Ақша түрлеріне байланысты айналыс жүйесі екі типке бөлінеді:
металл ақшаның айналыс жүйесі – айналыста алтын және күміс монеталар жүреді, несие ақшалар металл- ақшаға еркін айырбасталады.
несие және қағаз ақшаның айналыс жүйесі.
Бұл жүйеде айналыстан алтын шығарылады. Қазіргі кезеңде ақша өз айналысында қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға және терісінше өтеді. Ақша массасы дегеніміз халық шаруашылығындағы тауарлар мен қызметтің айналымын қамтамасыз ететін сатып алу мен төлемдердің жиынтығы. Ақша массасының көлемі көптеген факторларға тәуелді, алдымен ақша нарығының көлемі мен конъюнктурасын белгілейтін, ақшаның ұсынысы мен сұранысынан. Ақшаның ұсынысы – бұл осы мезгілде экономикада айналыста жүрген төлем құралдарының жиынтығы. Ақшаға сұраныс – оның айналыс құралы және жинау құралы қызметінен туындайды. Ақша массасының динамикасына көп факторлар әсер етеді. Ақшаның сандық теориясының өкілі американдық экономисі Фишер келесі формуланы ұсынады:
M · V = P · Q
мұнда: M – айналыстағы ақшаның саны;
V – ақшаның айналыс жылдамжығы;
Р – бағаның орташа деңгейі;
Q – барлық тауарлар мен қызметтердің саны.
Ақшаның ұсынысы елдің Орталық банкі бақылап отырады, яғни тіркелген дәрежеде қолдап отыруға тырысады. Сондықтан ақша ұсынысының қисығы тік сызық түрінде болады.
Ақша жалпы сұраныс процент мөлшерлемесінің берілген шамасында, адамдар мен фирмалар мәмілеге келу үшін және бағалы қағаздар сатып алу үшін, өздерінің қарамағында болғанын ұнататын ақшаның жалпы көлемі.
Ақшаның шаруашылық жүргізу процесіндегі айналысы ақша нарығын құрайды. Ақша нарығында проценттің мөлшерлемесінің нормасы, бір жақтан, ақшаға сұраныспен оның ұсынысымен белгіленеді, екінші жақтан, бұл ақшаның сұранысымен оның ұсынысының өзара әсерін қамтамасыз ететін қаржылық институттарының тарабы. Ақша нарығындағы тепе-теңдік келесі графикте көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |