Экономикалық теорияның пәні және әдіс-тәсілдері «Экономика»



бет1/3
Дата03.10.2022
өлшемі0,53 Mb.
#151442
  1   2   3
Байланысты:
Экономикалық теория 1 лекция жалғасы 06.09.2022 г
1145781

Экономикалық теорияның пәні және әдіс-тәсілдері

1. «Экономика » ұғымы. Экономика ғылымының сипаттамасы және даму кезеңдері. 2. Экономикалық теория пәні. Экономикалық теорияның қызметтері, зерттеу әдістері. 3. Позитивті және нормативті экономика.


Экономика деген не?
Экономика – бұл үй шаруашылығын басқару өнері дегенді білдіретін көне грек сөзі, өте қарапайым түрде айтатын болсақ, экономика дегеніміз - өзіміздің тұрмысымыз, яғни экономика - материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.

«ойкос» «номос»


Экономика
«үй,шаруашылық» «заң»
Экономика алғаш пайда болған аймақтар
Греция
Рим
Қытай
Индия
Экономикалық теорияның даму кезеңдері
Меркантилизм
Марксизм
Физиократизм
Классикалық саяси экономика
Маржинализм
Жаңа классикалық теория
Кейнсиандық
Институционализм
Меркантилизм – ең алғаш экономикалық ілім XVI - XVII ғасырларда меркантилизм мектебі болды (итальян сөзі «мерканте» - саудагерлер, көпес, сауда, пайда). Бұл ілімнің негізінде қоғам байлығының қайнар көзі материялдық өндіріс емес, тауар ақша қатынастарында болды. Бұл ілімнің көрнекті өкілдері Т.Мен, А.Монкретьен, І Петр, И.И.Посошков.
Физиократизм – (XVIII) қоғамның байлығы саудада емес өндірісте деген қағида ең бірінші «физократтар» мектебінің өкілі Франсуа Кэненің еңбегінде пайда болды, бірақ ол ұлттық байлықтың қайнар көзі ауыл шаруашылығының еңбегінде деп есептеді. «Физио» - табиғат, «кратос» - үстемдік. Алайда өндірісті тек ауыл шаруашылығымен шектеп халық шаруашылығын басқа салаларын өнімсіз деп есептеу дұрыс болмады. Бұл кезеңнің көрнекті өкілдері Ф.Кенэ, А.Тюрго, Дюпон де Немур.
Классикалық саяси экономия - ХҮІІІ ғасыр (өкілдері - У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо, П.Буагильбер) - өндірістің барлық саласын зерттеп, барлық тауарлардың құндылық өлшемі негізі еңбекте деп дәлелдеген. Экономиканың нарықпен реттелуін және қоғамның барлық топтар табыстарының қайнар көзін анықтаған.
ХІХ ғасырдың ІІ жартысы басында саяси экономия екі бағытқа бөлінді:
Марксизм
Маржинализм
Марксизм - осы бағыттың танымалы өкілдеріне жатады К. Маркс, Ф. Энгельс, В.И.Ленин, Г.В.Плеханов. Олардың зерттеудің негізгі нысаны - капитализмнің экономикалық заңдылықтары.
Маржинализм - осы теорияны зерттеген ғалымдар К.Менгер, У.Джевонс, Л.Вальрас. Маржинализмнің басты категориялары - шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар. Шаруашылықты тиімді ұйымдастыру үшін шектеулі ресурстарды ең пайдалы бөлудің әдістерін іздестіру жүргізілді.
Неоклассикалық теория (Жаңа классикалық теория)- ХІХ ғасырдың 90 жылдарында пайда болды , оның көрнекті өкілдері - Д.Кларк, А.Маршалл, А.Пигу. Неоклассиктердің ойы келесіде: егер нарықтық экономиканың субъектілеріне мүмкіндігінше экономикалық еркіндік бірлесе, оңда өте жақсы қызмет атқарған болар еді деп есептеді.
Кейнсиандық мектеп - ХХ ғасыр (Дж.Кейнс). Бұл ағымның «капитализмді реттеу» теориясы бойынша: экономиканы нарықтық реттеумен қатар мемлекеттің араласуының қажеттілігін айқындады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет