«Экономика және кәсіпкерлік негіздері» пәнінен дәріс жинағы



бет57/58
Дата26.09.2022
өлшемі0,49 Mb.
#150735
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
Байланысты:
ЭК-лекция

Бақылау сұрақтары:

  1. Тәуекелділікті бәсеңдету әдістері?

  2. Тәуекелділіктің түрлері?

  3. Тәуекелден келетін зияндар түрлері?

  4. Жіктелуі бойынша тәуекелдің аймақтары?

  5. Табиғи қорғауды қаржыландырудың негізгі көздері?

15 Тақырып Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және оның инфрақұрылымы


Лекция 15. Ақпараттық дәріс

  1. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың мәні және қажеттілігі

  2. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары мен механизмі

  3. Кәсіпкерлік инфрақұрылымының мәні мен ерекшеліктері



Дәрістің мақсаты:
Әлемдік шаруашылықтың мәні. Интеграция және интерұлттандыру. Әлемдік шаруашылық байланыстар көрінісінің негізгі нысандары. Халықаралық саула және сыртқы сауда саясаты. Негізгі ұғымдар: Әлемдік шаруашылық, Интеграция, интерұлттандыру, валюта, валюта бағамы, протекционизм, фритредрство, миграция, экспорт, импорт.

Инфрақұрылымның құрылуы мен дамуы еңбек бөлінісінің тереңдеуімен байланысты. Еңбек көлемінің ұлғаюы мен адам қоғамының дамуымен еңбек процесі біртіндеп бөліне бастады. Әрбір топ немесе адамдар белгілі бір қызметті атқаруға маманданды. Мұны еңбек бөлінісі деп айтса да болады. Қоғамдық өндірістің ірі топтарға , мысалы жер өңдеу, өнеркәсіп болып бөлінуі қоғамдық еңбек бөлінісі деп аталды, ал жекелей өндіріс ішіндегі еңбек бөлінісі бірлік еңбек бөлінісі деп аталды. Алғашқы жалпы еңбек бөлінісі жеке еңбек бөлінісінің пайда болуы мен дамуына себеп болды.


Көптеген еңбектерде «инфрақұрылым» сөзіне әртүрлі мағына берген. Оны анықтайтын негізгі үш анықтаманы атап өтуге болады:

  1. Инфрақұрылым – деп экономиканың негізгі салаларында халық қажеттілігін қанағаттандыру үшін және жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін қажетті жағдайлардың жиынтығы аталады.

  2. Инфрақұрылым – деп ресурстарды толық пайдалану жағдайында шаруашылық қызметінің жоғарғы деңгейін қалыптастыруға қажетті материалдық, институционалдық және жеке құрылғылардың жиынтығы аталады.

Жеке кәсіпкерлікке байланысты Қазақстанның Заңында инфрақұрылымға келесі түрдегі анықтама берілген: « Инфрақұрылым деп кіші кәсіпкерлікті дамыту және жүргізу барсында қолданылатын қызметтер жиынтығы және ол өз кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыру, маркетинг, инжиниринг, материалды-техникалық база, қаржыландыру ,басқа да коммерциялық негіздегі ресурстарға байланысты ақпаратпен қамсыздандырады. \36\.
Халық шаруашылығында инфрақұрылым маңызы келесі түрдегі сипатқа ие:

  • өндірістік процестің әрдайым үзіліссіз жұмыс істеуіне жағдай жасайды;

  • өндіру, бөлу, айырбас, тұтыну процестерінде барлық шаруашылық айналымының, товар қоззғалысының жүзеге асуына көмектеседі;

  • оның салалары мен бөлімдері жалпы қоғамдық өнімді жасауға қатысады және онда жаңа қосымша құн пайда болады, бірақ мұнда өнімнің жаңа натуралды-заттық түрі қалыптаспайды;

  • бірыңғай халықшаруашылық комплексін құру үшін қажетті салалар, өндірістер, территориалды-өндірістік құрылымдар, аймақтар арасында негізгі байланыстырушы фактор ретінде қолданылады;

  • оның «өнімі» қоймада сақталмайды және оны жинақтау мүмкін емес;

  • оны құраушы элементтер бір-бірін толықтырушы немесе бір-бірін орынбасушы сипатқа ие;

  • салааралық және аймақаралық сипатқа ие, соған сәйкес оның «өнімі» коллективті тұтынылады;

  • экономикалық қатынастар жүйесінің деңгейін дамытады;

  • өндірістік емес инфрақұрылым еңбек өнімділігін ұлғайтып, жұмыс күшінің ұдайы өсуіне жағдай жасайды.

