Экономика және баскару институты. «Менеджмент және кәсіпкерлік» кафедрасы. Туризм



бет103/134
Дата04.10.2020
өлшемі1,27 Mb.
#63955
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   134
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Дау-жанжалдар типтерін ата?

2.Стресс дегеніміз не?

3.Ұйымдық факторларды ата?

4.Жеке тұлғалық факторларды ата?

5.стрессті болдырпау факторларды ата?



Әдебиеттер : 1,3,5.

Тақырып: Менеджменттегі коммуникация
Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Басқарудағы коммуникацияның ролі және оның түрлері

  2. Коммуникация процесі

  3. Қарым-қатынас кедергісі және оны жою әдістері

  4. Ұйымдық қарым-қатынас кедергілері және оны жою әдістері

3.Дәрістің мақсаты: Дәріс бойынша берілген тақырыпты толықтай қарастырып, студенттерге түсінікті етіп мәлімет беру.

4.Дәріс мазмұны:

I. Коммуникация дегеніміз қарым-қатынас, екі және одан да көп адамдардың өзара түсінісуге негізделген байланысы: бір-бірінен ақпарат,мәліметтер алмасуы.

Басшы өзінің көпшілік уақытын мәліметтер алу және шешім қабылдау үшін, біреулермен байланысуға, қарым-қатынас орнатуға арнайды. Басқарудың жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау қызметтерін орындау да қарым-қатынас орнатуға байланысты. Коммуникация-басшылық етудің байланыстырушы процесі болып табылады.

Менеджерлер өз жұмысын ойдағыдай орындау үшін тиімді қарым-қатынас орнатуы қажет.

Шетел зерттеушілерінің пікірінше, тиімсіз қарым-қатынас –мәселелерлің туындауының басты себептерінің бірі. Тиімді жұмыс істейтін басшылар –бұлар тиімді қарым-қатынас орната білетіндер. Ұйым ішінде де, одан тысқары жерде де тиімді қарым-қатынас ұйым аралықтары үшін де аса қажетті, сол мақсатта олар түрлі амалдарды пайдаланады.

Олар тұтынушыларға жарнама арқылы және басқалай жолдармен байланысады. Қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынас орнатуда жергілікті ұйымдармен жалпыұлттық немесе халықаралық деңгейде байланыс жасауға ерекше көңіл бөледі. Ұйым мемлекеттік реттеу тәртібіне бағынуына тура келеді, сол себептен де есеп беріп, онда қаржы және маркетинг туралы мәлімет береді, сондай-ақ өзінің орналасуы мүмкіндіктері, жеңілдіктері туралы деректер келтіреді. Ұйымның сыртқы ортадағы оқиғалар мен факторларға қатысуының басқа да толып жатқан әдістері бар.

Сыртқы орта арқылы пайда болатын алуан түрлі мәселелерге байланысты ұйым ішінде әр түрлі талқылаулар, жиналыстар, телефон арқылы келісімдер жүргізіліп, қызмет жазбалары, есептері, бейнетаспалар т.б жасалады.

Ұйымда мәліметтер бірінен бірі беріліп, алмасып отырады. Жоғарғы басшылықтан төменгі басшылыққа күнделікті міндеттер, нақты тапсырмалар, ұсыныстар беріледі. Төменгі деңгейдегі басшылықтан жоғарғы деңгейдегі басшылыққа берілетін мәліметтер еңбек өнімділігіне айтарлықтай ықпал етеді.

Төменгі деңгейден жоғарғы деңгейдегі басшылыққа берілетін мәліметте не істеп жатқандығы айтылады. Басшы осындай жолмен ағымдағы мәліметтерді біліп отырады, істі оңға бастырудың мүмкін варианттарын ұсынады. Жоғарғы басшылармен төменгі басшылардың мәлімет алысуы әдетте есеп беру, ұсыныс айту және жазбаша түсініктеме нышанында болады.

Әртүрлі бөлімшелер арасындағы коммуникация көлбеу коммуникацияға жатады. Кез-келген ұйым мұндай коммуникацияны қажет етеді, өйткені оның өзі өзара байланысты элементтерден тұратындықтан, басшы мақсатқа жетуі үшін біркелкі жолға қойылған жұмысқа қол жеткізуі тиіс.

Басшы мен бағыныштылар коммуникация компоненттері болып саналады.

Басшы мен жұмысшы топтарының арасындағы коммуникация, басшы мен бағыныштылар арасындағы қосымша мәлімет алу болып саналады, әрі басшыға топтың іс-әрекетінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.


II. Коммуникациялық процесс- бұл екі немесе одан да көп адамдар арасындағы мәлімет алмасу, әрі оның негізгі мақсаты мәліметтің түсінікті болуын қамтамасыз ету. Коммуникация- бұл күрделі процесс және де оны жақсы түсіну үшін процесс сатыларын білу қажет.

Мәлімет алмасу процесінің элементтері мыналар болып саналады:



  • мәліметті жіберуші идеяны қорытушы немесе мәліметті жинаушы және оны таратып беруші болып саналады;

  • символдар көмегімен кодталған мәліметтің өзін хабарлау;

  • канал, мәліметті беру құралы;

  • алушы, бұл мәліметті қажет ететін адам.

Мәліметті алмасу барысында жөнелтуші мен алушы белсенді роль атқарады, әрі мұның өзі бір-біріне қатысты бірнеше кезеңде өтеді. Бұлардың міндеті хабарды дайындау және каналды пайдалана отырып екі жаққа да түсінікті болуын қарастыру. Мәлімет алу кезеңдері мынадай: а) идеяның пайда болуы; ә) кодтау және канал таңдау; б) беру; в) декодтау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет