Экскурсия негізінен 3 бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды.
Кіріспе
Кіріспе
Кіріспе әдетте 2 бөлімнен тұрады. Оның мақсаты- экскурсовод пен топ арасында байланыс орнату, экскурсанттардың назарын тақырыпқа аудару. Кіріспе көрікті, эмоционалды, қызықты, 5-7 минут аралықты қамтуы керек.
Негізгі бөлім - Ұйымдастырушылық ( экскурсиялық топпен танысу және де экскурсанттарды жолдағы қауіпсіздік, өзін ұстау ережелерімен және маршрут кезінде таныстыру). Осы бөлімде экскурсовод хабардар етеді: Өзінің аты-жөнін, қайда жұмыс істейтінін; Транспортты жүргізушінің аты-жөні; Экскурсия тақырыбы, оның атауы; Маршрут, уақыт және экскурсияның аяқталу орнын; Экскурсиядағы тәртіп ережелерін; Қауіпсіздік ережелерін. - Ақпараттық ( тақырып жөнінде қысқаша мәлімет, маршруттың ұзақтығы, бару және қайту уақыты, санитарлық аялдамалар және де экскурсияның аяқталу орны). Негізгі білім нақты экскурсиялық объектілер негізінде көрсету мен баяндаудың бірлігінен құрылады. Оның мазмұны бірнеше тақырыпшалардан тұрады, олар объектілерде және тақырыппен байланысты болуы қажет. Ондай тақырыпшалардың саны 5-12- дейін болады. Сонымен қоса, экскурсия құрудағы маңызды мәселе болып, объектілерді таңдау, яғни тақырыптың мазмұнын ашатындарды ғана таңдап алу және де олар тақырыпшаларға байланысты болуы керек.