Инфрақұрылымның келесі элементтері анықталды.:

  1. Тұтыну нарығының инфрақұрылымы – сауда, қойма жүйесі, товарларды сақтаудың әртүрлі жүйесі, тауарларды жеткізіп беру, көлік жүйесі, тауар биржалары және көтерме сауда, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету.

  2. Өндірістік құралдар нарығының инфрақұрылымы – тауарлы-шикізат биржалары, брокерлік ұйымдар, лизингтік операциялар, факторинг.

  3. Қаржы-несие нарығының инфрақұрылымы – коммерциялық банктер, сақтандыру банктері, бағалы қағаздар және акциялар биржасы.

  4. Еңбек нарығының инфрақұрылымы – еңбек биржасы, еңбекпен қамсыздандырудың мемлекеттік ұйымы, кадрларды дайындау, қайта оқыту және кәсіби біліктілігін жоғарылатудың мемелекеттік ұйымдары, халықтың миграциялық процесін басқару құрылымдары.

  5. Инновациялық инфрақұрылым – инжинирингтік фирмалар, технологиялық парктер, технополистер.

  6. Ақпараттық инфрақұрылым – ақпараттар жүйесі, консалтингтік фирмалар, маркетинг қызметі, жарнама-ақпараттық агенттіктер.

