Экономика және құқық факультеті



бет2/4
Дата04.01.2022
өлшемі18,11 Kb.
#109203
1   2   3   4
Байланысты:
10 апта срс қазақ диаспорасы

Алтай Республикасы

1989 жылғы мәліметтер бойынша Таулы Алтай автономиялық облысының Көшағаш ауданында халықтың 39,6% – төлеңгіттер мен алтайлықтар, 54,4 % (9 000 адамдай) – қазақтар. 1989 жылы ауданда 8 200 қазақ және 7 013 төлеңгіттер (алтайлықтар) болған; 1993 жылы – тиісінше 6 377 және 7 264 адам. Соңғы жылдары көшіп келу азайды, кері процесс байқалды. 1995 жылы аудан халқы 15 748 адам болса, соның 7 999 қазақ, 7 555 төлеңгіт (алтайлық). Дамудың қазіргі кезеңінде қазақ диаспорасына жалпы екі процесс тән: этникалық сәйкестілікті сақтау және Қазақстанға оралу. Этникалық өзін-өзі тану деңгейінің көрсеткіші ретінде қазақтардың басым бөлігінің өздерінің шыққан тектерін, немесе рулық топтарын білуін, өзінің тарихи салт-дәстүрлерін білуін бөліп қарауға болады. Мысалға, Көшағаш ауданының қазақтары бұл мәселеге хабардар екендігін атап өтеді, қазақ этностарының жүзге бөлінетінін жадында сақтаған. Көшағаш ауданындағы қазақтардың негізгі бөлігі өздерін орта жүзге жатқызады – 48%, ал 2% - ұлы жүзге және 1% - кіші жүзге жатады, қалғандары өздерінің рулары туралы жауап беруге қиналады. Алтай қазақтары өз салт-дәстүрлерін тұрмыстық, материалдық мәдениет деңгейінде сақтайды. Көшағаш ауданының қазіргі тұрмысы салт-дәстүр ерекшеліктерінің жақсы сақталуымен ерекшеленеді. Ұлттық аспаптар көбінесе отбасылық тұрмыста қолданылады – қазақтардың 70%-дан астамы ұлттық аспаптарды пайдаланатынын айтады, шамамен сонша адам ұлттық кием киеді. Сол сияқты ұлттық тұрғын үй нысаны - киіз үйлер де кең тараған. Алтайдағы қазақ халқының арасында нуклеарлық отбасылар басым. Туыстардың екі ұрпағы бірге өмір сүретін отбасылардың саны Көшағаш ауданындағы алтайлықтарда да, қазақтар да бірдей. Үш ұрпақтан тұратын отбасылардың түрлері қазақ этносының арасында анағұрлым сирек кездеседі. Төртұрпақты отбасылар да кездеседі, алайда қазақ халқында олардың саны шамалы ғана – бар-жоғы бір пайыз. Отбасылық рөлді ұстау бұрынығыдан қатаңдау бола бастады. Отбасындағы адамдардың мінез-құлқы туралы дәстүрлі түсінік жаңа нормалар мен құндылықтар жағына қарай ауыса бастады. Әдетте қазіргі отбасыларда «ерлердің» және «әйелдердің» ісі деп нақты бөліп қарау аңғарылмайды. Бірақ Көшағаш ауданындағы қазақ отбасыларының өмірінде дәстүрлік сипаттар бар, мысалға отбасындағы ерлердің бас болуы туралы ұғымның сақталуы. Этникалық сәйкестілікті сақталуына халықтың метистену деңгейінің төмендігі де жағдай жасауды. Алтай қазақтарының арасында этникааралық некелер тарамаған. Некелердің көбі бір ұлт адамдары ішінде жасалады. Этникалық біртекті некеде 76% қазақтар тұрады. Халқының 9% қазақтар құрайтын Усть-Канск ауданында ұлтаралық некелер санының арту үрдісі басым: қазақтардың 40% өзге ұлт өкілдерімен некеде тұрады (23% - орыстармен және 17 % - алтайлықтармен). Алтай қазақтарының тағы бір ерекшелігі – діни фактор. Алтайлықтар «лауазымды» этнос мәртебесін алған, ал әлеуметтік инфрақұрылымда көшбасында тұрған қазақтар этникалық азшылық рөліне түсіп қалған қазіргі жағдайда өзін-өзі анықтау нысанына айналған діни фактор ерекше маңызға ие боп отыр. Ислам әлемімен (Қазақстан, Моңғолия, Қытай, Түркия мұсылмандарымен) байланыс орнауына орай соңғы жылдардағы ауданның қарқынды «исламдануы» тек діни ғана емес, этникалық сананы да өзекті етіп отыр және Алтай Республикасы қазақтарының бірігуіне жағдай жасайды. Көшағаш ауданының этно-локалды топтары бабаларының діни ұғымдарын көзінің қарашығындай сақтауды. Аудан халқының басым бөлігі өздерін дінге сенетіндер деп санайды. Алтай мемлекеттілігінің шеңберінде Алтай Республикасының басқа халықтары сияқты қазақтар да мәдени және тілдік егемендігін алды. Республиканың заңнамалық актілері алтай және орыс тілдерін мемлекеттік тіл деп жариялады және қазақ тілін қазақтардың жинақы тұратын жерлерінде ресми деңгейде пайдалануға болады деп көрсетті. Қазақтардың 90%-дан астамы өз тілін ана тілі санайды және отбасында қазақ тілінде сөйлесіп, оны жақсы білетіндігін көрсетеді. Басқа этникалық топтармен өзара әрекеттестік жағдайында алтай қазақтары орыс тілін ғана емес, алтай тілін де меңгеріп, ол тілде көп жағдайда еркін сөйлейді. Көшағаш ауданындағы нақты полилингвизм әкімшілік-саяси факторлармен және күнделікті өмір қажеттіліктерімен, білім беру жүйесінің ерекшеліктерімен негізделген. Алтайда көптеген онжылдықтар бойы білім беру тілі орыс тілі болып келді. Ұлттық білім беруді дамыту жөніндегі эксперименттің басталуымен ауданның көптеген мектептерінде (олардың арасында үш бастауыш, он орта, бір орталау мектеп бар) 1-4 сыныптарда ана тілінде (кенттің этникалық көпшілігінің тілінде) оқыту, 5-11 сыныптарда – ана тілі курсын сақтай отырып орыс тілінде оқыту енгізілген. Аудан әкімшілігі ұлттық мәдениеттерді сақтау мен дамытуға жағдай жасауда. Оның жәрдемімен Көшағашта Қазақ мәдениетінің орталығы құрылды. Алтай қазақтарының өзіндік ерекшеліктерін сақтаудың басқа да шаралары жасалып жатыр. 2001 жылы Көшағаш ауданының Жаңаауыл кентінде Ресей қазақтарының құрылтайы өтті. Құрылтайға Қазақстан Президенті Н.Назарбаев пен Ресей Президенті В.Путин өз үндеулерін жолдады. Құрылтайда басқа мәселелермен бірге қазақ тіліндегі жергілікті телевидение, баспасөз және радионы дамыту жоспарлары талқыланды. Іс жүзінде барлық қазақотбасыларының (95%) өз үй шаруашылығы бар, олар ет мен сүт өндірісінде жетекгі рөл атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет