соның негізінде жағдайларға сәйкес шешім қабылдауы тиіс. Басшы кез келген жағдайда шешім қабылдаудан бас тартпауы тиіс.
Қабылданған шешім бүкіл ұжымның экономикалық және әлеуметтік нәтижелеріне, әрбір жұмыскерге қолайлы немесе қолайсыз әсер етуі мүмкін. Сондықтан да шешім қабылдаған адам өзіне үлкен жауапкершілік жүктейді.
«Басқару шешімі» терминінің 2 мәні бар:
Ол белгіленген басқару актісін, қабылдаған іс әрекет жоспарын, қаулы – қарарларды білдіреді;
Проблемалар мен міндеттер шешімін қабылдаудың және жүзеге асырудың ең қолайлы вариантын білдіреді.
Шешім проблема туындаған жағдайда қабылданады.
Басқару шешімін қабылдауға жүйелік тұрғыдан қарауының, пайда болған проблемалардышешудің жүйелігін сақтауының зор маңызы бар. Әрбір жаңа шешім алдыңғы шешімдерді өрістету үшін қабылдануы, сөйтіп біріңғай өңдірістік міңдеттерді кезең – кезеңімен орындауды қамтамасыз етуі тиіс.
Күрделі өңдірістік жағдайларда, әсіресе жұмыстың қауырт күнінде, егер барлық факторларды ескеруге көп уақыт кететін болса, онда шешім қабылдауды кешіктіріп, жұмыстың орындалуына кедергі жасағаннан гөрі, ең дұрысы тәуекел еткен жөн.
Басқару шешімінің маңызды талаптарының бірі – мақсаттылық. Шешім ұжымның мақсатын, басты міңдеттерін білдіреді, кез келген жұмысты тікелей орындаушыларға берілетін тапсырмаларды айқындайды.
Кез – келген шаруашылық шешімі әділ болуы, яғни шешім қабылдаған кезде ісінің нақты жағдайы ескерілуі тиіс.Кез – келген шаруашылық шешімі ғылыми негізделген болуы керек.
Кез – келген шешім нақты, айқын, дәлелді болады, кімге арналғаны дәл көрсетілуі тиіс. Шешімде тапсырмалардың мәні, олардың көлемі, мерзімі, жүзеге асыру әдісі, сондай – ақ орындауға жауаптылар көрсетілуі керек.
2). Басқару шешімдерінің табиғаты алуан түрлі. Оларды әр – түрлі белгігері бойынша жіктейді:
1. Басқару субъектісі бойынша:
А) Әкімшілік шешімі
Б) Қоғамдық ұйымдар шешімі
2. Басқару объектісі бойынша:
А)Жалпы – бүкіл шаруашылықтың мүддесін қорғайды
Б) Жеке – жедел сипаты болады, басқарудың төменгі буынына тән.
В) Күрделі
Г) Қарапайым
3. Ықпал ету объектісі бойынша:
А) Сыртқы
Б) Ішкі
Сыртқы шешім өңдірістің ерекшелігін айқындайды, әрі сол шаруашылықтың жоғарғы ұйымдарымен және оргондарымен, басқа да өңдірістермен қарым – қатынасын қарастырады. Ішкі шешім кәсіпорынның өзіндегі қызмет саласына жатады.
4. Уақыт өлшеміне қарай:
А) Перспективалық
Б) Күнделікті
В) Жедел
Перспективалық шешімнің орындалуына ұзақ уақыт (3-5 жыл және одан да астам) керек. Күнделікті шешім 1-2 жыл аралығында жүзеге асырылады. Жедел шешім қысқа уақыт ішінде ( бірнеше апта, күн, ай) жүзеге асырылады.
5. Ұйымдастырылуына Қарай:
А) Жекелей шешім – бұл басшының ұжыммен немесе жекелеген адамдармен келісімінсіз, ешбір талқылаусыз жеке өзінің шығарған шешімі.
Б) Алқалы шешім – бұл мамандар тобымен және тиісті басшылармен бірлесіп, ақылдасып отырып жасалатын шешім.
В) Ұжымдық шешім – барлық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысында қарастырылып, сонда қабылданады.
6. Функционалдық мақсатына орай;
А) Жоспарлы – экономикалық
Б) Технологиялық
В) Қаржы
Г) Әкімшілік сипатта
7. Мақсаты бойынша:
А) комерциялық
Б) комерциялық емес
8. Беру әдісі бойынша:
А) вербалды
Б) жазбаша
В) электронды
Басқару шешімдерінің сапасына ықпал етуші негізгі факторлар: мемлекет жүйесінде моделдеудің ғылыми тәсілдерін, ипринциптерін және әдістерін қолдану, басқаруды автоматтандыру, т.б.
Басқару шешімдерінің сапасы – нақты тұтынушыны қанағаттындыратын және шешімді жүзеге асырудың нақтылығын қамтамасыз ететін шешім параметрлерінің жиынтығы.
3). Шешім қабылдау процесі интуитивтік, пайымдауға негізделген немесе тиімді сипатта болады.
Интуитивтік шешім – бұл бір нәрсенің дұрыстығын сезуге негізделген таңдау.
Пайымдауға негізделген шешім – бұл білімге немесе жинақталған тәжірибеге негізделген таңдңу.
Шешімді жасау процесі 3 негізгі кезеңнен тұрады: шешімді әзірлеу, қабылдау және жүзеге асыру. Басқару шешімін жасау, қабылдау және орындау кезеңдері:
Шешім қабылдаудың қажеттілігін анықтау
Мәселені қою
Жиналған мәліметтерді тапсыру
Шешім мәселелерінің негізделуін бағалау
Мәселе бойынша шешімді таңдау және қабылдау
Шешімнің орындалуын ұйымдастыру
Орындалу барысын бақылау және нәтижені бағалау.
Қарапайым міндеттерді шешкен кезде акталған кезеңдердің барлығын пайдалану міндетті емес, және керісінше біршама күрделі міндеттерді шешкен кезде, шешім қабылдауға, әдетте, барлық кезеңдер енгізіледі.
Шешім қабылдаудың әзірлік кезеңінде кез келген деңгейдей басшы өңдірістік, экономикалық, әлеуметтік жағдайларды болжаудан бастауы тиіс. Басшы қалыптасқан жағдайларды ұға білуі тиіс.
Шешімді ойдағыдай орындау үшін мақсаттардың дәл, әрі айқын болуының айырықша маңызы бар. Дұрыс шешім қабылдау жеткілікті, әрі айқын мәліметтер болжағанда, ғана мүмкін болады.
Алынған мәліметтерді талдаған кезде, олардың сипатына қарай әр түрлі тәсілдерді де пайдаланады.
Шешімдер варианттары санының болуы проблемаларды шешудің ең қолайлы жолын таңдауға мүмкіндік береді. ( Варианттарды таңдау үшін сандық таңдауды, эвристикалық тәсілді де қолданады).
Достарыңызбен бөлісу: |