Өндірістік инфрақұрылымның құрылуына әртүрлі факторлар әсер етеді, олар: табиғи, экономикалық, ұйымдастыру-техникалық т.б. Бұл факторлар әсерін бір жүйе ретінде қарастыруға болады.
Инфрақұрылымның құрылу процесі орналасқан жеріне тығыз байланысты. Барлық табиғи жағдайларды( жер құнарлығы, климаты, ауыл шаруашылық өнімдерінің құрамы, табиғатты қорғау шаралары т.б. ) ескеру өнімдерді (бидай, ет,сүзбе, жануарлар майы т.б.) өндіру тиімділігін қамтамасыз ететін тауарлы зоналарды анықтауға мүмкіншілік береді.
Экономикалық жағдайлардың инфрақұрылым дамуына әсерін салынған капитал, материалды және еңбек ресурстары, көлік, жол қатынастарының дамуы, байланыс диспропорциясы арқылы анықтап, инфрақұрылымның тиімді жұмыс істеуіне жағдай жасайды.
Ұйымдастыру-техникалық жағдайлар инфрақұрылымға келесі факторлар арқылы әсер етеді: ғылыми-техникалық прогресс (жаңа машиналар, механизм, технологиялар), мамандану және агроөндірістік интеграция, тауарлы өнімдерді өткізу арналарын таңдау, делдалдық ұйымдарды құру т.б.
Инфрақұрылым нарығының құрылуына келесі әлеуметтік-тарихи факторлар әсер етеді, олар: маркетинг қызметімен байланысты жұмысшылардың арнайы дайындығы, жеке және қоғамдық қызығушылықтың сәйкестігі, жергілікті дәстүрлер, халықтың даму тарихы.
Инфрақұрылымға әсер етуші градоқұрылыс-жоспарлау факторлары келесілер: жергілікті ауылдың халық саны, тығыздығы, басқа ауылдармен жақындығы, көлік байланыстары, тұтыну қабілеті т.б. Бұл факторлар жалпы түрде жергілікті нарықтардың инфрақұрылымдық базасын анықтайды.
Инфрақұрылымның даму динамикасы мен сипаты қоғамдық өндірістің құрылымының өзгеруі, ғылыми-техникалық прогресс көлемі, экономика дамуы, қоғамдық еңбек бөлінісінің деңгейімен байланысты. Бұл факторлар комплексінің жиынтығы әрбір экономиканың даму кезеңіндегі соған сәйкес инфрақұрылым деңгейін анықтайды.
Инновациялық үдерістің негізінде инновациялық қызмет тұрады. Инновация секілді ол да анықтамасы өте көп және сан-алуан болып келетін инновациялық қызметке біз өз анықтамамызды берсек: «Инновациялық қызмет – өзінің мәні мен мазмұны өмірдегі барлық саладағы жаңа, прогресстік идеяларды үздіксіз ендіру арқылы қоғамның өскелең сұранысын ұдайы қанағаттандырып отыру болып табылатын қызмет».
Инновациялық қызмет өзінің көптүрлілігіне қарамастан белгілі бір қисынға бағына дамиды. Сондықтан да оларды бір жүйеге келтіруге және оларды басқарудың тетіктерін жетілдіре түсуге болады. Басқару дегеніміздің өзі түптеп келгенде реттеу іске қосу. Өйткені, экономикалық үдеріске қатысушы тараптар тек тікелей бұйрықпен немесе бағдарламамен жүретін робот болмағандықтан, басқару тетіктері олардың жұмысын алға апаруға көмектесетін реттеу тетіктері болып табылады. Ол тетіктер жалпыға ортақ заңдар, заңнамалық актілер тәрізді кей жерде мәжбүрлеу, салық жеңілдіктері, несие секілді кей жерде ынталандыру тетіктері түрінде көрініс береді. Басқару тетіктері сөз болғанда көше қозғалысын реттеп отыратын бағдаршамды мысалға келтірген дұрыс болар. Бағдаршам істеп тұрғанда оның рөлінің қаншалықты маңызды екенін жұрт бағамдай бермейді, ол солай болуға тиісті болып көрінеді. Ал, бағдаршам істен шықты дегенше қолайсыздық басталады.
Бір сөзбен айтқанда, «инновация» ұғымында әлі күнге дейін ортақ пікірге келушілік жоқ, әр анықтамада инновацияның әр қырына баса назар аударушылық бар. Сондай-ақ әр ғылым бұл құбылысты өз тұрғысынан зерттейтіні және бар. Оның үстіне уақыт озған сайын инновацияға берілетін анықтаманың өзгеріске түсуі, эволюцияға ұшырауы да заңдылық. Бүгінгі таңда негізінен ғылыми-техникалық прогресске байланысты экокономикаға тиісті көбірек айтылып жүргені болмаса, инновация әлеуметтік салада да, руханият саласында да, саясатта да, өнер мен мәдениетте де орын ала алады. Сондықтан біз бұл құбылысқа барынша қысқа әрі ұғымдық жағынан мейлінше кең анықтама берсек инновация дегеніміз мына ұғымға сай келеді. Инновация - барлық тараптар үшін жаңалық болып табылатын идеяның қоғамдағы өскелең сұранысты қанағаттандыратын әрі оны ендірушілерге үлкен мөлшерде табыс әкелетін рухани немесе заттық дүниеге, жүйеге, қызметке айналуы.
Инновациялардың ішінде ғылыми сыйымдылығы мол, яғни жаңа білімді қажет ететін инновациялар ерекше орын алады. Олар мүлдем жаңа білімді қажет ететіндіктен бір жағынан адамзаттың көзқарасын өзгертіп жіберуге дейін мүмкіндігі бар, екінші жағынан өндіріске енгізуі әдетте ұзақ уақытты қажет ететіндіктен оларда сәтсіздікке ұшыраушылықтың ықтималдылығы жоғары..
Экономика ғылымы инновацияны жекелеген мемлекеттердің ғана емес, тұтас жаһандық экономиканың дамуын айқындайтын аса маңызды элементердің бірі ретінде қабылдайды. Бұл жағдай ең алдымен «инновация» деген ұғымның өзін нақтылай түсуді талап етеді.
Жаңа идея немесе новация жалаң ойдан материалдық нақты дүниеге айналған сәттен бастап ол жаңалық енгізу деген ұғымды білдіретін инновацияға айналады. 1911 жылы австриялық экономист-ғалым Й.Шумпетер «инновация» ұғымын ең алғаш айналымға енгізе отырып, оны жаңа тұтынушылық тауарларды, жаңа өндіріс және көлік құралын, жаңа нарық пен өнеркәсіпті ұйымдастыру формаларын енгізу мен пайдалану мақсатында туындайтын өзгеріс деген тұжырымға тоқтады.
Ол жаңа комбинацияларды іске асырып отыратын адам ғана кәсіпкер деп аталатынын, кәсіпкер ең алдымен экономикалық прогрессті қамтамасыз етуші жаңалықшыл адам екендігін, инновацияның дамуына оны ынталандырып, қолдап, реттеп отыратын мемлекет тәрізді сыртқы факторлардың да әсері молдығын, ескі комбинациялар негізінде пайда болатын жаңа комбинациялар сол ескі комбинациялармен бәсекелестікке түсетінін, ал жаңа комбинацияларды белгілі бір мерзім аралығында бірқалыпты түрде іске асырып отыру мүмкін еместіктен нарық циклдік, секірмелі түрде дамитынын дәлелдеді.
Бақылау сұрақтар:

  1. Инфрақұрылым дегеніміз не

  2. Халық шаруашылығында инфрақұрылым маңызы қандай түрдегі сипатқа ие

  3. Инфрақұрылымның қандай элементтері анықталады






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет