ЕЭЗ-ның негізгі мақсаттары:
Осы аймақты дамыту.
Әлемдік тәжірибе алу.
Сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту.
Экономикалық, ғылыми-техникалық жаңалықтар енгізу.
Мақсаттың нақты түріне байланысты ЕЭЗ-ның әртүрлі түрлері болуы мүмкін:
еркін кедендік зона;
еркін сауда зонасы;
өндіріс экспорты зонасы;
ғылыми-техникалық зона (технопарк, технополис т.б.)
ашық аудандар мен қалалар.
Ғаламдық проблемалар дегеніміз - жер шарындағы көкейкесті мәселелер ауқымын қамту болып табылады. Оған жататындар: дүниежүзілік өзара соғысты болдырмау, қоршаған ортаны қорғау, дамушы елдердің экономикалық артта қалуын жою, энергетикалық, ішкі заттық, азық-түлік және демографиялық проблемалар; дүниежүзілік мұхит байлығы мен бейбіт жағдайда космосты игеру, ауруларды жою және т.б.
Ғаламдық проблемалардың ерекшелігі сол - оның барлығы адам тағдырына қатысты және оны шешуді тоқтату өркениеттілікті күйретумен бірдей немесе жердегі өндіріс қызметі мен өмір жағдайын төмендету болып табылмақ.
Өркениеттіліктің болу негізі әртүрлі процестердің әсеріне ұшырап отырады :
милитаризация мен қару-жарақтану;
қоршаған ортаның төзімсіз ластануы;
қауіпті аурулардың тарауы мен өсуі: СПИД, рак, нашақорлық т.б.
дамушы елдердегі демографиялық процестердің асқыну салдарынан тақыр кедейлену, жұмыссыздық, сауатсыздықтың пайда болуы;
ұлттық мәдениеттің жойылуы;
дүниежүзілік мұхитты бақылаусыз қанау.
Ғаламдық проблемаларды тек қана барлық мемлекет пен халықтардың саяси-экономикалық, ғылыми-техникалық күштерінің бірігуі нәтижесінде шешуге болады. Барлық халықтар адамзатты ядролық соғыс зардабынан құтқару, экологиялық катастрофаны болдырмау, дамушы елдер халықтары кедейленуін барынша бетін қайтаруға мүдделі. Осы қызметтердің нәтижесінде ғана халықтардың өмір сүріп кетуіне жағдай жасап, өркениеттің дамуына сатылап көшуге болады.
Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялау бағыттары.
Еліміздің дүниежүзілік интеграциялық процестерге қатысып, көпжақты ынтымақтастықты қалыптастыруға мүдделілігі орнығып келеді.
Ең алдымен Қазақстанның 1992 жылы 2 - наурызында БҰҰ-ға (Біріккен Ұлттар Ұйымы) 164-ші ұлттық мүшесі болып қабылданғанын айтуға болады. Біздің республика - БҰҰ-ның саяси мәселелері жөнінде (әсіресе,ядролық кауіпсіздік мәселелері) белсенді мүшелерінің бірі өнеркәсібі дамыған елдер мен (АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея т.б.) халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту жүзеге асуда. Осындай игі істер АСЕАН елдерімен, әсіресе – Индонезия, Малайзия, Сингапурмен жасалуда. Ынтымақтастық Таяу және Орта Шығыс елдерімен дамуда. Оларға: Түркия, Иран, Сауд Аравиясы жатады. Ресей, Өзбек, Қырғыз елдерімен экономикалық қатынастар басым бағыттар ұстауда Еуропа экономикалық одақ елдерімен Қазақстанның экономикалық қатынаста болуы үлкен стратегиялық мүдделілікті байқатады.
Дәстүрлі экономикалық қатынастарды Қазақстан барлық ТМД елдерімен және Шығыс Еуропамен жалғастыруда.
Қытаймен өзара ұзақ мерзімді қатынас жаңа деңгейге көтеріледі. Қазақстан қазіргі кезде дүниежүзіндегі 60-тан астам елдермен сауда қатынастарын жүргізеді.
2000 жылдың 10 - қарашасында Кеден одағына кіретін Беларусь, Қазақстан, Қырғыстан, Ресей және Тәжікстанның мемлекетаралық кеңесінің мәжілісінде жаңа халықаралық мекеме Еуроазиялық экономикалық қауымдастық (ЕуЭҚ) құрылды.
Осы қауымдастықты құру мұнда кірген елдерге көп жағымды нәтижелер әкеледі, себебі қол қойылған құжатта ғылым мен білім саласында, саясат заңдылықтар үйлесімі туралы арнайы тарау бар. Сондықтан осы одақтың барлық азамтаттары біртұтас әлеуметтік стандарт пен оны пайдалану мүмкіндігіне ие болады.
Қазіргі уақытта сыртқы шекараны нығайту мен қауымдастық ішінде рұқсат қағазынсыз режим бойынша біртұтас келісім жасалуда.
Жоғарғы орган мемлекетаралық кеңес болып табылады, оның қызметтеріне интеграцияның даму болашағы, бағыттары мен стратегия мәселелері кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |